Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет72/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
multi-293 x970856161

3. Мансаптың түрлері - оның төрт негізгі «трамплин», «баспалдак», «жылан», «шытырман» сияқты үлгілерінің бір-бірімен үйлесуі арқылы негізделеді.
«Трамплин» мансабы жетекшілер мен мамандар арасында кеңінен тараған қызметкердің өмір жолы кызметтік саты бойынша ұзақ мерзімді жоғарылаудан, бірте-бірте оның әлеуеті, білімі, тәжірибесі, біліктілігінің өсуінен тұрады. Белгілі бір кезеңде жұмыскер жоғары қызметті иеленіп, сонда ұзақ уақыт отыруға тырысады. Сонан соң «трамплиннен секіру» зейнеткерлікке кету арқылы жүзеге асады.
«Баспалдак» мансабының үлгісі әр бір саты жұмысты белгілі бір уақыт бойынша, мысалы бес жыл атқаратын қызметтен тұрады. Әрбір жаңа лауазымға қызметкер өз біліктілігін жоғарылатқаннан кейін ғана орналасуына болады.
Еңбек тәжірибесі және жоғары біліктілікті иемденгенде, ой-өрісі кеңеюде, кәсіптік білім мен икемділікті игеруде мол тәжірибеге ие болған сәтте ғана жетекші немесе маман қызметтік мансаптың жоғары сатысына жетеді. Жоғары лауазымды атқарғаннан кейін қызметтік сатыдан қарқыны аздау жұмыстарды орындауға, экстрималды жағдайларда күрделі шешімдерді қабылдауы.
«Жылан» мансабының үлгісі жұмыскерді бір қызметтен екіншісіне әрқайсысының уақыты 1-2 жыл болатындай көлденен бағытта жылжуды қарастырады. Бұл желілі жетекшіге нақты басқару функцияларын барынша менгеріп, зерттеуге мүмкіндік береді, ал бұл оған жоғарғы қызметте қажет болады. Бұл үлгі басқару аппаратындағы кадрларды үнемі ауыстырып тұруды, бекітудің нақты жүйесінің бар болуы мен ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал бөлшектеп зерттеуді қарастырады. Бұл үлгі жапонияның ірі фирмаларында кеңінен таралған.
«Шытырман» мансабының үлгісі жетекшінің немесе маманның белгіленген немесе өзгермелі уақыты аяқталғаннан соң кешенді аттестациялаудан өтетіндігін қарастырады. Оның нәтижесі бойьшша қызметін жоғарылату, ауыстыру немесе төмендету жөнінде шешім қабылданады.
Белгілі бір әлеуметтік ортада ұйым деген түсінік қалыптасады. Ұйым дегеніміз – белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін құрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, сипатталатын ұжым түрі. Яғни ұйым болып құрылу үшін адамның санасында мәдениет деген түсінік қалыптасу керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет