Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


Культура и искусство в современной



Pdf көрінісі
бет61/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78
Культура и искусство в современной
образовательной системе. -
Астана, 2001. С 14-18
Қарамолдаева Д.О. 
Алматы
РОК МУЗЫКА СТИЛІ ТАРИХЫНАН
Музыкадағы «стиль» ұғымына терең бойласақ, ол белгілі бір
мазмұнды білдіру үшін қолданылатын музыканы мәнерлеу кұралдар
жүйесі больш табылады. Әдебиеттердегі бұл жайындағы
тұсініктемелерде «музыкалық шығармалардың стилъ ерекшеліктерінің
бірлігі, белгілі бір кезеңнің - тарихи шарттарына, композитордың
көзқарасы мен олардың шығармашылық әдісіне, музыкалык - тарихи
кезеңнің жалпы зандыдықтарына сүйенеді» делінген. Мәселені осы
тұрғыдан талдау аталған сұрактың үш бағытта қарастырылатынын
меңзейді (тарихи, ұлттық, жеке).
Біздің тоқталғалы отырғанымыз - рок стилінін калыптасу тарихы.
Рок-музыка өткен ғаеырдың 50-жылдарында Америкада пайда бола
бастады. Оған тән белгілер - оның электрлі - музыка аспаптарында
орындалуы және осыған орай олардың, тек өздеріне ғана тән дыбыс
ерекшеліктерінің болуы. Қандай да болмасын дәстүрлі аспаптарда рок
стилінде орындадатын музыкаларға қажетті дыбыс бояуы мен күшейту
құралдарын таба және сол қалаған мәнерде жеткізе алмайсың. Яғни, рок
стиліндегі орындалатын музыкалық шығармалар тек элекрлі аспаптарда
ғана ойналуы тиіс деген сөз. Рок музыка стилінің тарихына тоқтала
отырып, оның осы ерекшелігіне назар аудара кетуді жөн көрдік.
Аталған стилъдің қалыптасып, әрі карай өте тез шапшаңдықпен
дамуына, сол кездегі музыкалык туындылардың орындалу ерекшелігінің
үш түрлі бағыты себепкер болды. Атап айтар болсақ: коммерциялық
максатта туындаған жеңіл музыка; кантри-энд вестерн және ритм-энд-
блюз. Бұл бағыттардың ішіндегі ең «құдіреттісі» коммерциялық
мақсатта туындаған жеңіл музыка еді. Өйткені, оның, тындаушылары көп
және бұл бағытты ұстанғандар да жетерлік болды. Аталған бағытты
ұстанғандар негізінен «крунинг» деп айдар тағылған стильде ән
салушылар болды. Оның мәні-майда қоңыр дауыспен, әнді жүрек
елжірете, үзілдіріл микрофонмен айту.
Кантри-энд вестерн болса, ол негізінен белгілі шығармалар
тыңдаушылардың талғамын қанағаттандыратын бағыт болып табылады.
Оны бұл бағытты ұстанушылар орындайтын шығармалардың тақырыптық
мазмұнынан байқауға болады (жол, саяхат, матрос, ковбойлар т.б.).
91


Үшінші бағытымыз - ритм-энд-блюз. Бұл бағыттың негізінде
негрлердің блюзі мен анық та айқын би ырғағы жатыр – «Қарапайым
негрдің қуанышы мен кайғысынын көрінісін бейиелейтін блюз алғашқы
кездерде ак нәсілді бозбалалардың көңіл көтеруіне арналған негізгі құралға
айналды, оның шын мәніндегі мазмұнын ешкім қажет қылған жоқ.
Мәтіннің эмоциялык 
әсерін мәнерлеп күшейте түсу үшін
пайдаланылатын аспаптық сүйемелдеу тәсілдері, оның мазмұнынан тыс,
сырттай осерлік пен үстемелік үшін ғана колданылатын» - деп жазады
музыка зерітеушісі Ю.Форкельман.
Осы ритм-энд-блюз негізіндегі алғащқы рок стилінде орындалған
музыкалық шығармалардың ішінде, жастар арасына кең тарағаны рок-н-
ролл болды. Бүл кездегі тындаушыларға рок-н-ролл королі атанған
Элвис Преслидің есімі жаксы таныс.
60-жылдардағы аталған стильде орындаушылардын көрңекті өкіліне
әиші-композитор Боб Диланды да жатқызуға болады. Өзінің әнді
фольклорлық орындау мәнерін рок стилімен шебер ұштастыра білуі
арқасында жаңадан қалыптасқан «фольк-рок» бағытының тууына
себепкер болды.
Оның көрнекті өкілдеріне Белорустің «Песняры», Украинаның
«Кобза», Ресейдің «Ариэль» ансамбльдерін жатқызуға болады. Бұл
бағытты ұстанушылар Қазақстан Республикасында да көптей шыға
бастады. 1968 жылы Қазақтан мемлекеттік қыздар педагогика
институтында «Айгүл» вокалды - аспаптык ансамблі құрылды. Одан басқа
«Шертер», «Жетіген» т.б. ансамбльдерді айтуға болады.
«Айгүл» ансамблі ұлттық музыка өнеріміздің сан қырлы иірімдерін
пайдалана отырып, халых қазынасына айналған «Қамажай», «Ал-қызыл
тас», «Дайдидау», «Гүлдерайым», Құрманғазының «Ақбай», «Аман бол
шешем, аман бол» күйлері мен әндері секілді тамаша туыңдыларды
сахнаңа шығарды. Америкадан бастау алған рок-музыканың әсері басқа
шетелдердегі аталған музыкалык, стильдің қалпы ұштасуына өте зор
ықпал етті. Егерде өткен ғасырдың 50 - жылдарының ортасында ритм-энд-
блюз стилі Англияда мүлдем белгісіз болса, 60 - жылдарының басында
жастар арасында кеңінен таралып, жер-жерлерде көптеген ансамблъдер
құрылып, етек жая бастады. Олардың орындаған музыкалары «биг-бит»
немесе қарапайым бір сөзбен ғана «бит» деп аталды. Оның негізі
ырғактан құралды. Бит (ағылшынша Беаі) тікелей «соғу», «ырғақ», «қағу»
деген ұғымды білдіреді. Ойнау ерекшелігіне келер болсақ, егер рок-н-
роллда барлық топ мүшелері әуен ырғағын бірдей орындаса, «бит»
топтарында ырғақ өрнегі негізінен бас гитара мен ритм гитараға және
соқпалы аспаптарға бөлініп беріледі. Былайша айтсақ, бір тактіде
орындалуға тиісті ырғақ өрнегінің бірінші үлесін бас гитара мен соқпалы
аспаптардың үлкен барабаны, әрі қарай ритм гитара жалғастырады,
92


жалпы ырғақты байытатын тұтасымен соқпалы аспатттар сүйемелдеп
отырады.
«Бит» топтары негізінен үш гитара және соқпалы аспаптардан тұрды,
кейінірек электроорган қосылды. Бұлардың тағы бір ерекшелігі - оның
әрбір мүшесі әрі әнші, әрі аспапта орындаушы болуы тиіс. «Бит»
музыканың ең көрнекті өкілдері ағылшынның «Битлз» тобы болды.
Олардың музыкалык бағыты «роккенроллға» негізделген және «твист»
ырғағы мен «госпэлдің» ән айту мәнерінің косындысынан қалыптасты.
Негрлердің «госпэл» деп аталатын діни музыкасы тек Америкада ғана
емес, басқа да көптеген шетелдерде өзінің орындалу мәнерімен рок
музыканың қалыптасуына орасан зор ықпал етті. Бұндағы ең басты мәселе
- госпэлдін өзіне ғана тән орындау мәнері. Бұл мәнерде орьшдаушылар
сахнада толығымен өзін-өзі ұмытып, ән құдіретіне беріледі, арасында
айкай-үйқайға, дүбір-дүбірге де жол беріледі, оның ырғағы бірнеше рет
құбылып өзгеріп отырада. Госпэлдің тағы бір қыры - аспаптык ырғақтың
бір ырғақта үзіп-үстін қайталануы және әр кайталанған сайын адамның
дене-бетін қоздыратын түрлі дыбыс эффектілерін колдану, оның өзіне
ғана тән гармониялык айналымдар, әннің сұрак-жауап негізіне құрылуы.
«Битлз» тобының тек Англияда ғана емес, әлемнің музыка өнерінде
жарқырап шығуы олардың оз репертуарын басқа ансамблдерге ұксатпай,
үнемі жаңаша үлгі іздестіруге мәжбүр етті. Таза электрлі музыкалык
аспаптардан басқа, кейбір камералық аспаптардың үндерін және
классикалық музыканың түрлі элементтерін колданды. Басқа ұлт
музыкаларының ырғақтары мен интонациясы да «Битлз» репертуарындағы
шығармалардан көрініс тапты.
Олардың ізбасарлары бұрынғы Кеңес Одағында да көптеп шыға
бастады. Атап айтсак, кезінде атақты болган Молдованың «Норок»,
Ресейдің «Поющие гитары», «Самоцветы», «Весслые ребята»,
Әзірбайжанның «Гая», Украинның «Червона рута», Грузияның «Орэро»,
Қазақстанның «Досмұқасан», «Гүлдер», «Степные маки» тағы баска
көптеген өнер ұжымдары. Бұл топтар ВИА (вокалды - аспапты
ансамбльдер) деп аталды. Аталуы бөлек болғанымен ұстанған бағыты
жоғар төңірегінде болды. Әрине, әр ансамбльдің өзіндік қолтанбасына сол
елдің тарихы, дәстүрлері, әдет - ғұрпы, халық тілі және тағы
басқалары әсер етті. Оларды дүрсілдеген ырғактан басқа да иірімдер
пайда бола бастады. Қазіргі кезден рок-музыка жалпы көпшліктің, оның
жастардың өзіне ең бір етіне жакын, музыка алемінде орны бар,
құрылысы жағынан оте күрделі, қарама-толы, қуатты да, мықты
кұбылыс атанды десек 
Жоғарыда келтіргендей, рок - музыка стилі де күрделі, халықи және
кәсіби болсын, ол музыканың салаларына терең бойлай еніп, өзінің
ықпалын тигізді, орындалып жүрген көпшілік әндердің жолы роктың
әсерінен елеулі өзгеріске ұшырады (эмоция жағынаң болсын, түрлі
93


орындау тәсілдерін, дыбыс-құбылта колдану, интонациялық жағынан
болсын). Оны жылдардың орындаушыларының репертуарынан бай
болады. Аранжировка жасаушылар (әрине, кәсіби деңгейі жоғары
білімділері) әсіресе, халык әндерін, көптен орындалмай «архивте» жатып
қалған композиторлар әндерін барынша құбылтып, алуан түрлі ырғаққа
түсірді. Оның барлығы бірдей жоғары үлгіге сай дей алмаймыз. Әрине,
дегенмен де көггшілік кеңілінен шығып, «емірге екінші рет қайта келіп»
жатқан әндер қаншама.
Мысалы «АБК» тобының орындауындағы «Қүсни-Қорлан»,
М.Арынбаевтың орындауындағы Ыбырайдың «Гәккуі», Сәмединованың
орьшдауындағы «Құралай», «Тәмирис» тобының орындауындағы «Есік
алды долана», ән «Толағай», «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблінің
орындауындағы Абайдың «Көзімнің қарасы», Батырхан Шөкеевтің
орындауындағы «Япырай», А.Нұрмағамбетованың орындауындағы «Шилі
өзен», Р.Рымбаеваның орындауындағы «Шақырады көктем» т.б.
Өткен ғасырдың 50 - жылдарынан бастау алып, осы уақытқа
дейін «өмір сүріп» келе жатқан рок музыканың өзі де көп жылдары
өзінің құрылымы жағынан күрделі езгеріске толы. Қатардағы
рокенроллдан жоғары деңгейдегі туындылар - өнер қатарына көтерілді.
Рок музыканың өзіне ғана тән оның негізі болып есептелетін карапайым
да қарадүрсін елкі ырғақ та осы уақытқа шейінде өзінің құрылымы
жағынан орындауға өте күрделі өрнекке айналды. Осы бағытта білім
алғандар болмаса, қатардағы өнерпазға мұндай ойнап кету өте қиынға
соғатыны хақ.
Қазіргі кездегі рок музыканың бағыттары сан алуан. Айтар болсақ:
харды-рок, поп-рок, арт-рок, поп-рэп, дшо,
файк, фыожн, фольк - джаз т.б.
Рок музыка стилінің кейбір бағыттары оның (музыканың) басқа
түрлерімен сабақтасуынан пайда болып, әрі қарай да бастады.
Ағылшынның «Сгеат», Американың «Сһісаро» қатарын алатын болсак,
олардың шығармаларындағы рок, джаздың ұйлесімділік тапқаны
соншалык, кай стильдегі орындаушылар екенін ажырата алмайсың. Кейінгі
кезде джаз музыка өнерінің белгілі қайраткерлері М.Дэвис,
Э.Фитццжеральд, Дж.Смит, Д.Брубек те рок музыкаға бет бұрып, осы
стильден шығармаларды орыпдады.
Сондай-ақ, рок-музыканың әсері байыпты музыканы да, оны жазушы
композиторды да шет қалдырған жоқ. Ғасырлар бойы қалыптасып келе
жатқан опера, балет, симфония, концерт формаларынан да көрініс тапты.
Оның ішінде мысалы ретінде «Исус-Христос - суперзвезда» - рок
операсын, «Волосы» - рок мюзиклі, Бернетайнның рок-мессасын,
Қазакстаңдық А.Серкебаевтың «Маугли» рок - балетін т.б. алуға болады.
Қорыта келе айтпағымыз, рок-музыка стилі қазір шарыктау шегіне
жетті. Әрі қарай қалай дамитынын заман ағымы көрсетеді. Дәл қазіргі
2006 жылы, жұрт кұлағы таза, үңді, табиғи дыбысты іздей бастағандай.
94




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет