Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


Қазақ әдебиеті. 26 желтоқсан 1995 ж



Pdf көрінісі
бет52/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78
Қазақ әдебиеті. 26 желтоқсан 1995 ж
5 сынып үшін Өмірбек Байділдаев «Музыка сабағы» деген
оқулық, толықтырылып, өңделген үшінші басылымы 1997 жылы «Рауан»
баспасынан шықты.
1966 жылы 6 - 7 жастағы бала бақша балаларына арналған
«Бөбектер жыры» деген кітабі шықты. 1977 жылы «Жалын» баспадан
«Сүйікті мектебім» атты мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш
сынып оқушыларына арналған кітабы шықкан. Жинакка «Менің
Отаным», «Май маршы», «Сүйікті мектебім», тәрізді әндер еніп отыр.
Бұл әндер жеткеншектерді Отанды сүюге, достыкқа, еңбекке баулиды.
1988 жылы «Өнер» баспасынан 7 - сыныпқа арналған «Музыка сабағы»
окулығы шыкты.
71


Жас буынға музыкалық, эстетикалық тәрбие беруде хор өнерінің
орны үлкен. Хор өнері көп даустылыққа, музыка тілін байытуға
жетектейді.
...Өнерпаздықты көтеру, эстетикалык тәрбие беру - бүгін таңдағы
ардақгы халықтық борыш.
Ө.Байділдаев - қазақстандағы жалпы білім беру мектептеріндегі
«Ән-музыка сабағының» оқулыктарын шығарушы ең алғащқы
авторларының бірі. Ол жазған 5 және 7 сыныптарына арналған
«Музыка сабағының» оқулыктары 1970 жылдан бері бірден бір керекті
оқу құралдарына айналған теориялық және практикалык құнды еңбек
болып саналады.
1 - 2 және 3 сынып оқушыларына арналған «Сөйлейтін окулық»,
Ө.Байділдаевтің методикалык нұсқауымен, құрастыруымен мыңдаған
тираж бен Бүкіл Одақтык «Мелодия» фирмасының пластинкалар
комплексі шықгы. Бұл қәзіргі кезде мектеп оқушыларына ең қажетті
құралдардың бірі болыл отыр.
Союз комтюзиторов Казахстана. 1980 ж.
Ө.Байділдаев
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ДЕ ҰМЫТПАЙЫҚ
Сіздер тәрбиелеп жатқан кішкене бөбектерге арнап өлең жазу,
соның ішінде ән жазу өте қиын мәселе. Бұл туралы ұлы жазушысы
А.М.Горькийдің тамаша сөзі бар. Ол үлкендерге арнап шығарма жазу
қиын болса, ал балаларға жазу одан да қиын, - деген болатын. Бірак
осы қиыншылықты жеңу-бәріміздің ортак міндетіміз. Сондықған
бөбектерге эстетикалық-музыкалық тәрбиені ұштастыра беру кезек
күттірмейтін мәселе. Менен бұрын сөйлеген жолдастар балаларға
гигиена өте қажет, деді. Эстетикалық тәрбие одан да аса қажет деп айтар
едім мен.
Ауылдық-селолық жерлерде балаларға музыкалық тәрбие беру
ісі оңайға түспейді, өйткені арнаулы білімі бар музыка, балет
мамандары жоқтың қасы. Кең сахнасы, рояль мен пианиносы, баян мен
аккордеоны, үрлемелі аспаптары жок елді мекендер бізде әлі де бар.
Кейбір жерлерде бірінші, екінші сынып шәкірттері «Елім-ай»,
«Құдашаны» айтып жүруі де осыдан болар. Ал бұл салада тәрбиеші
атқарар міндеттер көп. Жаңа әндерді радио, теледидар арқылы
естисіздер. Музыкалық мамандықтарыңыз болмаған кунде де кішкене
бөбектердің даусын калыптастыруға болады. 6-7 жастағылардың
дауысы үлкендер даусындай бола береді, әсіресе қыз балалардың
даусы шырқап шығады. Міне осыларды ертерек сезіп, аңғарған дұрыс
болар еді. 1960-1961 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы
72


Педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының тапсырмасы
бойынша жинақ шығармақ болып едік. Сол ақыры 1966 жылы шықты.
Қазақ композиторларының жас бөбектерге арнаған өлеңдер жинағы
небәрі 500 дана боп шықты. Содан бері ол кайта басылған жок.
Балаларға арналған әндер кітап боп шығып көрген емес.
Бізде балаларға арналған ән аз деушілер бар. Жоқ, ән бізде
баршылық. Қазакстан композиторлары А.Жұбановтан бастап,
Е.Брусиловский, Б.Байқадамов, С.Мұхаметжанов-тардың толып жатқан
әндері бар, бірақ олар жергілікті жерлерде уағыздалмайды. Алдағы екі
мереке В.И.Лениннің жүз жылдығы мен Қазақстанның 50 жылдық
тойына, Отан соғысының Жеңісінің 25 жылдығына арналған неше
түрлі әндер мен өлеңдер бар. Соларды таңдап баспа орындары кашан
шығарады деп күтпеген пионер бөбек жок. «Балдырған» журналы мен
«Қазақстан мұғалімі» газетінің беттерінде жаңа әндер беріліп тұрады.
Солардың басылғанан жинап алып, үйрете жүріңіздер. Бұл да балалар
тәрбиесіне қосқан өз үлестеріңіз болады. 
Біз, композиторлар, балаларға арнап ән шығаруды, олардың
тәрбиесіне ат салысуды болашағымыз үшін, келешегіміз үшін қосқан
үлесіміз деп білеміз. Келешекте бақшадағы бөбектерге арнап Москва
баспасы сияқты арнаулы ән кітабын шығаруды азаматтық борышымыз
деп санаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет