Мвдициналыќ сипаггаѓы мєжб‡рлеу шаралары


Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу



бет7/12
Дата03.01.2022
өлшемі204 Kb.
#451736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Мансур курсовой

5. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу

Жаңа Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігіне сөйкес егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген. Бұрынғы қолданылған қылмыстық зандарда мұндай ұғым болған емес. Ұзақ жылдардағы сот-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, күштеп мәжбүрлеудің салда­рынан адам қоғамға қауіпті іс-әрекет жасап, азаматтар мен ұйым-дардың занды мүддесіне зиян келтіреді. Жана Қылмыстық кодекстегі арнаулы норма күштеп мәжбүрлеудің салдарынан бол­тан әрекеттің заңдылық салдарына баға берген. Осы нормаға сәйкес мұндай жағдайда істелген іс-әрекет қылмыс болып табыл­майды деп тура көрсетілген. Мысалы, далада келе жатқан жүргізушіні қарақшы тоқтатып, көліктен алдап сыртқа шығарып, ұрып-соғып, қорқытып ұрланған бір жылқының етін қыстаққа апаруға бұйырған. Немесе бір топ бандиттер сақтық банкісіне шабуыл жасап, күзетшіні атып өлтіріп, кассирге пышақ кезеу арқылы қоркытып, сейфтегі ақшаны тонап кетеді. Міне, осында келтірілген мысалдардағы жүргізушінің немесе кассирдің әрекеті қылмыс болып табылмайды, өйткені олар іс-әрекетті күштеп мәжбүрлеу салдарынан өз еріктерінен тыс, іс-әрекеттерін басқара алмайтын жағдайда істеп отыр.

Күштеу — бұл белгілі бір әрекетті істеуге мәжбүрлеу. Мұндай ретте жәбірленушіге күш қолданылып, оның жанын кинайтын, сөйтіп оның еркінен айыратын әрекеттер орын алады. Күштеу тойтарылатын немесе тойтарылмайтын болып екі түрге бөлінеді. Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігінде көрсетілген күшпен мәжбүрлеу тойтарылмайтын жағдайда ғана орын алады. Тойтарылатын күштеуде жәбірленушінін белгілі бір әрекетті істеу мүмкіндігі сақталады. Сондықтан тойтарылатын күшпен мәжбүрлеуге жол бергевде, адамға 36-баптың 1-бөлігі қолданылмайды.

36-баптың 2-бөлігінде мәжбүрлеудің екі түрі — психикалық мәжбүрлеудің, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргені үшін соның салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне басшылық жасау мүмкіндігін сақтаған жағдайда қылмыстық жауаптылық туралы мәселе айтылған. Мұнда сөз тойтарылатын психикалық және күштеп мәжбүрлеулер туралы болып отыр. Мұндай реттерде адамның белгілі бір ерікті тандай алу мүмкіңдігі бар, яғни қылмысты істеуге немесе істемеуге. Мәжбүрлеудің осы екі түрі бойынша адам қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірген жағдайда олардың әрекеті келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп бол­тан жағдайда ғана қылмыс болып табылады, ал зиян аз болса, ондай іс-әрекетке Қылмыстық кодекстің 34-бабында көрсетілген аса қажеттілік ережесі қолданылып, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі жойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет