Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


ынтызарлық — ынтықтық, құмарлық, құштарлық. Баймағамбеттің Гүлкәшимаға ынтызарлығын



бет8/42
Дата09.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#124208
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42

ынтызарлық — ынтықтық, құмарлық, құштарлық. Баймағамбеттің Гүлкәшимаға ынтызарлығын суреттеуінен Мәжнүннің Ләйліге ғашықтығына ұқсастық сезіледі (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). Жүректерді биледі ынтызарлық... Ақыл-есін жаулады гүл құмарлық (Ә. X. Д.)

أنجيل (инжилун) инжил — Евангелие (дін аңызынша құдай тарапынан Иса пайғамбарға түскен қасиетті кітап-мыс, ол христиандардың негізгі діни кітабы). Мен «инжил», «таурат», «забор», «құранды» түгел оқыдым,— деді («М. Б. Т.»);



енжіл. Айса-шата кімнен туған? Мынау енжіл неткен мылжың? Бір белгі жоқ құдай қудан, Түскен де жоқ көктен бір жын! (Қ. Бекхожин). Енжілді саулатқанда даусы қандай Шіркеудің қабырғасын күңірентіпті (Ғ. Қайырбеков);

інжіл. Алланың анық сырын бүркей сөйлеп, Алдады тексеруші тағы інжілді!.. (А. Пушкин). Үн шашқан жер дүниеге биік тұрған, Жаса, - деп жаңа тұрмыс салған ұран. Үн шашқан Коминтерн радиомен Қалсын деп шірік таурат, інжіл, құран (С. Сейфуллин). Құран мазмұнының төрттен біріне жуығы - таурат пен інжілден алынған пайғамбарлар жайындағы аңыз-ертегілер (X. Ақназаров).

انسان (’инсанун) инсан – адам. Жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан ақылды инсанды жаратыпты (Абай). Адаматадан өрбіген инсанның бір-біріне жаттығы болмайды, – деді ишан қымызды бір-екі жұтып қойып (Ж. Арыстанов);



инсаният — 1) адамзат, адам баласы; 2) адамгершілік, шыншылдық; 3) сыпайылық, әдептілік, көргенділік; 4) адам табиғаты. Сен де бұл ғылым, рахим, ғадаләт үш сипатпенен... шарт еттің... инсаниятың бар болды (Абай).

أنسية (унсййатун) үнсия1) үйірлік; 2) сыпайыгершілік, әдептілік; 3) шаттық, қуаныш; 4) «Үнсия» — һират қаласында Науаидың басшылығымен салынған кітапхананың аты. Медресе мен үлкен зәулім үйге «Ихласия», аурухана мен моншаға «Шифаия», кітапхана мен оған жалғас ақынның өзі және оның достары мен туыстары тұруына арналған үйлерге «Үнсия» деп ат қойды (Айбек).

انشاء (иншаун) инша — 1) құру, құрылыс, түзу, негіздеу; 2) жарату, жасау; 3) құрастыру, шығарма, баяндау; 4) әдеб. стиль, композиция. Бұл сөз иншалла (діни. құдай қаласа сияқты сөздерде кездеседі). Тіл алмай «қой» дегенге, қоржаңдайсың, Шыққандай, тілің ащы, күн бұлттан. Жабысып жайдақ атқа, жалбақтап қал, Иншалла, халас болмассың мехнаттан (Қаңлы Жүсіп). Иншалла, амандықпен табысармыз, Көңілде өкінішпен қайғы қалмай (Ақан сері);

енша. Енша алла, сөйле десең сөйлер шағым, Ешкімнен мүдірген жоқ тіл мен жағым (Жүсіп). Енша алла, хұда жолын танытармын,— деді Қожекең (Ғ. Мүсірепов);

еншалла. — Еншалла, қазынамыз ғой,— дей беріпті сонда Қозыбек («Ш. С.»). Еншалла, арты жаман болмас,— дейді ол (С. Мұқанов);

ынша. Сен онда да, мен мұнда, Жетсе игі еді қолымыз Ынша алла бұйсырса, Әлде де бірге болармыз (Манай).

انصاف (инсафун) инсап. – 1) әділеттік, әділдік, туралық; 2) әділ сот; 3) ауыс. қанағаттылық, кішіпейілділік. Амал жоқ тағдыр ісіне... Инсап, инсап — деді Әбілбек (Ә. Тәжібаев);



инсаф. Ел билеуде әділеттікті — инсаф немен сақтауға болады? - деген сұраққа адам түсінерлік жауап болмады (А. Машанов);

нысап. Нысап кетіп, асқынған жау, Оққа ұмтылған өзі өлуге Бірлік туын көтерген ел, Жауға жаңқа беремін бе? (Жамбыл). Ажуаларым аз болады деп тұрмысың? Жетер, шырағым, нысап керек емес пе? (К. Жармағамбетов). Мұндай ұят қылық қылғандығыңды бөтен кісі білмесе де, өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіңе жаза тарттырады (Абай).

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап (Абай). Ақылдың алты түрлі бар нұсқасы: Ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық — Алты түрлі нәрсеге ноқта тақтық. Алтауының ішінде ынсап әділ, Бесеуінің тетігін соған ұстаттық (Әріп);

инсапты. Дегенмен сен, Исабек, инсапты екенсің (Ш. Айтматов, Қ. Мұхамеджанов);

нысапты. ...Жазып па құдай бізге сасық шалды? Құдай тұрсын, нысапты пендесі де Қосама қу ағашқа өрім талды? (С. Торайғыров);

ынсапсыз1) әділетсіз, әділсіз; 2) қанағатсыз. Ынсапсызға не керек Істің ақ пен қарасы. Нан таппаймын демейді, Бүлінсе елдің арасы (Абай);

инсапсыз. Ләбізі күпір бұл сөздің боп жүрмесін, Өзім ғалым депсің ғой, інжу, аннас. Демепсің жауабыңда иншалла, Инсапсыз жан екенсің, ей, Балғабас (Ақан сері).

нысапсыз. Нысапсыз неме, көп болса, бір жыл тойынар (М. Сатыбалдиев). Үйінде молдалардың сексен шапан, Ар-ұят, абиыр кеткен шапан. Нысапсыздар қолында талапай боп, Мұң-зары талай елге жеткен шапан (К. Әзірбаев).

أنعام (’ин‘амун) инғам1) наград, сыйлық, шарапаттық, жақсылық; 2) назар, ілтипат, ықылас. Қу Алшын, сен сөз сөйлеп миың бар ма? Үстіңде сырлап салған үйің бар ма? Патшадан әр барғанда енғам (дұрысы: инғам — Н. О.) алған, Еліңде Наурызбайдай биің бар ма? (Қыз Болық)

أنقلاب (’инқилабун) инхлап1) өзгеріс; 2) төңкеріс; 3) революция; 4) күн тоқырау. Февральдің тоғызында «Уақыт» баспаханасында басылып, «Орынбор мұсылман қарби инхлап комитеті «Мұқбары» деген газеттің бірінші нөмірі шықты (С. Сейфуллин).

انكار (’инкарун) инкар1) мойындамау, қабыл алмау, іңкәр қылу, іңкәр ету; 2) ауыс. күдік, күмән, шүбә; 3) ауыс. құмар, ынтық, ынтызар. Сіздер алланың барлығын да инкар етесіз,— деді Асан.— Бар ма, жоқ па, ол екінші мәселе,— деді Фазыл мұғалім (I. Жансүгіров);



іңкәр. Тахик бұл айтқанымның бәрі рас, жаратушы артық «ақыл иесі». ... Оның ұлықтығына іңкәрім жоқ (Абай). Лайық ақылыңа қылықтарың, Іңкәр боп, сол ғой менің құмартқаным (Мұса молда);

іңкәрлік — құмарлық, ынталылық, ынтықтық, ынтызарлық. Қалыңдығыңа қалай қарадың, әйеліңе де солай қара және оның кез келген минутта: «мен саған разы емеспін, аулақ жүр менен» - деуге қақы бар екенін біліп қой, солай қарайтын болсаң, ол үйлену тойларыңнан кейін тоғыз жылдан соң, дәл сол қалыңдығың тәрізді асқақ іңкәрлік сезімге, жоқ, тіпті одан да зор асқақ іңкәрлік, шын мағынасында абзал сезімге бөлейді (Г. Чернышевский);

іңкарлық. Дауылпаздың сұңқарлығын жыр етем, Сұңқарлыққа іңкарлығым шын екен. Жақсылықтардың жақсылығы әманда, Жүректерге егіп кеткен гүл екен (К. Салықов).

اهل (аһлун) әһіл1) туыс, туысқан, ағайын, зайып, семья (тарих. Мұхаммедтің семьясы); 2) халық (діни. Әһілкітап: алла тарапынан кітап түскен халықтар — исауилер, яһудилер сияқты), тұрғындар; 3) адамдар (діни. әһілислам — ислам дініндегілер, мұсылмандар); 4) адамның білімділігін, шеберлігін, өнерпаздығын білдіретін күрделі сөздердің бірінші сыңары (әһіл ғылым — оқымысты, ғалымдар, әһіл қалам — жазушы, әһіл өнер — өнер қайраткері). Пиғылың ібілістің інісіндей. Істерің балшабайдың (фальшивый Н. О.) күмісіндей. Әлғия әһілінен жан екенсің, Солардың ие, таныс-білісіндей (Ақан сері). Біреудің көтерме алған біліміндей, Халық көріп қарастырған да әһлі сынық (Қаңлы Жүсіп);



әһілислам1) діни. мұсылмандар, ислам дініндегілер; 2) Бұхара қаласының теңеуі. Жиырмаға жеткеннен соң, желіктіріп, Қатар мен қыз-қырқынның шенінде өттің. Затыңды — бір білдіріп, досыңды — шын, Өзімді әһілислам елінде еттің (Тұрмағамбет);

ахль-ас-сунна — суннаны қабылдағандар, суннилер. Сунна бағытты жақтаушы мұсылмандар «ахль-ас-сунна», яғни суннаның адамдары немесе сунниттер деп аталып кетті (X. Ақназаров);

әһіл тариқат — нағыз, аса ұқыпты мұсылман. Онан асып өзін-өзі әһіл тариқат біліп және біреуді жеткізбек дұғасын қылады (Абай);

әһіл ғылым — ғылым иесі, оқымысты, білімдар. Осындай жұрттан озған біліміңмен, Ағалық айтпақ бопсың, нұсқап бармақ. Ағалық айтпақ түгіл, былайғыға, Адасып арандамай, басыңды бақ! Айтпа ақылы мол әһіл ғылым, Жандырар жанабынан шамға шырақ (Қаңлы Жүсіп).

اوان (ауанун) ауан1) уақыт, мезгіл, мерзім, маусым; 2) ауыс. ыңғай, жағдай. Мұсаның сөзі орынды, салмақты, сыпайы, өлшеп пішілген. Заманының ауанымен қыздан еркек артық деген пікірді баса айтқаны болмаса, Мұса басынан аяғына дейін қыздың көңілін өзіне тартам деген нық нысанадан бетін бұрмайды (М. Әуезов). Манадан көптің ауанын байқағандай болып тұрып, енді өз ішіме үңілсем, жұрт жүзінен таныдым дегенімнің бәрі де өз ойым екен (Ғ. Мүсірепов).

اوصاف (’аусафун) аусап1) суреттеу, бейнелеу; 2) белгі, тамға, ырым; 3) сапа, сапаларын есептеу; 4) ауыс. жол көрсету. «Қожаның аусапынан сақтанып жүр», Айтылған үлкендерден бар накилият. Аттасың Ешнияздың баласынан, Жолданды жанабыңа бұл әбият (Кете Жүсіп). «Оқытып жөһиттен де құтылдық» деп, Шеккен жан таупық пенен ідаяттан. Сұраушы сіз болғанда, біз ашушы, Иншалла, сіз болғайсыз сол аусаптан (Шораяқтың Омары).

اوقات (ауқатун) ауқат1) азық-түлік; 2) тамақ, ас, қорек; 3) жем; 4) дәулет, байлық. Әркім өздерінің дорбаларындағы ауқаттарын апыл-құпыл жей бастады (С. Айни). Көп түкірсе, көл болар!—дегендейін, Бергенін азды-көпті алып жүрсің. Дәмді ауқат жеп, бүтінді кимеп едің, Тамақ пенен лыпаға жарып жүрсің (Нұралы). Ол аса байып кете қоймаса да, жақсы ғана дөңгелек ауқаты бар адам болатын (С. Торайғыров). Өз үйіңде қипаңдап, Кісі үйінде күй таңдап, Ақылы бар кісіні Айбаттайды, даттайды, Ауқаты бар туғанды Қайырымсыз деп жаттайды (Абай);



ауқаттану1) тамақтану, ас ішу; 2) баю, әлдену. Шынында да ауқаттанып, демалатын мезгіл жеткен еді (С. Айни). Рота ауқаттанып тынықсын, соны жақсы ұйымдастырыңдар,— деді командир (К. Мыңжанов). Өзімді ат артына жайдақ салып Түркістан шаһарына келген алып, Осы араға келгелі жетінші жыл Үй салдым, шеберлікпен ауқаттанып (Әбенов). Екі-үш жыл өткеннен соң, табысымыз көбейіп, ауқаттануға айналдық (Дефо);

ауқатты — әлді, қуатты, дәулетті. Бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең, бек боласың, бүйтсең, көп боласың, бүйтсең, кек аласың деп ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр (Абай). Өсірген төрт түліктен он тоғыз мың, Ауқатты, шат тұрмыста колхозшылар (Дүйсенғали). Ауқатты таптардың мүддесін қорғайтын феодалдық ислам мемлекеті құрылды (X. Ақназаров);

ауқаттылық — байлық, дәулеттілік, молдық. Дастарқандағы тағамдардың көптігінен Дәулет үйінің ауқаттылығын аңғару қиын емес еді (С. Бақбергенов).

اول (аууалу) әуел1) бірінші, тұңғыш; 2) басы, басталуы. Қалды анасы танымай, Үндемеді әуел тіл қатып, Бейуақытта, жаным-ай, Қайдан жүрсің түн қатып (С. Мұқанов). Ең әуел тазалау керек іштің кірін, Іште толып жатпасын сасық ірің (Ақмолда);



әуелден — ертеден, бұрыннан. Әдейі ат терлетіп келдім тойға, Айкүміс әуелден-ақ болдың ойда (Жамбыл). Әуелден сұлу жайы бізге мәлім: Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған. Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай, Бойына майдалықпен сыр сақтаған (Абай);

әуелде — бастапқы кезде, алғашқы кезде, әдепкіде. Әуелде кірдің түсіме, Ортақтасып өміріме. Толғау салып ішіме, Сол күнде-ақ жақтың көңіліме... (Абай). Сұлтанмахмұт жастайынан көп оқыды. Әуелде діни мектептер біраз уақытын алғанымен, ол кейін әр түрлі пәндерге, көркем әдебиетке жан-тәнімен кірісіп кетті (Ш. Айманов);

әуелгі — бастапқы, алғашқы. Әуелгі кезінде Қайтпаған көңілдің Есептеп өзің де, Түрінен өмірдің (Абай). Сенімді елімде ақы қалмағаны, Адам жоқ мүсәпірдің ақын жеген. Егерде зорлық қылған кісі болса, Сөзім шын әуелгі айтқан «берем» деген (Ашубай);

әуелгідей — бастапқыдай, алғашқыдай. Патшаның жүрегінде қайғы молды. Жел шығып, дария жүзі толқын болды. Дария әуелгідей толқып еді, Ұшырды бұғау салып оңды-солды («Ғашық-наме»);

әуелінде — басында. Сөз жаздым Ерекеме, озған топтан, Санаған көңілін биік Гоһикаптан. Өткен жыл Октябрьдің әуелінде, Жолықтым жазған хатқа сіз жанаптан (Шораяқтың Омары);

әуел-ақыр — ертелі-кеш. Айтады әуел-ақыр көргендерін, Дарияда жолдасының өлгендерін. Айдаһар, жолбарыс пен Асут дию, Өлтіріп өзін алып келгендерін «Ғашық наме»);

төл-әулет — туыс, жамағат.— Әкеңді бала жастан білемін мен. Бұйығы байғұс шал ғой, тілегі кең. Аталас адамбыз ғой... Рас, бұл өңір,— Тегінде, төл-әулетім түгелімен (Қ. Бекхожин);

әуелі1) алғашқы, бастапқы, бастауыш; 2) негізгі, басты, ең басты, ең маңызды. Балаңды әуелі молдаға бер, я жораға бер немесе наубайға бер (мақал). Жастықта бір күлгенің бір қаралық. Күлкі баққан бір көрер бейшаралық. Әуелі, өнер ізделік, қолдан келсе, Ең болмаса, еңбекпен мал табалық (Абай). Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: әуелі — надандық, екінші — еріншектік, үшінші — залымдық деп білерсің (Абай).

اولياء (аулйау) әулие1) туысқандар; 2) ауыс. ең жақсы, ең қымбат; 3) діни. әулие - құдай жолын қуып, дінді уағыздап, сөйтіп өзін қараңғы халық көзіне әділ, адал жан етіп көрсетуші адам. Әулие деген сөз уәли (софы) деген сөздің көптік түрі (А. Машанов). Аттың әулиесі ол кезде отыз, қырық сом ғана (С. Мұқанов). Бірнеше молдалар киежара, омыраулап біз отырған төреге келеді. Ақмола уезінің атақты молдалары, әулиелері (С. Сейфуллин);



әулие-әнбие — әулие және пайғамбар. М.Әуезовтің «Абай жолы» романында әулие-әнбие сияқты қос сөздер кездеседі (Ж. Болатов). Бақсылар мәжүсилердің аруағына да, мұсылмандардың әулие-әнбиелеріне де сиынды («Қазақ ССР тарихы»);

әулие-ата1) жер аты; 2) мавзолейдің аты. Тараз қаласының батыс бөлігіндегі Қарахан әулеті хандарының бірі жерленген қабір үстіне XI ғасырда салынған мавзолей («Қ. С. Э.»);

әулиесу — өзін әулие, сопы етіп көрсету. Әулиеси бермеші, тақсырым-ай, Тұлпар басы тоқтамас тасқа ұрылмай. Әдетің алаңдаған қайда қалды, Қой жеген Алатаудың қасқырындай (Ұлбике);

әулиесіну — сопысыну. Осы - әулиесініп отырған Тілеуімбет бидің мініп жүрген сары ала жорғасы кімдікі екен? (Ғ. Мүсірепов);

әулиешілік — тақуалық. Бұрын діни адамдар қараңғы халықты алдап, мал табу үшін түсті «құдай ісі», «әулиешілік» деп келсе, түс көру мен оның физиологиялық механизмі сырын ашқан советтік ғылымның еңбегі зор («Қ. К.») Үш жүз алпыс әулиесі бар деп есептелінетін кәрі Маңғыстаудың нағыз әулиешілігі күйлеріне оңған-ау деп түйесің (М. Сатыбалдиев);

әулиелі — киелі, қасиетті, керемет. Бұл белгілеріне қарағанда, сонау арғы дәуірде осы арадан көшіп жүрген елдер бұл атырапты әулиелі жер санаған (І.Есенберлин);

әулиелік – діни. киелілік, қасиеттілік. Ғайнулла қазіреттің «әулиелігіне» шек келтіргісі келмегендер «садақаны аз беріпті» деп, сырқат адамның өзін кінәлайтын (С. Мұқанов). Яғни пенделіктің кәмелеті әулиелікпен болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып, һу деп тариқатқа кірсе, дүние ойран болса керек (Абай).

ﺁية (айатун) аят1) белгі; 2) ғажап, тамаша, керемет; 3) діни. Құран тарауларының аты, Құран аяты — өлеңі. Құранда 6225 аят бар (X. Ақназаров). Законда зорлық болмас жанды адамға, Жақсыны қор қылып болмас бір жаманға, Және де аят пенен хадисте бар, Жылатып берме деген еш наданға (Біржан). Тастағы жазуды Қайырбек ежіктеп оқи бастады. Ағузіден тартып, бір ауыз аят жазылған екен (Ғ. Сланов);



аятул-күрсі — діни. алланың атағы, оның кереметі туралы аят (Құранның аят-өлеңі).— Шайтан болса, онда «қашып құтылам» дейтін мен надан емеспін ғой, сендердей! «Аятул-күрсіні» оқып тұрмын (М. Әуезов).

аятыл күрсі. Қамар сұлудың сөзіне ашуланған молда: Көп сөзді қой, су әкел, неке оқимын, Аятыл күрсі, алхамды жеті оқимын... (С. Торайғыров);

аят-хадис — аят (өлең) пен әңгіме. Орысшадан (парсы, араб, түркіден) Роман тауып беруге Басамын жалпақ мөрімді! «Шахнаманың» соңынан: Кітап қып бөлек басыңдар Жастан жиған қорымды. «Араб, парсы аралас екен» деп, Бірақ бұл кезде Қайнатпаңдар сорымды. Абайдың да сөзінің Аят-хадис ішінде, Оқып едім көрінді (Тұрмағамбет). Тұрмағамбет жұртты дінге ұйытып, Құранның аят-хадисын жаттауды былай қойып, халық арасында сауық-сайран құрады, ақындық сөздерін таратады, көп ұзамай мешітті мектепке айналдырып, оқытушылық қызметін атқарады, жастарды оқуға, білімге үгіттеп, ұстаздық етеді («Қ. Ә. Т.»);

аят-қадіс. Асан қазірет Бұқарай Шәріптің бар кітаптарын шіріткен өзін «аят-қадістің терең құдығымын» деп түсінетін еді (I. Жансүгіров).

ايجاد (ижадун) ижад — шығарма. Жарияланған башқұрт айтыс өлеңдерінен «Екі шешен», «Өзен көркі тал болар», «Заманға заман оралған», «Ақмырза шешен мен Құбағыш шешеннің айтысқаны» дегендерін атаған жөн. Бұл айтыстар 1954 жылы «Башқұрт халық ижады» атты жинақта басылып шыққан (Б. Ысқақов).

ايلات (илатун) елат — халық, тайпа, адамдар қауымы, тұрғындар. Илат — ил (ел — Н. О.) деген түркі сөзі мен сөздің көпше түрін жасайтын ат деген арабтың жұрнағынан (Л. Будагов). Илат арабтың жалпы зат есімдер жасайтын ат жұрнағымен байланысты (Э. Севортян). «Жоғалтпай, ала бар!» Біз де біраз елатпыз Сөз білетін дана бар (Құлымбет). «Қойдым»,— деп,— үшеуімді үшеуіңе» Бұл сөзді бала айтар ма жасы онда? Есіткен елатымыз күлді біраз (Ермұрат). Деді қыз:— патша Қануж - атам аты, Дарияның ар жағында бар елатым (Тұрмағамбет);

ылат — ауыс. тыныш, жуас, момын, көнгіш, елгезек. Кейде қайғы, кейде шат, Кейде тұнық, кейде ылат, Кейде қорқақ, кейде өжет, Кейде тірі, кейде өлет (I. Жансүгіров).

ايمان (иманун) иман1) наным, сенім; 2) діни. ақниеттілік, парасаттылық. «Иман» — араб сөзі, оның қазақшасы — нану, сену (X. Ақназаров). «Патша жақын арада түседі» деген иман көкірекке бекіп орнауда (С. Сейфуллин). Құдай тағаланы ғайыбы жоқ, міні жоқ, өзі әділ деп иман келтіріп едік, енді құдай тағала бір антұрғанға, еңбексізге мал береді екен (Абай);



иманды1) діндар, діншіл; 2) ауыс. таза, адал. Жағалай өзен-суға бітер құрақ, Макшарда иманды құл мінер пырақ. Менімен сөйлесуге құмар болсаң, Көрейін өнеріңді, сөйле, шырақ. Мумин болсаң, әуелі иманды бол, пендеге иман өзі ашады жол (Абай);

иман-зікір — діни. құдайға сенуді есте ұстау. Әбден құртты мына ала ат, Аяңдасаң түйеше теңселеді, бүлкілдесең иман-зікіріңді аузыңнан шығара зіркілдетеді, бұл қара талақ тигір,— деді Айтан (X. Есенжанов);

имансыз1) діни. құдайсыз, ұждансыз; 2) ауыс. ұятсыз, арсыз. Имансыздың ұяты жоқ (мақал). Мектепті өртеген мына бала екен. Кәпір, зұлым, имансыз (М. Ақынжанов). Нарқасқа жігіттер екен бәрі де. Ішінде Амандос имансыздан жұдырық жей беретін, шолақ тонды, асықтай шофер бала да жүр (М. Сатыбалдиев).

имансыздық. Имансыздық намазда Қызылбастың салған жол. Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел (Абай);

иманшарт1) діншілік, мұсылмандық шарт, символдық белгі; 2) діни кітаптың аты. Бастауыш білім «Иманшарт», «Әптиектен» басталып, сосын «Түрки» оқылатын (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). Иманшарт пен құран менің қолым емес, «Ағузы» деп балалардың аузын қайыстай создырып жата алмаймын. (Д. Әбілев). Оқытқан «әліпсін — ә» надан молда, «Иманшарт», «Әптиегін» беріп қолға (С. Торайғыров);

имани1) дінге тән, дінге тиісті; 2) діни. иманды (таза, адал). Осы үш сүю болады имани гүл, Иманның асылы үш деп, сен тахиқ біл (Абай).
ب
ب ~ باء (баун) — араб алфавитінің екінші әрпі; сандық мағынасы — 2.

باب (бабун) бап1) тарау, бөлім (кітаптың); 2) көз, бұлақ (кірістің); 3) бір түрі, тек, сорт; 4) грам. етістік түрі. Қармалап хат жазыпсың онан кейін: «Баянсыз, бұл бекер сөз жоқ,— деп,— орна. Айтып ем «Ақайыттан» үш ауыз пән, Бабынан «фазлияттың» мұхмын құлға (Ермұрат). Халық ағарту министрлігінің екі класты мектептер жөніндегі ережесінің 14 бабына сүйене отырып, шаруашылық әдіспен салу пайдалырақ болар еді деген пікірімді білдіремін (Ы. Алтынсарин). Неше фасыл, неше бап, Біздің сөздің бұтақтап Кетеді ұзақ тарауы (Н. Наушабаев);



бапшыл — баб мазһабын жақтаушы. Ирандағы бабшылдар көтерілісін (1848-52) басқарған, бабшылдар сектасын құрушы («Қ. С. Ә.»);

баби — діни. бабилар (о. Бабиды) мазһабының мүшесі (қар. Бабизм). Капитализм заманындағы шииттік бағыттағы секталарға бабидшілер мен бехаистшілер жатады (X. Ақназаров);

бабизм — бабилар (бабиттар) мазһабы. Бабизм XIX ғасырдың 40-жылдарында Иранда пайда болды, оның негізін салушы Али Мұхаммед (1820—1850). Ол өзін 1844 жылы Баб, жаңа дінге өту қақпасы деп, ал 1847 жылы махди деп жариялады (X. Ақназаров).

بات (баттун) пәт — батыл, тайынбайтын, тайсалмайтын, үзілді-кесілді. Оза алмай орақ кезде, артта қалып, Астықты тапсыруда болдыңдар - «мат». Масайрап мал жөнінен мақтаныпсың, Ол рас, қайтты біздің шамалы пәт (Ысқақ);



бәт. «Қайтарды мынау құзғын көңлім бәтін» дегенді «Салмаған шығар, сірә, тәңірім сәтін» деп түзету сәтті емес (Ә. Жәмішев).

بارك (барака) бәреке1) біреуге бата беру; 2) біреу үшін бата тілеу. Бәреке Аллаһ... (Фараби);



барақалла. Әп барақалла, дұрыс айттың, Мұсаке!— деді молда (Ж. Арыстанов);

бәрекелде1) діни, алла қолдасын; 2) од. бәлі, жарайсың! Бәлі, жігіт! Өте жақсы! Алтынның бәрекелде мақтауына, Сонда да күмәнім бар шаппауыңа! (Манат). Міне, сөз, бәрекелде, Баршажан (Ғ. Сланов). Бәрекелде, сөзіңіз сөз-ақ, құдағи,— деді (Т. Нұрмағамбетов);

бәрекелді. Бәрекелді! «Бітер істің басына, жақсы келер қасына!» Кәне, үй жаққа баралық (Ғ. Мұстафин). Сен - Абақтың жүйрігі, Мен - тұлпары Тарақтың. Бәрекелді, Жамбылым, Салты осы ма еліңнің? (Досмағамбетов).

بسم الله (бисм-ил-лаһи) бісмілла1) алланың атымен (мұсылмандардың бір әрекетке кірісудегі діни формуланың бастапқы сөзі);



бисмилла. Бисмилла. Айналайын, алла тағала, Жұрт сені де тыңдамайды, Сен түгіл мына мені де тыңдамайды,— дейді молда (Ү. Уайдин);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет