Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), лоток, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Іс-әрекет алгоритмі:
— Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. — Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. — Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс). — Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз. — Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз). — Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз. — 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс). — Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз. — Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз. — Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз. — Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
Ескерту: — қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды; — қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды; — емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға дейін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.