Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


Қазақстан мұғалімі газетінен. 5 мауысы



Pdf көрінісі
бет53/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78
Қазақстан мұғалімі газетінен. 5 мауысы
Меңдіаяхова Қ.М.
ҚАЗАК ХАЛҚЫНЫҢ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚНЕГІДЕРІНІҢ БАСТАУЛАРЫ
Қазақ халкының музыкалык шығармашылығы өзінің сан ғасырлар
бойындағы дамуында музыка тілінің бейнелеу құрамы жағынан негізінен, екі
бағытта вокалдық және аспаптық музыка түрінде калыптасты. Бірінші -
терме сарынды және кең тынысты созып айтатын шалқымалы әннің түрлері
де, екіншісі - домбыра, қобыз және баска үрлеп ойнайтын аспаптарда
орындалатын, көбінесе, белгілі бір оқиғаға байланысты болып келетін
күйлер.
Кеңес өкіметіне дейінгі дәуірдегі қазақ қоғамындағы рухани өмірінің
маңызды белгілі ауыз екі музыка мәдениетінің, объективтік жағдайларда
қалыптасуы, сондай-ақ көшпелі өмір және ауыл тұрмысының көптеген
тұрақты дәстүрлері халық музыка өнері кайраткерлерінің бірнеше түрін
калыптастырды. Олар - ақындар, жыршы-жыраулар, әншілер мен
өлеңшілер, күйшілер мен ертекшілер, сықакшылар және басқалар.
Әдетте, олар көбінесе өзінің негізгі өнеріне қоса басқа да бірнеше
өнердін иесі еді. Арнаулы «композитор» деген термин ол кезде болған жок.
73


Себебі оның творчестволык халыққа тарауы өзінің әншілік, күй-шілік-
орындаушылық шеберлігіне байланысты болатын. Қазақ халқының
музыкалық өнері жайлы мәлімет беретін ертеректегі еңбектің бірі 1795
жылы басылып шыққан капитан И.Г.Андреевтің «Орта жүз қырғыз
кайсақтары туралы, Россиямен шекаралас жатқан Колыван жене Тобыл
губерниясының бөлімдері мен қосымша бекіністерін суреттеу» атты кітабы
/ Новые ежемесячные соч-е п.б.. 1775, август / 2-половина/, 4.114/.
Бұл еңбек алты тараудан тұрады, жиырма сегізінші бөлімінде қазак
халқының шығу тегі, түрмысы, діни сенімдері, салт-санасы мен мінез-
құлқы, кәсібі, сауда-саттығына байланысты мәселелер камтылған.
Кеңес өкіметіне дейінгі қазақ музыкасының зерттеушілері өз
еңбектерінде музыкалық фольклордың өміршеңдігін баяндағанымен, халық
өнерінің профессионал кайраткерлері туралы аз да, сирек жазды. Ал,
төменде аттары аталған бірнеше әншілер мен күйшілер, халық
музыкасының көптеген классикалык шығармаларының авторлары XIX
ғасырда өмір сүргендері аян. Олар; Құрманғазы Сағырбаев /1806-1879/,
Дәулеткерей Шығаев /1820-1887/, Біржан сал Қожағұлов /1832-1894/,
Мұхит Мералиев /1847-1918/, Абай Құнанбаев /1845-3904/, Жаяу Мұса
Байжанов /1835-1929/, Тәттімбет Қазанғапов /1815-1862/. Ықылас Дүкенов /
1843-1916/ және басқалар.
Олардың шығармалары халыктың рухани мүддесіне сан келген сүйікті
шығармалары болды, бірак оларлың жиналуы және жазылынып алынуы тек
кеңес өкіметі кезінде ғана жүзеге асырылды.
Қазан төнңкерісіне дейін қазақ даласында кәсіби музыкалық білім
беру жуйесі жоқ болатын, соған қарамастан республиканың
түкпірлерінде /Петропавл, Орынбасар/ музыкалық үйірмелер /хор, оркестр/
жұмыс істеді. Оған қатысушылар нота сауатын білмеседе хор бірнеше
дауысқа бөлініп айтылды. Қазан тоңкерісіне дейін қазақ халқыны бай
музыкалық мұрасы шетел және орыс саяхатшыларының да назарына
іліккен.
Қазан төңкерісінен соңғы кезеңде де республикамызда музыкалық
үйірмелер жұмысын жалғастыра берді. Жиырмасыншы жылдары Орта Азия
және Қазақстанның, музыкалық фольклорын жинауға ерекше ықылас
көрсетіле бастады. Белгілі музыка зерттеушісі әрі жинаушысы А.В.Затаевич
казақ даласын аралап, жүріп, екі мыңға жуык ән-күйлер жазып алған.
А.В.Затаевич «Қазақ халқының мың әні». 1931 жылы «Қазақтың бес жүз әні
мен куйлері» бұл күнде де тарихи маңызы зор еңбектер болып отыр.
М.Горький, А.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалай келіп, қазақтың ән-
күйлері болашак композиторлар үшін творчествоның кайнар көзі екенін
айткан еді. Басылым ерекшелігі - мұнда көптеген белгілі халык әндерінің
сөздері табылып, жазылған еді.
А.Затаевич бастаған үлкен істі отызыншы жылдары Д.Мацуцин.
Б.Ерзакович, Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Л.Хамиди. бертін келе
74


М.Төлебаевтың жалғастырып, ән-күйлерімізді нотаға түсіріп, ел игілігіне
айналдырғанын сүйсіне еске аламыз.
Қазақ Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі,
өнертану ғылымының докторы, республикаға еңбек сіңірген өнер
қайраткері, композитор, музыка зерттеушісі, профессор Б.Г.Ерзакович
өзінің бар күш жігерін табиғи қабілетін қазақ музыкасы өнеріне жұмсауды
максат тұтты.
Б.Г.Ерзакович аз уақыт ішінде бес жүзге жуық ән-күй жазып алып,
оның екі жүзден аса әуенін әншілердің фортепианоның сүйемелімен
айтуына лайыктап еңдеді. Ол мұнымен ғана қанағаттанып қоймай, халык
әншіерін бұдан да мол жинап алу мақсатымен респүблика облыстарына
жиі-жиі сапарға шығып тұрды.
Сөйтіп, ол Семей, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақмола жене
Қарағанды облыстарын түгелге жуық аралап шығып, орасан бай
қазынаны 2500-ден астам ән мен күйді нотаға түсірді, біразын радио
таспаларға жазып алды. Б.Г.Ерзаковичтің өзі жинақтаған казақтың ән мен
күй туындыларына, оның орындаушыларына алғаш рет толық сипаттама
бергендігін ерекше атай өткен жөн. Экспедиция кезінде халыкпен қоян-
қолтык араласа жүрген Б.Г.Ерзакович қазақ музыкасының Кенен
Әзірбаев, Естай Беркімбаев, Шәкір Әбенов, Қали Байжанов, Жүсіпбек
Елебеков секілді аса дарынды өкілдерімен де тығыз қарым-қатынаста
болды. Атақты Естай ауылында болған сәтінде былай әңгімелеген:
«Табиғатында өте байсалды, өз әндерімен өзге авторлардың әндерін
салмақты саздылыкпен шыркайтын Естай әйгілі "Қорланды" орындағанда
бөлекше толкып кетеді екен. Тіпті радиоға жазу кезінде де әннің шарықтай
шырқалатын түстарында көзіне жас үйірілді. Тегі, жас шағында қалын мал
төлей алмай сүйіктісімен айырылған жан трагедиясы оны өмір бойы
толкытып етсе керек».
Б.Г.Ерзакович отызыншы жылдардың өзіндеақ өзі жинақтаған
көптеген халық әндерін музыкалық аспаптар сүйемелінде орындауға
лайықтап өңдеді. Мұндай андер сол кезде радиодан көп орындалып жүрді.
Ал елуінші жылдардан бастап оларды жүйелі түрде зертгеуге кірісті.
Зерттеуші ғалымның терең білімінің аркасында дүниеге келген «Қазақ
халқының ән мәдениеті» монографиясы, «Қазак совет халық әндері» атты
музыкалық - этнографиялық жинағы жарық көрді.
Б.Г.Ерзаковичтің Ахмет Жұбанов және Мәриям Ахметовамен бірлесіп
жазған «Советтік казак музыкасы» деген енбегі Қазақ ССР Ғылым
академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды.
Бегалиева Г.К. 
Алматы
75




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет