Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


тиіс. 3 – түсінік, әрбір бала музыканы тыңдай отырып, оны өзінше



Pdf көрінісі
бет24/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78
тиіс.
3 – түсінік, әрбір бала музыканы тыңдай отырып, оны өзінше
қабылдайды. Қабылдау нысанына тыңдап отырған шығарманың
эмоциогендік ырғағы кіреді. Эмоциогендік ырғақ деп отырғанымыз - өз
сезімін жеткізе білетін, композитордың көңіл-күйі және ерік-жігері сияқты
экспрессивтік маңызды мәселелер.
Қорыта келгенде, оқушылардың музыкалық мәдениетін
қалыптастырудағы тыңдаушылық әрекеті дегенде ең алдымен оның
танымдық әрекетін айтуымыз керек. Бұл баланы музыкалық білім алуының
негізінде жалпы танымдық әрекетін дамыту арқылы музыка өнеріне,
музыка әлеміне еркін енуіне жағдай жасайды. Музыка туралы білім алу
үрдісінде музыканы басқа да әрекеттері кең түрде қамтылады. Бұл кезде
музыканың ырғақтық-бейнелі табиғаты туралы білім, музыкалың жанрлық-
стилдік көпқырлығы, сондай-ақ, музыкалық шығармалар туралы нақты
білім, композиторлар, орындаушылар туралы жалпы жинақталған тағы да
көптеген музыка жайындағы таным-түсініктерді оқушыларға танытып
оларға музыканың бай мүмкіншілігі туралы білім беріледі.
Музыкалық орындаушылық әрекет
Орындаушылық әрекет музыка сабағының ажырамас бөлігі болып
табылады. Ол балаға музыканың орындаушылық табиғатын ашуға,
музыкамен айналысқан сәтте оны танып, біле алатын музыкант ретінде
сезінуге көмектеседі. «Музыкалық туындының өмір сүруі – оның
орындалуында яғни оның мәнін дыбыс ырғақтары арқылы ашқанда ғана
музыкалық шынды өмір сүреді» - дейді Б.В.Асафьев (Музыкальная форма
как прогресс. – Л., 1971. – С. 264.).
Оқушылардың орындаушылық мәдениетінің төмендегідей негізгі
көрсеткіштері бар:
- арнайы бір орындаушылық әрекеттің түріне ғана қажеттілік,
қызығушылық, ынта таныту;
- орындаушылыққа шығармашылық әрекеті ретінде қарау;
- туындының әуендік, орындаушылық сапасына өзіндік көзқарасын
білдіру;
- шығарманың жанрын, стилін, мазмұнын қамтитын орындаушылық
білім, икемділік, дағдыларды игере білу.
Музыка сабақтарындағы орындаушылық әрекет: хормен, жеке,
ансамбльмен ән салу, музыкалық аспаптарда ойнау сияқты негізгі түрлері
арқылы іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет