Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


берекелілік — өнімділік, молдық, мардымдылық. Егіс көлемін ұлғайтып қана қоймай, ауыл шаруашылығын интенсивтендіріп, гектар берекелілігін



бет10/42
Дата09.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#124208
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42

берекелілікөнімділік, молдық, мардымдылық. Егіс көлемін ұлғайтып қана қоймай, ауыл шаруашылығын интенсивтендіріп, гектар берекелілігін арттыру - бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі («С. Қ.»);

берекелірекөнімдірек, берекесі молырақ, мардымдырақ. Колхоз байлығы Степаниданың базардан тапқан пайдасынан гөрі молырақ, берекелірек, баяндырақ еді («Орақ үсті»).

بذ (баззун) бөз – 1) тоқымалар, маталар; 2) мақта-мата. Саудагерден бөз қалар, Ақындардан сөз қалар. Айта жүрер артымда Сөзімді аяп нетейін (Жамбыл). «Ой, тәңірі-айпыл», кер есек Қулық, сұмдық, не өсек. Болмаған соң бір есеп — Мейлі қамқа, мейлі бөз (Абай).



бөзді — бөзі бар. Сол баяғы бөзді саудагер үйімізге тағы келді («Абай»);

бөзшібөз тоқушы.— Бір бөзші үзбей еңбек істер екен, бірақ жолы болмайды екен («М. Б. Т.»).

بشارة (бишаратун) бәшаратқуанышты хабар, жақсылық нышан. Ұстазы адалдықтың асыл дана, Пақырға екі емшекті едің ана. Шайтанға саясаты батқан шәһбаз. Бәшарат сұрайтұғын еткен дана (Әріп).

بصر (басара) басар1) көру; 2) айыру, ажырату; 3) қабылдау, түсіну, ұғыну; 4) ұғу, аңғару, аңдау; 5) білім. Енді олай болса, айтқандай қылып білдіретұғын құдіреті және басар, сәмиғ, яғни көруші, естуші деген (Абай).

بططة (батататун)* бататабот. тәтті картоп, жер алма (асқа жарайтын крахмалға бай жер түйнекті, біржылдық өсімдік) .— Салама хажының өңі жаңа ғана пісірген батата (тәтті картоп) сияқты еді («Т. С.»).

بطن (батнун) батин 1) іш, қарын, асқазан; 2) іш, іш жақ, орта, ортасы; 3) жер қойнауы кен. Сіздің батиныңыздың таза болмағы... парыз болған... (Абай).

بعض (баду) баз1) бөлік; 2) біреулер; кейбіреулер. Баз біреулер ұрысып, Өлдім-талдым дегенде, Қыз Жібектің қасына, Шеге жетіп келеді («Қыз Жібек»). Баз біреулер көп ақылға ие болып, Жұмысын ешбір жанға жөндетпеген (Кете Жүсіп);



базбіркейбір. Базбір жеңіл ауыз жастарымыз неліктен «бұл өмір заңдылығы, әрқашан осылай болуы керек» деп пайымдайды? (К. Ахметов);

базбіреукейбіреу. Бұрын да кемтар бейшараға таң атырмай жүретін, ермек іздеп, еріккен қу аяқтардың базбіреуі енді түймедейді түйедей етіп өсіріп, өршітіп жіберген (О. Сәрсенбаев). Базбіреулер жылаған баланы: «Әне, мұғалім келе жатыр, сені алып кетеді», - деп қорқытып жұбатады (А. Дүйсенов);

бағзы. Бағызы-бағзы шариғат бар, шатақ үшін жаралған. Алуан-алуан молда бар, тек алу үшін жаралған (мақал). Сөзіңе айтқаныңмен, мен күмәндә, Жұмысы бағзылардың деп гүмән де (Қадиша). Ұқсағанмен сипаты. Мінез-құлық істері Муафық болып келе алмас. Бағзы адамның қалыбы Күншілік етіп көре алмай, Жақсы атақ бере алмас (Н. Наушабаев).

بقال (баққалун) бақалұсақ саудагер. Сені ұялтып, соған мен семіреді деген бақал есепті қашан қоясыңдар? — дейді ол (М. Әуезов). Сақалыңды айнаға көрші қарап, Ту құйрықтай маңызды төрт-бес қадақ. Аулыңдағы бақалға күзеп сатқын. Алты сабын береді, жеті тарақ (Күйкентай қыз);



бақалшы. Не көргені аз топас көзге, не жарамсақ көзге алтын да күміс сияқты көрінетін бояуларды Сандыбай бақалшыдан алған (Ғ. Мүсірепов). Төраға Оспан, неде болса да, он феддан жерді сатпақка бел байлап, бақалшы грекпен келіссөз жүргізе бастады («Т. С.»);

бақалшік. Бақалшік — орысша сөздің бұзылып айтылуы. Ноғайды көрсе, оны да боқтап келуші еді: Түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе, шаршап, жаяу жүрсе, демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, «бақалшік» ноғай деп (Абай);

бақалшылық — ұсақ сауда-саттық. Ол бақалшылық қылып, сауда-саттық жасайды (Ы. Төреқұлов). Кібіртіксіз тұрсын сөз емін-еркін, Солдаттай сапта тұрған тіреп иін. Бақалшылық — қиянат, сөзге обал... (О. Малқаров).

بقالة (бақалатун) бакалеятәтті тағамдар сататын дүкен. Бакалейшіктен «бакалшы» деген қазақша бір атау шықса керек: Ол, әрине, бакалея деген сөзден шығады (Ғ. Сланов). Бұл — бакалея жақтағы әңгіме (М. Рашев).

بكر (бакрун) бәкір1) бота, жас түйе. Ежелгі арабтар арыстанды (арабша — «әсәд»), өгізді (сәуір), түйенің ботасын (бәкір), метеорит пен жанартау тастарын пір тұтқан (М. Ысқақов).

بلاء (бала’ун) I бәле1) байқау, сынау; 2) қырсық, қайғы; 3) бақытсыздық. Басқа бәле тілден (мақал). Жау болып бір-біріне күнде шапқан, Жасы, қарты — бәрі де бәле баққан (С. Торайғыров). )



II бәлеауыс. қу, айлакер, пысық, еті тірі. Апырай, бәтшағардың бәлесін-ай (Ғ. Мұстафин);

пәле. Басқа пәле - тілден (мақал). Аңдысып арбасып алыстан болса да, Абайдың басына пәле тілеп жүретін қаскөйлер бар (М. Әуезов). Аққу көрді ойда жоқта Бір пәленің келгенін, Ғашығының ұшып оққа, Жау қолында өлгенін (С. Сейфуллин);

бәлеқұмарбәлешіл, жалақоршыл. Сөзкұмар, бәлеқұмар баймұрындар аз ба (М. Әуезов);

бәлелі. Бәлелі жерді баспа, Басыңа түссе, саспа (мақал);

бәлелікқырсықтық, бақытсыздық. Үйде ескі ағашты, керегені керткендей әлдебір бәлелік туындап жатқан жаман жаңғырық бар (Р. Тоқтарбаев);

бәле-жала. Әлтай бұлардың іздеріне шырақ алып түсіп, неше түрлі бәле-жала құрастырған (С. Омаров). Ол жоғалса — аз ауылды бәле-жаладан сақтап жүрген аруақ адасып қалатындай көрінуші еді (Ш. Мұртазаев);

пәле-жала. Оның мақсаты - жақсы адамдарды пәле-жаладан сақтау (Ә. Бектасов). Пәле-жала басымызға үймелеп тұрғанда, егіле бермей, ес жисаңшы кішкене (Б. Нұржекеев).

пәлелі. Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай, кетпейтұғыны қалай? (Абай). Мен мәміленің жолын іздедім, сен пәлелі жолға бастадың, - деді Әбілхайыр хан Сауран сұлтанға (Т. Ахтанов).

بلغ (балаға) І балағатержету, бойжету, толу. Баласы пәленшенің сөйтті деген Лайықсыз іс болмасын екі арада. Қаратқан ержеткенді айып шығар, Жетпеген балағатқа жас балаға (Назым). Ұялмай, ұйқас сөзге мәз болатын, Өтпеген бала емессің балағаттан (Таубайдың Жүсібі);



II балағат 1) шешендік, сөйлеу қабілеті; 2) ауыс. тілдеу (арабтың «шешендік, сөйлеу қабілеті» деген сөзі қазақ тілінде өзгере келіп, «тілдеу» мағынасында қолданылып кетсе керек — Н. О.). Бұлардың болжауынша, әйтеуір, не айтса да балағат болуға тиісті (Ә. Сәрсенбаев);

балағаттасутілдесу. Балағаттасу мен шайлық жинау — малайдың өмір бойы көріп келе жатқаны, міне, осы (Кришан Чандра);

балағаттаутілдеу. Асаубай шіңкілдеген жіңішке даусымен орысша-қазақша араластырып әйелін балағаттап алды (Ә. Сәрсенбаев). Фашистер баласына ара түскен анасын балағаттап, тепкінің астына алыпты (С. Омаров);

балағатшылтілдегіш. Күндей бер, балағатшыл сұрқия жан, Басқаның көркі әдемі, тым әсерлі (Қ. Бекхожин).

بلبل (булбулун)* бұлбұл1) зоол. торғай тәрізді, кішкене әнші құс; сандуғаш; 2) ауыс. әнші, өлеңші, жыршы. Есіттік Дәме қыздың сырттан даңқын, Жеңілген талай жігіт, ойлап білгін. Біреуі соның болып сен кетерсің, Тұлпар аяқ болсаң да, тілің бұлбұл (Мансұр). Бұлбұл құстай зар шегіп, Гүл бақшамнан айрылдым. Екі көзден жас төгіп, Сүйгенімнен айрылдым (Мақтымұлы);



бұлбұлшабұлбұлдай, әншідей. Өнерпаз қазақ қызы — Дина Нұрпейісова жансыз домбыраға жан бітіріп, бұлбұлша сайратып, адамша тебіренткен (К. Жазыбайұлы);

бұлбұлсызбұлбұлы жоқ. Бағым бұлбұлсыз еді. Енді менің бағымда сайрайтын болды... (Ш. Хұсайынов).

بلسم (балсамун) бальзам. (Бұл сөздің төркіні жөнінде тілшілер арасында бірыңғай пікір жоқ. Біреулер бұл бәлсәм деген араб сөзі десе, біреулер бәләсан — парсыныкі, ал кейбіреулер балсаман — гректікі дейді. Бәлсәм Шығыста, әсіресе Мысырда атам заманнан бері белгілі, перғауындар дәуірінде оны көп қолданған, сондықтан бір вариант ретінде бұл сөзді сөздікке енгіздік — Н. О.) — 1) хош иісті, қара, майлы зат; 2) ауыс. дауа, шипа, көңіл жұбатқыш. Бальзам өсімдікте зат алмасу нәтижесінде арнайы клетка аралық қуыстарда немесе қабық арасында құрылады («Қ. С. Э.»). «Кайтсең дағы жігітті жеткіз маған, Сабырым жүзін көріп дамылдасын». Кез еді кемпір үшін базар қызған, Жарасына бір бальзам табылғасын (Ә. X. Д.);



балзам. Пір тұтып, алдыңа кеп иілгенде, Дабырлау, тәртіпсіздік болмас менде. Тек қана балзамынан сусынданам, Аңсап мен жәрдеміңді — шөлдегенде (Ә. Тәжібаев);

бальзамдау. Каирда бальзамдап тасталған патша денелерін ренген сәулесін жіберу арқылы тексергенде, олардың тістерін емдетпегендері анықталды Қ. К.»). Римнің бір императоры «тарих менен басталды» деп, өзінен бұрын өткен Капитолийдің астында саркофагта жатқан жиырма тоғыз императордың бальзамдалған сүйектерін алып, өртеп жіберген (I. Есенберлин);

бальзамдықбальзамға тән, бальзамға жататын. Ол ағаштың жапырақтарында... бальзамдық заттар бар (С. Сұбханбердин).

بن (бну) бинұл, ұлы, баласы. XVIII ғасырдың орта кезінен бастап ресми документтердегі патронимдердің жұрнағы ретінде арабтың бин сөзі қолданылады (Т. Жанұзақов). Жазушы тағаң Ержан бин Көлдейбек, Бұл демеге сауықтамыз шүкір жақсақ. Исаға мың тоғыз жүз жетінші жыл, Мұрсалға бір мың үш жүз жиырма бес жыл нақ (Кете Шегебай). Ғосман, Ғабдурахман, бин Ғауф уа Сағид бин Әбуәқас үшеуі де үлкен байлар еді (Абай). Әбу насырдың әкесі - Мұхаммед бин Тархан (А. Машанов).



بناء (бинаун) бина1) құрылыс; 2) ғимарат; 3) ауыс. негіз, тірек; 4) грам. өзгермеушілік, өзгермейтін түр. Ол... хикмет пенен кәмләтты бір жолға салып жасады, сіздердің ісіңіз де бір жақсылықты бина қылып, арқа сүйерлік шеберлікпенен болсын (Абай). Жәннеттен періштелер жерге еніп, Кәусар ап пердәуіштен ішіп тұрсам. Мәрмәрдан Бағырамға бина салып, Хор қызын жәннеттегі құшып тұрсам әңгерей);

бейне — тұлға, мүсін, тұрпат, түр, сурет, кескін, көрініс, белгі (бинаның түпкі мағынасы өзгере келіп, ол қазақ тілінде көрсетілген мағыналарға ие болған). Клубтың қабырғаларындағы диаграмма, карта, сурет макеттерден колхоздың ғана емес, бүкіл еліміздің бейнесі байқалады (Ғ. Мұстафин). Социалистік құрылыстар нәтижесінде ауылдың бейнесі мүлдем өзгерді (С. Көбеев);

бана. Деп едім охмар, жақұт қаладағы, Қол жетпес гауһар тас қой банадағы (Айтмағамбет);

бейнесізтұлғасыз, мүсінсіз, суретсіз. Бұл бейне жүрегімді алды билеп, Мендік жүрек азапта, дос, не дейсіз. Көкірегімде тұрғанша тірлік түлеп, Өмірімді білмеймін тас бейнесіз (Ә. X. Д.);

бейнелес — кескіндес, мүсіндес, тұлғалас, тәріздес, секілдес. Киіз үйге күмбезді түр беріп, түңдікті көріп, мақсатында жарты ай бейнелес шыбықтарды иіп әкеп, айқастырып, шаңырақ шеңберіне бекітеді («Қ. С. Э.»);

бейнелегіш — суреттегіш, кескіндегіш, көріктегіш. Бейнелегіш құралдарға бейғам қарайтындар көп сыбағадан қағажу қалады (М. Әлімбаев);

бейнелену — суреттелу, кескінделу, көріктену. Отан тарихы дәріптелсе, бейнеленсе, егер ақын өлеңдері адам баласының өмірлік жан серігі болса, адамзат әулетінің мәңгі өлместігінің мәнін ұқса — ақыл-ой көркі мен мақтанышы (Ш. Айтматов);

бейнелеу — суреттеу, кескіндеу, көрсету, негіздеу, дәлелдеу. Мұнысы жаңа жауған жапалақ қарды бейнелеу сияқты әрекеті болатын (С. Баязитов). Н. Г. Хлудов (1850-1935) — Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі (Д. Чебатов);

бейнелеуші — суреттеуші, кескіндеуші, мүсіндеуші, негіздеуші, дәлелдеуші. Кинематограф кедергілердің бәрін жеңе отырып, аз уақыт ішінде құбылысты, болмысты жай көшіруден құдіретті бейнелеушіге айналды (Ә. Әшімов);

бейнелі 1) көрікті, кескінді; 2) тәрізді, секілді. Қиялы оның қияға ұшып, Бейне өзендей тасыған. Өтіндім мен: «әңгіме айт», - деп, Жас бейнелі жас ұлан (С. Мәуленов). Күн көңілді, жаз бейнелі Алтын өмір, мың құлпырып (Қ. Аманжолов). Марксизм-ленинизм классиктері бейнелі сөздердің, атап айтқанда, мақал-мәтелдердің, қанатты, нақыл сөздердің жаратылысы мен сипаты, қоғамның рухани өмірінде атқаратын рөлі мен қызметі, бұларды қолдану тәсілдері жөніндегі қағидаларының тіл мамандары үшін, әдебиетшілер мен аудармашылар үшін ерекше зор маңызы бар (А. Сағындықов);

бейнелік — келбеттілік, мүсінділік, көркемдік. Бұрын қиссаларда ұшырасатын «Ғарыш», «Аруақ», «Тауап»,«3иярат», ауыз әдебиетіндегі «Нұр», «Данышпан», «Арыстан», «Дария», «Ырыс», «Дәулет» секілді бейнелік сөздер Лениннің ұлылығын сипаттауға арналған (Р. Бердібаев);

бейнелілік — көріктілік, келбеттілік, кескінділік, мүсінділік. Мақал-мәтелді мүмкін болған реттердің бәрінде табиғи сипаты мен көркемдігін, нақылдығы мен бейнелілігін сақтап, дәлме-дәл аудару керек (Қ. Сағындықов). Ақынның сөздік қорында неғұрлым молшылық сезілсе, бейнелілік ырысы да соғұрлым молаятынын көріп отырмыз (М. Әлімбаев).

بنان (бананун) банан — бот. жылы жақта өсетін пальма тәрізді өсімдік және оның ұнтақты, тәтті жемісі. Сап-сап... Дәм келді, Мойылдай кофе, сом банан. Құмыра шарап, Құнары тұзды сорпа, нан (X. Ерғалиев). Ғажап қасиетті өсімдіктердің бірі — банан (Т. Таубаев).

بنى (банййун) бәни — әулет, балалар, нәсіл. Мәнісі бұл жұмбақтың ошал мәзкүр, Басқа емес, бәни Нысан халайықтан. Мысалын бұл туралы көрсетіпсіз, Жөһитке Әлішерді жол танытқан (Шораяқтың Омары). Біздің қазақтың ықыласы атасын ғарабтан шықты дегенді, яки бәни Исраилден шықты дегенді ұнатады. (Абай);

бини — ұлы, баласы. Алланың бірлігіне, Махамбеттің пайғамбарлығына, Құранның шындығына шәк келтірген бини Хатап қауымымен һәлақ болды,— деді қазірет Қуанай (X. Есенжанов);

бани Исраил — Исраил әулеті, еврейлер. Алла Мұсаны өзінің һарун деген інісімен қоса Ферғауын қауымына жібереді, олар (дінге сенбеушілер) бұларды сиқыршы деп біледі. Мұса бұлардан аман құтқаруды сұрап аллаға жалынады. Алла Ферғауынды әскерімен суға кетіріп, Мұса бастаған Бани Исраил тұқымын теңізден аман алып шығады,—дейді діни аңыз (М. Тоқжігітов). Біздің қазақтың ықыласы атасын ғарабтан шықты дегенді, яки бани Исраилден шықты дегенді ұнатады (Абай).

بهائى (баһа’ййун) бехаи — діни. бехаилер (о. бехаист) мазһабының мүшесі. Капитализм заманындағы шииттік бағыттағы секталарға бабидшілер мен бехаистер жатады (X. Ақназаров);



бехаизм — діни. бехаилер мазһабы. XIX ғасырдың екінші жартысында тап күресінің дамуына қарсы бағытталған және буржуазиялық жеке меншікті дәріптейтін космополиттік діни ілім — бехаизм пайда болды (X. Ақназаров).

بهاء (баһаун) бәһизат — сұлулықтың, әсемдіктің, көркемдіктің иесі. Төскей — төс, ойың — тұлпар, сабыр — құрқұр, бай — ақыл, бәйбіше — ашу, ей, баһизат (Даңмұрын).

بيان (байанун) баян1) айқындық; 2) түсінік беру, ұғындыру; 3) хабарлау, жариялау; 4) арыз, декларация; 5) үндеу, манифест; 6) көркем жазу, сөйлеу; 7) баяндама; 8) программа. Мекеңнің «Шежіре ақбар» кітабында, Бұл сөзді, аңда, Жүсіп, баян етті (Даңмұрын). Мұғалім оқылған сөз туралы өзінің пікірін баян етеді (С. Айни);

баяндалу — хабарлану, айтылу, білдіру. Ал, толғау жырда оқиға автордың өз сөзімен, өз ойымен баяндалады және болмыс суреттеліп, дәлелденіп жатпайды, дәлелденген, анықталған ақиқат, шындық ретінде кесіп айтылады («Қ. Ә. Т.»);

баяндату — хабарлату, айттыру. Сарқыттың әкесін Азамат соғысы кезінде партизандар қолында өлген деп баяндатты (Ж. Тілеков);

баяндау — хабарлау, айту, білдіру. Ұлжан панфиловшыл жиырма сегіз батырдың ерлік істері туралы да баяндады (Ж. Тілеков). Осы жиында Батыраш-Қотыраштың қаскүнемдікпен Құлагерді қалай өлтіргені Ақанның өмірбаянында толық баяндалған (X. Тілеубайұлы);

баяндаушылық — хабарлаушылық, білдірушілік. Біраз қаламгерлеріміздің тарапынан психологиялық талдау орнына айшықсыз, ала-құла баяндаушылық... әлі де етек алып отыр (С. Әшімбаев). Автордың повестің баяндаушылық төсеміне осы заманғы лексиканы еш құбылтпай, килігіп отыратын «төтенше комментарийлері» мен «сөз соңы» шығарманың («Ұлпанның» — Н. О.) идеясы мен философиялық жігін анықтауға қара дүрсін қызмет етпей, қайта шығарманың суреттеліп отырған оқиға мен адам тағдырына деген ынтызарын күшейте түскені эмоциялық, демек, эстетикалық жүк арқалап тұр (Ә. Кекілбаев);

баяндаулық — хабарлаулық, білдірулік, айтып берулік. Диалогтағы кейіпкер тілін дараландырып қана қоймай, әр алуан кейіпкердің жан дүниесі, мінез-құлқы, әрекеті, ой ауқымына, сөйлеу мәнеріне орай, шығарманың («Ұлпанның» — Н. О.) баяндаулық тәсілін де әр алуан құбылтып отыру («баяндауды субъективтендіру») - осы заманның прозасында дендеп көріне бастаған соны құбылыс (Ә. Кекілбаев);

баяндауыш — грам. сөйлемнің басты мүшесі, бастауыштың қимыл күйін білдіреді («Қ. Т. Т. С.») Тағдырын тең көтеріп елімдегі бар ұлттың, Зағипқа көз бітіріп, мылқауға сөз дарыттың, Мен білетін құдірет дүниедегі сен ғана, Бастауыш — партиям, баяндауыш — тарихтың! (Қ. Сарыбаев).

بيت (байтун) І бәйітөлең. Жиені, Молда Жүсіп — Ботабайдың, Бергені, тіл өнері бір құдайдың. Ыбырашқа Ержанұлы қай жауап, Мысалы, аң қуғандай шын құмайдың. Әбият, нажым, ғазал, бәйіт, мұхаммас, Мазмұнын көріп едім бірталайдың (Таубайдың Жүсібі). Араб, парсы ақындарының шығармаларын оқып, олардың талай бәйіттерін ұзыннан-ұзақ жаттап алғандары да болған (М. Әуезов);



бәйітсымалөлеңсымақ. Әуелі аят, хадис — сөздің басы, Қосарлы бәйітсымал келді арасы (Абай);

бәйтшыбәйіт айтушы. Бәйтшыны «зікірші» дейді. Әндеткен бәйіттерін ол салқын қанмен емес, қызына, еліре айтады (С. Мұқанов);

бәйітшіліктікақындық. — Гомерге бәйітшіліктігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сипатына түспектік. Зевске суретшілігі себепті таңырқаймын,— деп соған ұқсаған, неше алуан басқа өнерлері әшкере болған жандарды айтты (Абай).

بيت (байтун) ІІ бейіт1) үй, пәтер, ғимарат; 2) шатыр; 3) бөлім, бөлімше; 4) қалта, қына. Жыртық шекпен, көк тымақ, Келді дағы күңқ етті, Көрсетіп бір бейітті... (I. Жансүгіров);



байтылхарамМекке қаласындағы Қағба мешіті, оның теңеуі. Меккеге барып, Байтылхарамды көрген («М. Б. Т.»У)

байтолла. Медине, сенің жерің Мекке ме еді, Мүбәрәк пайғамбардың мекені ме еді? Байтолла бір құдайдың үйі депті, Қатар тұр Мекке менен екеулері (Дәме қыз);

байтулла. Ең әуелі, Қалжа қаласындағы «Байтулла» медресесінде оқып, сол кездің деңгейінде шама-шарқынша білім алып шыққан Біләл Назым оқуға, білімге деген сусынын қандыра түсу үшін өз бетінше көп ізденеді (И.Бахниязов);

бәйтоллаалланың бейіті, құдайдың үйі (Меккедегі Қағба мешітінің діни аты, теңеуі). Қарадан хан туған өзіңсің... Мәсжідтің кәлам-шәріфтері бір исмі Бәйтолла... хұдай табарака уа тағаланың үйі (М. Әуезов). Арғынды бір дөңгелек деп едіңіз, Мен түгіл Найман қамын жеп едіңіз, Жәкем мен зиярат қып Бәйтолланы, Бақтыға есен-аман кеп едіңіз (Сара);

бейтл-мұқаддасдіни. әулие, қасиетті жай, әулие үйі (Иерусалимдегі храмның теңеуі). Бейтл-Мұқаддасқа келіп, керуен сарайынан бір бөлме алып түсті («М. Б. Т.»);

бәйтілмұқаддас. Гимран дегеннің әйелі Хәнна бала көтермеген адам еді, екі қабат болған соң: «Ей, раббым, ішімдегі баламды сенің жолыңа айтып, оған басқа жұмыс тапсырмай, тек бәйтілмұқаддасқа қызмет еткізер едім,— делінген діни аңызда (М. Тоқжігітов);

بين (баййнун) баянашық, анық, айқын болу. Өмірдің алда беріпсің, Күнде өтерлік шыжығын. Баяны жоқ, байлаусыз, Тілекте жоқ бұзығын (Абай);



баяндытұрақты. СССР Конституциясы барлық совет азаматтарына еңбек ету правосын баянды етті («СССР Конституциясы»);

баянсызтұрақсыз. Капитализмнің тұрақтауы күннен-күнге шіріп, баянсыз болып барады (И. Сталин). Е, өмір деген осы. Баянсыз шіркін ол да бір,— деп күрсінді манадан бері осында жүрген шалдың бірі (А. Смайылов);

баянсыздықтұрақсыздық. Бұл, біріншіден, империалистік Германияның Европадағы қылығының баянсыздығы (И. Сталин). «Махаббатнаманың» соңғы қорытынды тарауында автор өзінің ғашықтық үміттерінің баянсыздығын, сәтсіз махаббаттың қайғы-қасіретін жырлайды («Қ. С. Э.»).
ت
ت ~ تاء (таун) — араб алфавитінің үшінші әрпі; сандық мағынасы 400.

تابع (табиун) табиғ1) біреуге еруші, біреудің жолын қуушы, шәкірт, жәрдемші; 2) қол асты, қарасты, бағынушы; 3) грам. қосалқы анықтауыш. Олай болмаса сипаттар өз орталарында бірі — табиғ, бірі — мәтбуғ болады ғой (Абай). Шәукәт, құдрәт, ағзам, хазрет, риғаят, табиғ, ғарызнама сияқты қара халық түсінбейтін, әдейі іріктеліп алынған сөздер бар (І. Қеңесбаев, Ғ. Мұсабаев).

تابعون (табиуна) табиюн1) ерушілер, ізін қуушылар; шәкірттер; 2) пайғамбардың замандастарын жақын білетіндер. Шаһарда асқан сұлу қыз бар еді, Қызы-ай деп табиюнның ел қызығар еді! Бұл хабарды әркімнен естіген соң, Көрмекке аламын деп о да келді («Ғашық-наме»).

تابوت (табутун) табыт1) өлген кісіні салатын ашық жәшік, қауашақ; 2) діни. Нұх пайғамбардың кемесі. Дұшпанға асқар бел еді, Қай теңдікке, ағайын, Тигізбей кетті қолыңды? Табынан озған датқалар, Таққа мінген патшалар, Салынбай қалмас табытқа («Жоқтау»). Мінеки, келіп қалдық атар таңға, Жарқырап күн де шығар тірі жанға. Табытқа салып алып әлде мені, Апарар сырын білмек бір далаңға (Абай). Қайдасың, молда мен бай, қарнын керген? Өмірге сендер мазақ болып өлген... Ақ қардай үлпілдеген біздің мақта Болады: бізге — бақыт, саған — табыт (Тұрмағамбет);




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет