Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет71/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
multi-293 x970856161

Кәсіпкерлік креативтіктік. Адамдарды қандай да бір жаңалықты жасау немесе ұйымдастыру, шығармашылықпен айналысу көбінесе алға итермелеп отырады. Сондықтан олар үшін мансаптың негізгі уәжі - осы мақсатқа жету үшін билік пен еркіндікті беретін қажетті, сәйкес қызметті иемдену.
Біріншілікке деген қажеттілік. Адам мансапқа әрқаашан және барлық жерде бірінші болу, өз әріптестерінен «озып өту» үшін ұмтылады.
Өмір сүру мәні. Адам алдына өз басының және отбасының қажеттілігін қатар шешу мәселесін қояды, мәселен, өз уақытын өзі пайдалануды, еркін қозғалуды және т.б. қамтамасыз ететіндей қызықты, жеткілікті түрде жоғары айлық төлейтін жұмысты алуға тырысады. Егер адамның отбасы болмаса, онда бірінші орынға жұмыстың мәнділігі, оның қызықтылығы және әр түрлі өзгешілігі қойылуы мүмкін.
Материалды жағдайы. Адамдарды жоғары еңбекақы төлейтін немесе басқа да марапаттау түрлері бар қызметке орналастыруға тырысады.
Мансапты жоспарлау мен орындаудың басты мәселесі кәсіби және ұйым ішіндегі мансаптармен қамтамасыз ету болып табылады.
Іскерлік мансапты жоспарлау мен бақылау жұмыскерді ұйымға қабылдағаннан бастап оның жұмыста көлденең және тікелей түрде қызметтер мен жұмыскерлер жүйесі бойынша жылжытуды білдіреді. Жұмыскер тек қана қысқа және ұзақ; мерзімдерде өзінің келешегін біліп қана қоймай, ол қызмет бойынша жоғарылауға мүмкіншілік беретін қандай көрсеткіштерге жету керек екенін білуге тиісті.
Мансаптың мақсаты деп іс-әрекеттің саласын, белгілі бір жұмыс пен лауазымды, қызметтік сатыдағы жұмыс орнын айтуға болмайды. Ол буған қарағанда барынша терең мазмұнды түсінік. Адам осы нақты жұмысты алуға және лауазымды иерархиялық сатысында белгілі бір қызмет орнын иемденуге итермелейтін себептердің арқасында мансап мақсаты туындайды.
Жұмыс барысында мансапты басқара отырып, төмендегіні орындау қажетті:

  • өз білімін кеңейтіп, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді уй-рену;

  • жалақысы жоғары қызметті алуға өзін даярлау,

  • мансап үшін маңызды адамдарды тану және бағалау;

  • өмірде бәрі өзгеретінін есте сақтау керек, себебі, сіздің біліміңіз, тәжірибеңіз, нарык, ұйым, қоршаган ортаның барлығы өзгергісте болады;

  • мансап саласында сіздің шешіміңіз әрқашанда сіздің және ұйымның көзқарастары арасында ымырашылдьқ болатындығын ескеру керек.

Көп жағдайда карьерограмма деп аталатын әдіс мансапты жоспарлаудың негізі болады. 5-10 жылға құрылатын бұл құжат бір жағынан, жұмыскердің көлдененді және тікелей ауысуы бойынша әкімдіктің міндеті болса, ал екінші жағынан - оның білім деңгейін, біліктілігін, кәсіби шеберлігін жоғарылату міндеті.
Мансапты жоспарлау оны дамытудың мақсаты мен оған жетуге алып баратын жолдарын анықтаудан тұрады. Оның жолдары жұмыс істеуге қажетті қызметтер тізбегінен тұрады, сонымен қатар мақсатты қызметке орналаспастан бұрын талап етілетін біліктіліктік болуы үшін біліктіліктік курстарды бітіріп, машықтанушы болып жұмыс істеу қажет.
Мансапты дамыту деп қызметкер өз жоспарын орындаудағы жасаған іс-әрекеттерді айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет