Мвдициналыќ сипаггаѓы мєжб‡рлеу шаралары


Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту



бет5/12
Дата03.01.2022
өлшемі204 Kb.
#451736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Мансур курсовой

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту,

өзгерту және тоқтату

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізі Қылмыстық кодекстің 88-бабында тұжырымдалған. Меди­циналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату Қылмыстық кодекстің 93-бабында көрсетілген, осы заң талабына сәйкес:

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертуді және тоқтатуды психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы негізінде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеме әкімшілігінің ұсынуы бойынша сот белгілейді.

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізу үшін негіздердін бар екені жөніндегі мәселені шешу үшін кемінде алты айда бір рет психиатр-дәрігерлер комиссиясында куәландырылып отыруға тиіс.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту үшін негіздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеменің әкімшілігі мәжбүрлеп емдеуді ұзарту үшін сотқа қорытынды береді. Мәжбүрлеп емдеуді бірінші ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай откеннен кейін жүргізілуі мүмкін, мәжбүрлеп емдеуді одан кейін ұзарту жыл сайын жүргізіледі.

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын өзгертуді не­месе тоқтатуды адамнын психикалық жай-күйі өзгеріп, бұрын тағайындалған шараны қолдану қажет болмай қалған немесе ме­дициналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болған жағдайда сот жүзеге асырады.

4. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді қолдану тоқтатылған жағдайда сот мәжбүрлеп емдеуде болған адам женінде қажетті материалдарды оны емдеу немесе психиатриялық-неврологиялық мекемеге жіберу туралы мәселені денсаулық сақтау туралы зандарда көзделген тәртіппен шешу үшін денсаулық сақтау органдарына беруі мүмкін.

Кодекстің 94-бабы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шара­ларын қолданғаннан кейінгі жаза тағайындау туралы:

1. Қылмыс жасағаннан кейін немесе жазасын өтеу кезінде өз іс-әрекеті үшін өзіне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкіндігінен айыратын психикалық аурумен науқастанған адамға, егер ескіру мерзімі етпесе немесе оны қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға негіз болмаса, ол сауыққаннан кейін сот жаза қолдана алады.

2. Психикасы қылмыс жасағаннан кейін бұзылған адам емделген жағдайда жаза тағайындау немесе оны жанарту кезінде адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бір күні бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен жазалау мерзіміне есептеледі.

Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары туралы Кодекстің 95-бабында толық айтылған:

1. Осы Кодекстің 88-бабынын 1-бөлігінін в) және г) тармақтарында көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы — бас бостандығынан айыру орнында, ал сотталған адам жөніндегі өзге де жаза түрлері денсаулық сақтау органдарының емханалық психиатриялық көмек көрсететін мекемелерінде орындалады.

2. Сотталған адамның стационарлық емдеуді талап ететін пси­хиатриялық жай-күйі өзгерген кезде сотталған адамды психиат­риялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесіне орналастыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында кезделген тәртіп пен негіздер бойынша жүргізіледі.

3. Аталған мекемелерде болған уақыт жазаны өтеу мерзіміне есептеледі. Сотталған адамның аталған мекемелерде одан әрі емделуі қажет болмай қалған кезде кешірме Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртіп бойынша жасалады.

4. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының қолданылуын тоқтатуды жазаны орындаушы органның ұсынуы бойынша психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытыңдысы негізінде сот жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет