Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларының түсінігі
Қылмыстық заң есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған немесе мұндай іс-әрекеттерді есі дұрыс күйде жасаған, бірақ сот үкімі шыққанға дейін немесе жазасын өтеген кезде өз әрекеттері жөнінде өзіне есеп беру немесе өзі әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын психикалық аурумен ауырған, сондай-ақ, дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шеққен адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды белгілейді.
Көрсетілген адамдар жөніндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғанда сот олардың жаңадан қоғамға кауіпті іс-әрекеттерді жасаудан сақтандыруды, ондай азаматтардың жеке басын қорғауды және дұрыс емдеуді жүзеге асыру мақсатын көздейді, психикалықауруғадушар болған адамдар-ға жаза тағайындау ізгілік және әлеуметтік әділеттілік принциптеріне қайшы келеді. Сондықтан да есі дұрыс емес адамдар қылмыс істесе, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қоғамға кауіпті іс-әрекеттерді жасағаннан кейін есі ауысқан аурумен ауырған адамдарға да жаза тағайындау тиімсіз болады. Өйткені мұндай адамдар өзіне-өзі есеп беру немесе өз әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын есі ауысқан аурумен ауыруына байланысты айналада болып жатқан құбылысты қабыддай алмайды, сондықтан да оған тағайындалған жаза өз мақсатына жетпейді. Егер мұндай адамдар дертінен айықса, оларды қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі отпесе және қылмыстық жауап-тылықтан және жазадан босататын басқа да негіздер болмаса сот оларға жаза тағайындауы мүмкін.
Қылмысты маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдар жасаған ретте сот дәрігерлік комиссияның қорытындысы бойынша ондай адамдарға жазамен қатар еріксіз емдеу шараларын қолдана алады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тек сот арқылы мемлекеттік шара ретінде тағайындалады. Мұндай шараны жаза деп санауға болмайды, ойткені мұнда жазаға тән белгі — түзеу белгісі жоқ. Керісінше, мұндай емдеу шараларын қолдану құқық бұзушынын мүддесіне сай келеді.
Бұл шарт сот үкімімен емес, сот қаулысы бойынша тағайындалады. Сондықтан да мұңдай шара тағайындалған адамдар сотталған адам қатарына жатқызылмайды, оған қолданылған шара оларды емдеуге, олардың тарапы-нан қоғамға кауіпті іс-әрекеттердін қайталанбауына жасалған сақтандыру, олардың құқық қорғайтын мүддесін қорғау болып табылады. Сонымен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жазадан оны қолданудың негізі мен мақсаты, мазмұны және зандылық зардабы бойынша ажыратылады.
Медициналық сипаттағы шараларды қылмыстық маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға қолдану барысында да жазаның белгісі — түзеу элементі жоқ, сондықтан да мұндай шара жаза болып саналмайды. Бірақ бұл шара қылмысты есі дұрыс күйде істеген адамдарға тағайындалған жазамен бірге оларды емдеу және жазаның кезделген мақсатына жету үшін тиісті жағдайлар жасау мақсатында тағайындалады.
Медициналық сипаттағы шараларды қолдануда зандылық, ізгілік, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау принциптері басты басшылыққа алынады.
Медициналық сипаттағы шаралар қылмыстық немесе басқа арнаулы зандар негізінде қолданылады. Қылмыстық кодекстін 88-бабы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері жайына арналған: мен жасаған қоғамдық кауіпті әрекетінің сипаты бойынша өзіне немесе басқа адамдарға айрықша қауіпті болған тұрақты және интенсивті қадағалауды талап ететін адамға тағайындалуы мүмкін (92-бап).
Медициналық сипаттағы еріксіз шараларды қолдануға негіз болмаған жағдайда сот психикалық аурумен зардап шегетіндерді тұрғылықты тұратын жеріне міндетті дәрігерлік бақылау жүргізіп, ауруға күтім көрсетуші туыстарының немесе басқа адамдардың қамқорлығына бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |