Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



Pdf көрінісі
бет46/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78
Кәсіптіге ойлау және сана-сезім
Музыка мұғалімінің кәсіптік ойлауы дегеніміз – музыкалық ойлау.
Психологиялық көзғарас тұрғысынан алып қарағанда музыка
мұғалімінің музыкалық ойлауы оның эмоциясы болып табылады.
Музыка мұғалімінің кәсіби ойлау дамуының бағыты - оның кәсіби
сана-сезімінің дамуы дегенді білдіреді.
Кәсіптік сана-сезім негізінде кәсіби рефлексия жатыр, яғни
сәулелендіруді, талдау жасауды, ойлауды, өзінің музыкалық-педагогикалық
әрекетін бағалай білуге қаблеттілігі.
Т.А.Калышева оның мынадай негізгі аспектілерін бөліп көрсетеді:
- музыкалық-педагогикалық, шығармашылық сипаттағы мәселелерге
қызығушылық;
- оның негізінде жатқан қарама-қарсылықтарды табу, ой қорыту және
бағалау;
- өзінің педагог-музыкант ретіндегі жинақтаған тәжірибесімен және
жеке кәсіби білімімен кемшіліктерді жоюдың варианттарын табу т.б.
Әртістік шеберлік
Музыка мұғалімінің әртістік шеберлігі көркемдік-коммуникативтік
әрекетін эмоционалды - экспресивті, көркемдік - интеллектуалдың,
көркемдік - операциялық жағынан интеграциялайды.
53


Бұл біріншіден, мұғалім өзінің іс-әрекеті шеберлігінің арқасында
балалармен тен рухани сенімді, өнегелі қарым-қатынасын одан әрі
жалғастыру үшін жоғары-эмоционалды сипатта жұмыс істейді.
Екіншіден, музыканы әртістік өнегелігімен оқушыларды өнерді
өздігінен тануына жол ашады.
Үшіншіден, музыканы әртістік шеберлікпен ойнау арқылы
оқушылардың сенімдік әрекетіне әсер етіп, жаңа мінез-құлық
қалыптастырады. Балалардың музыкаға деген қызығушылығы артады.
Мұғалім-музыканттың әртістік шеберлігінің бір-бірімен байланысты
мынадай компоненттері бар: психофизиологиялық, эмоционалды-
эстетикалық, көркемдік-логикалық.
Психофизологиялық компонентті құрайтындар, ең алдымен, әр түрлі
психикалық процестер (елестету, қапер, аффектілік, жад, күш-жігерлілік
т.б.), екінші жағынан, дауыс, дикция, мимика, пантомима жатады.
Әртістік шеберліктің эмоционалды-эстетикалық компоненті ең
алдымен, музыкант-педагогтың сенсорлық (сезіммен байланысты)
тәжірибесімен байланысты болады.
Әртістік шеберліктің көркемдік-логикалық компоненті музыка
мұғалімінің сабақта көркемдік-комуникативтік әрекет жүйелерін
логикалық түрде құра білуіне байланысты.
Болашақ музыка мұғалімінің әртістік шеберлігін дамытуға әсер
ететіндер мыналар: музыкалық-комуникатівті треннинг, музыкант-
педагогтың материалды сезімді-бейнелік тұрғыда көрсете алуы, музыкалы-
педагогикалық жағдайды үлгілеу т.б.
Креативтілік
Музыка мұғалімінің креативтік әрекеті сипатын екі аспектіде қарауға
болады: музыкалық білім беру мазмұнына қатысты және музыкалық білім
беру процесіне қатысты.
Музыкалық білім беру мазмұнына қатысты музыкант-педагогтың
кәсіби қызығушылығы, білімнің молдығы, жұмыс тәжірибесінің көптігі, өз
қызметінде жаңашылдыққа ұмтылуы сияқты сипаттарымен анықталады.
Музыка пәні мұғалімінің музыкалық білім беру процесіне қатысты
креативтік сипаты ең алдымен, ұйымдастырушылық және комуникативті
әрекетінен көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет