1. Сүліктің тістеп, сорған жері кейіннен қышып, ірің пайда болу мүмкін, бұл тазалық сақтамаған жағдайда болады.
2. Сүлікті қойғанда қан сорғызатын жерді білмеудің кесірінен қан кетуі мүмкін.
3. Тері астына аздап қан кетуі мүмкін.
Процедура барысы:
Процедура барысы:
— пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз; — процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз; — қажетті жабдықтарды дайындаңыз; — қолды жуып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз; — сүлікті қоятын тері аймағын жылы қайнаған суға малынған мақта түйіршіктерімен сүртіңіз; — сүлік теріге жақсы жабысу үшін, сол аймақты екінші рет глюкоза ертіндісімен сүртіңіз; — сүлікті ыдыстан пинцетпен алып, бас жағын пробирканың ауыз жағына қаратып пробиркаға салыңыз; — пробирканы қолға ұстап тұрып қойылатын жерге сүліктің тұмсығын тигізіңіз; — сүлік қойған жерді тістеп, сора бастаса, онда пробирканы жайлап алып тастаңыз; — сүліктің артқы қан сорғыш түтүкшесінің астына залалсыздандырылған дәке қойыңыз; — сүлік 60-90 мин. Кейін түсіп қалады. Егер ол өздігінен түспесе немесе оны уақытысынан бұрын алу керек болған жағдайда тұзды су ерітіндісіне мақта түйіршігін матырып алып, сүліктің тұмсығы кіріп тұрған жерге қояды; — қойылған сүліктің бәрі түсіп болғаннан кейін, қан сорған жерлерге бір тәулік бойы /24 сағат/ стерильді бинтпен астына қалың мақта салып, таңып қойыңыз.
Есте сақтаңыз! Таңбаны бір тәулік бойы ауыстыруға болмайды, ол жерде тромб пайда болып жатады.
Ескертпе. Қан кету қауіпсіздігінен сүлікті көк тамырдың үстіне қоюға болмайды. Егер сүліктің белсенділігі төмендесе, үстін жылысумен сүртуге болады.