Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


хиянат. Басым кетсе де хиянатқа



бет27/42
Дата09.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#124208
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42

хиянат. Басым кетсе де хиянатқа шыдамаймын (Ғ. Мұстафин). Аттай кетсең, Таппай сөксең, Хиянат маған, өте обал (I. Жансүгіров);

қиянаттауқиянат көрсету, қиянат жасау. Кенжеке, қолыңмен ал ақырмай-ақ, Сүйекке қиянаттап батырмай-ақ (Әріп);

қиянаттыопасыз, залым. Аққұлдың келіні Зәуре жазықсыз қиянатты болды (Р. Тоқтаров);

қиянаттықопасыздық, залымдық. Әбілхайыр дәл бұл сәтте қатал Әмір-Темірдің шығарған жазасының қиянаттық жағын ойлаған жоқ, ол тек кегінің қайтуын ғана көздеді (І. Есенберлин). Туған әкеден көрген қиянаттық пен дөкірлік, Құнанбайлық жолдан біржолата ат құйрығын кесісіп айрылысқан Абай, енді өз жолын, әділдік жолын ұстанады (М. Атымов);

қиянатсызопасыздығы, арамзалығы, залымдығы жоқ. Қыршын жаны қиянатсыз үзіліп, Көкшілденді бет бейнесі бұзылып (М. Хакімжанова). Қиянатсыз қыршын жан, Кез болған кенет ажалға, Сүйріктей көктей қыршылған, Күн көзі түспей азанда (С. Бегалин);

қиянатшықиянат жасаушы, опасыз, залым, әділетсіз. Бұл қиянатшылар — жарым адам, жарым молла, жарым мұсылман. Олардың адамшылығының кәмелет таппағы — қиынның қиыны (Абай). Жұмабай, Тұрсын еді ұры басы, Қиянатшы солардың бар жолдасы (Болман);

қиянатшылопасыз, арамза, залым. Бұлардың (Аяз би, Жиреншелердің) өткір тілі, тапқырлығы қиянатшыл хандарды, дүниеқор байларды мазақ етуге бағытталған («Қазақ ССР тарихы»). Жүрегім менің — қырық жамау, Қиянатшыл дүниеден... (Абай);

қиянатшылдық. Фараби трактаттарында діни дүмшелікке, парақорлыққа, араздыққа, кісі қанаушылыққа, қиянатшылдыққа соққы беріледі (П. Брагинский);

қиянатшылықопасыздық, залымдық, әділетсіздік. Көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылдыққа салындырып алады, соңынан молдаға берген болады (Абай).

خير (хайрун) І қайыр1) жақсы, мейірбан, мейірімді, рақымды (адам); 2) өте жақсы; 3) жақсылық, игілік. Қайыр қылсаң бүтін қыл (мақал). Шырағым,. адам болғай, - деп, Ата-енең жылайды, Баладан қайыр болмаса, Баланы неге сұрайды (Ы. Алтынсарин). Бір ақылымды алар болса, Базекең бұл өлкенің елінен қайыр күтпесін (М. Әуезов);

І хайыр. Одан ешбір хайыр болмаған соң үйге кіріп едік, ешкім жоқ екен (Ә. Әбішев);

II қайырсадақа, құрбандық беру. Хабарлас қылмай үйге кіріп келдің, Адамдай қайыр сұрап, арың кеткен (Сырға). Сұрасаң қайыр, шешетай, Мен үшін жемтік жинама! (С. Торайғыров);

II хайыр. Дүниеден Қарындағы бай боп өткен, Жеріне ойына алған қолы жеткен. Малынан хайыр ихсан бермеген соң, Жер жұтып, ғазап тартып, мехнат шеккен (Ақан сері);

III қайырод. Қош, сау бол! Қайыр, — деді Железнов Үмітке қолын ұсынып (С. Мұқанов). Нағыз айтқан батыр Бақтыбай өзіңсің. Сенен кім батыл айтады. Алдыңа қазақ түсе қойса... Әділдің алтын босағасы ашық, жылына төреңе келіп, бір амандасып тұр. Қайыр қош, батыр! (Тезек);

III хайыр. Адамның бала деген бауыр еті, Ақыры шын сөзімді қимадыңыз. Айтқан сөзге түсініп, көңілің жұмсап, Қош, хайыр, рақмет сыйладыңыз (Қарқабат). Хайыр, Қарасев жолдас, — деді инженер («Л. Ж.»);

IV қайыр од. құп, жақсы, жарайды! Қайыр, жарайды. Айт десеңдер, соны айтайын (С. Сейфуллин);

қайрул-қалам қайырлы қалам, жақсы сөз. Пайғамбар, қайрул-қалам, мақұл деген, Жақсы сөз имандыға жақын деген (Ақан сері);

хайруннасқайырымды адамдар. Егер бұлар дін ұстазымыз болмаса да... хайруннас деген (Абай);

қайыр-зекет садақа. Мынауы салған екен қырға бекет, Малына бермесе де қайыр-зекет үбек). Жылайды қожа-молда түбін ойлап. Тірлікте қайыр-зекет бермеген жан, Тұрады ақиретте тайдай тулап (С. Сейфуллин);

қайырсызқайыры жоқ, рақымсыз. Қайырсыз болса байдан без, Панасыз болса сайдан без (мақал). Ақылы бар кісіні Айбаттайды, даттайды. Ауқаты бар туғанды Қайырсыз деп жаттайды (Абай). Көктемесе жаңбыр боп Қайырсыз жаздан қыс артық (Н. Наушабаев);

қайырсыздыққайыры жоқтық, рақымсыздық. Атаңыз байлықпенен хат барды ма? Махшарда қайырсыздық зиян еткен. Атаңды мақтаймын деп айға ұқсатып, Жүрмеңіз күпір болып бұл реттен (Ақан сері);

қайыршытіленуші, қайыр-садақа сұраушы (адам), диуана. Етікші қайыршыны көріп, тура келіп, бір кішкене нан береді («Қ. Е.»). Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай (Абай);

қайыршылауқайыршы сияқтану, қайыршы болу. Фашистер ел басқарған қауымында Мендей қарт күнелтеді қайыршылап (Жамбыл). Күнелтті қайыршылап бір екі жыл, Ақмешіт, Қазалыда, Қармақшымен (О. Шипин);

қайыршылықтілемсектік, жоқшылық. Еңбексіз мал дәметкен — қайыршылық, Ақылды ерге ар болар ондай қылық (Абай). Әр ауылдың бір шеті байлық, бір шеті жоқшылық, қайыршылық боп орнады (М. Әуезов). Таптық қоғам өмір сүрген кезеңде еңбекші бұқара халық қаншама еңбек етсе де, қайыршылық халден қол үзіп шыға алмады (Ә. Болғанбаев);

қайыр-садақа мүсәпірге берілетін жәрдем. Молда Мұсаның «Қайырымды қыз бен қайыршы» мысалында адамға мейірі жоқ сараң бай жоқ-жітікке, мүсәпір қайыршыға қайыр-садақа ұсынып, мейірбандық пейіл, адал жүрек көрсеткені үшін өз қызының да оң қолын кесіп тастайды (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). Сарғалдақ маңайдағы елдің әрі имамы, әрі емшісі, жұрттың қайыр-садақасы, зекет-ұшыры түгелімен соныкі болады (С. Мұқанов);

хайыр-садақа. Құранның бұл арада көксеп отырғаны — яһудилердің садақасы мен зекеті, егер хайыр-садақаны көп берсе, олардың қылмыстарының бәрін құдайға кешіртпек, жұмаққа да кіргізбек, азық-түлікті де қамтамасыз етпек (М. Тоқжігітов). Алатын ақысы бар, хайыр-садақасы бар, табысы көп болады да, тапқанын ұқсата алмай, әркім молданы алдап жей береді (С. Мұқанов);

қайырлысәтті, құтты, игілікті. Қайырсыз пайдадан, қайырлы залал артық (мақал). Қоныстарың қайырлы болсын, шырағым, жақсы келдіңдер ғой (Б. Майлин). Құтты болсын қайырлы еңбек, Алайық бір сермеп-сермеп (Қ. Аманжолов);

хайырлы. Хайырлы болсын, шырағым,— деді ол (X. Есенжанов). Алдымен сіз ата-ана, аға-бауырды хайырлы мәкканыңа қояр шақта аллаһу аманатының айтылған, айтылмағанын муттаһи білмей отырсыз, — деді Мұқаш молда (А. Сейдімбеков);

қайриятқолдаушылық, жәрдем берушілік, рақымдылық. Шақпаққа шаян «досын» ыңғайланды, Ойланып опасыздық ақырында, Қайрият қандай жәрдем еткеніңмен, Жауыздық жайы мәлім, асылында (Ермұрат);

қайырым рақым, мейірім, жақсылық. Хан азарында қарашамен қас болады, Би азарында қайырымы жоқ баймен дос болады (мақал). Қайырымы жоқ сұлтанға Ерген нөкер не табар («Ер Тарғын»). Көтерген жұртқа бас қылып Қайырымы тимеген (Жамбыл);

қайрымды. Қайрымды болсын күн, Мен соған тағзым етемін. Періште деген жандардың Кеш білдік сайтан екенін )

қайырымдырақымды, мейірімді. Менің жалғызымды қайырымды анадан туған сен сияқты адал жасқа кездестіргені үшін аллаға ризамын (Ибрагимов). Қайырымды қалың елі бар, Сарыарқа сары белі бар, Өрісті шалқар көлі бар, Сағындым мен қырымды (С. Сейфуллин);

қайырымдылықрақымдылық, мейірімділік. Молда Мұса «Қайырымды қыз бен қайыршы» атты мысалда, бір жағынан, шетке шыққан сараңдық пен дүниеқор байды сынаса, екінші жағынан, адамның адамға етер қайырымдылығын, ізгі тілек пен игілікті істерге бастайтын адамгершілік ілтипатты насихаттайды (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). Газеттің жас таланттарға қанат бітірер қайырымдылығына зор құрметпен, қуанышпен қараймыз («Л. Ж»);

қайрымсыз. Мұхаң (Әуезов) керемет ақын болғандықтан ғана сұлу түйсік дегеннен жұрдай, қара тастай мелшиген қатыгез қайрымсыз қаланың, қаржылы қалта ғана билеген саудагер қаланың сараң кейпіне бай теңеу, бейнелі сөз, сұлу салыстырулар тауып, табан аузында өмірді өлеңге айналдырып жіберген (Е. Букетов);

қайырымсызрақымсыз, мейірімсіз. Бай болған Шоқанайда Бабас атты, Қайырымсыз қарау адам тастан қатты (О. Шипин). О, тәңірі, қайырымсыз, анамды алдың, Ашылмастай басыма қайғы салдың (Қ. Жұмалиев);

қайырымшылрақымшыл, мейірімшіл. Ерекең — көңілшек, қайырымшыл адам (Б. Момышұлы).

қайырымшылық. Екі жасқа қайырымшылық жасайық, — деді (М. Жолдасбеков).
د
د ~ دال (далун) араб алфавитінің сегізінші әрпі; сандық мағынасы 4. Дал, дариға ғашық оты бермес аман (Абай). Дәл ұшы құйрығының — «дал» формалас, Жаралған қасиетінен рақаттың. Таяғын ардақты ердің қолыма ұстап, Мойны мен басын шаныштым қасқалдақтың (Баймағамбетов). Дәл ұшы құйрығының «д» —«дал» заттан (Кете Жүсіп).

دار (дарун) дар1) пәтер, пәтер үй, үй, ғимарат; 2) ел, жұрт, халық; 3) ауыс. жер, жақ, Отан; 4) грам. дар күрделі сөздердің басында жай, орын деген мағынада қолданылады. Әбунасыр әл-Фараби Дар әл-Фаниден Дар әл-Бақиға аттанды, - деп жариялады халыққа әмірдің жаршысы (А. Машанов);

дар-уль-ислам1) діни. ислам мекені; 2) мұсылман елдері. 3) діни ұйымның аты. «Дар-уль-Ислам» — Индонезиядағы империализм тірегі (X. Ақназаров);

дарулхикматданалық орталығы. Дарулхикмат — ғылым орталығы, оның қақпасындағы жазылған: «Ғалымдардың сиясы шейіттердің қанындай қадірлі» деген сөз Фарабидің көзіне оттай басылды (А. Машанов);

дару-л-хараббүлінген жай, қиратылған орын. Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса болады, оның үшін бұл жер дәру-л-харап, мұнда әуелі мал табу керек (Абай). «Дәрілкараб» сөзі де сөздіктегідей емес, «дару-л-хараб» боп жазылуға тиіс (Ә. Дербісәлиев);

дарил-қыланат 1) тарих. халифаның ордасы, халифаттың астанасы; 2) Тегеран қаласының теңеу аты; 3) еск. астана. Жоқ, — деді қыз, - халифаның қатыны сенің дүкеніңдей көпшілік жүретін жерде емес, оның отырған жері Дарыл-қылапат ордасына кіру оңай емес («М. Б. Т.»).

дар әл-фунун1) өнерлер үйі; 2) ғылымдар үйі; 3) университет; 4) техника; 5) сала (ғылымдардың). Уәлінің аулына «Орынбор маңындағы Қарғалының Дар әл-фунун бітірдім» деп келген Ғалиасқар есімді татар молдасы имам болды (С. Мұқанов);

дарылпұнин. Міне, шашты, әлемге үнін, Бірінші ВУЗ Дарылпұнын, Бірінші — лек шыққан ұлын, Елге еңбекші береді (С. Сейфуллин);

дарулмағзумқұлдық үйі, құлдық жайы, құлдық елі. Жылауменен жасынан, Көзі тіпті көрмейді. Дарулмағзум мәкамнан, Шықпайды күндіз-түнінде. Сонда жатып Жүсіп деп, Күңіреніп қатты сарғайды («Ғашық-наме»);

дарылмұғалімінмұғалімдер даярлайтын институт. Стамболдан дарылмұғалімін бітірген (I. Жансүгіров).

دامع (дами‘ун) дамихдәлелді, нандырарлық. Әннен соң «ашылсын» деп жаздым сізге, Дәрпінен дамих қылып мәрт құшақтың. Бұл жұмбақ аңғарушы азаматқа, Оншама қиын емес, абайлаттым . Баймағамбетов).

داهى (даһййун) даһиақылды, қу, айлакер, айлашыл. Жөнінен сағынғандық жаздым даһи, Жиһанда жігіт болмас, сіздей сахи (Сапарғали).

دائرة (да’иратун) дәире1) дөңгелек, шеңбер (құлыптың, жердің); 2) округ (сайлау); 3) сфера (алқа, орта, айналасы), бөлім; 4) сессия; 5) мекеме, басқарма. Қабырға жұмыр дәиренің (шеңбердің) имек доғасы түрінде қаланған құрылыс... Дәреже бір кез болғанда дәиренің ұзындығы неше кез? Дәире (шеңбер) 360 дәрежеге (градусқа) бөлінеді. Олай болғанда дәиренің ұзындығы да 360 кез болғаны да,— деді (А. Машанов);

даһира. Әбілхайырдың Руссия қол астына кіру... өтініші жоғары даһираларға қуанышпен қабыл етілді (С. Торайғыров).

دائم (да’имун) дайым1) созушы; 2) ұзақ; 3) тұрақты, мәңгі; 4) мезгіл. Баурында Оқжетпестің бір шоқ қайың, Жүреді сонда сері келіп дайым... (I. Жансүгіров). Айтыңыз сіздің дағы құтты болсын, Көз болмас дайым айттың күні бізге. Бар болса жақсы сөзің сөйлей отыр, Ынтықпыз біз де сіздің тіліңізге (Қадиша);

дәйім. Мінгенім көш алдына дәйім көкті, Тартынып жетегімнен нарым шөкті. Шектінің айтысқаным таз баласы, Түйедей аузынан ақ жынын төкті (Жалықбай қызы). Дәйім уақытынан кеш қалып... Өмір бойы ғафыл болып-ақ отырғаның (Абай);

дәйімі. Үстінде жүріп тұрған шарқы пәлек, Аспан, Жер, Ай менен Күн туып теңдей. Отыз күн, туған толық Ай мен жұлдыз, Дәйімі айналады дамыл көрмей (Қаңлы Жүсіп).

دب (дуббун) дуб1) зоол. аю; 2) астр. Жетіқарақшы. «Темірқазық» жұлдызының арабша аты — Дуб, оның бізше мағынасы — Аю. Ол — кіші Аю, «Жетіқарақшы» — үлкен Аю (А. Машанов);

دبران (дабаранун) дабаранастр. жұлдыздың аты. Он төртінен толған Ай Өгіз жұлдызының көзіне (Әл-Дабаранға) дәл келсе, қыстың айы деп білеміз (А. Машанов). Толған ай он төртінде әл Дабаран, Екеуі қыс айында қосылысқай (Фараби );

دجال (дажжалун) дажал1) алдамшы, өтірікші; 2) жалған атақты, өзіне-өзі атақ беруші; 3) ауыс. жалмауыз. Таки ғажапта айтады: «Дажал деген біреу шығып, халықты гүрілімен, дүрілімен ерте алмайды, әншісі, сырнайшысы, сауықшысымен қызықтырып ертеді» дегенді көрмедіңдер ме? Қысқасы, бір халықтың әні кетсе, әдебиеті жесір қалады, сәні кетеді, сәні кетсе, жаны кетеді (С. Торайғыров). ...Жыланнан сырға салған жолбарыс қыз сықылды жын патшасы, дажал түсті (І. Жансүгіров);

тажал. Ақыр заман болғанда тажал деген шығып, дүниені жалмай бастайды. Адамды сол апаттан Мәді ғана құтқарады,— дейді араб ертегінде (С. Мұқанов). Бізді осындай ылаң еткен жалғыз ғана алапат. Ол — анау күннің батысынан шыққан қу тажал (Ғ. Сланов). Жақын заманда болып өткен адамзат апаты, қырғын соғыс тажал қайта оралып келмесін деп мақсат етіседі (М. Әуезов);

дажалдайдажал сияқты, жалмауыздай. Үстіне жалпақ елдің қонып алып, Бойдағы қанын, сөлін сорып алып, Дажалдай бәрін жалмап жатыр екен, Бәсеке өзіндеймен болып алып . Тоғұзақов). Адам қаны өзен боп сарқырап, адам өлігі тау-тау боп үйіліп қалды. Жалмауыз неміс сонда да тойған жоқ. Дажалдай жалмап келеді (Ғ. Мұстафин);

тажалдай. Бұл өзі қандай пәле жалақтаған, Тажалдай жан-жағына алақтаған, Я — үзіж, Мә — үжіж осы емес пе, Әжесі әңгімеде ертек қылған (Қ. Сатыбалдин).

دخان (духанун) дұхан1) түтін; 2) темекі. «Аддұхани кәйфиятән» хадисті қалай бекер деп айтасыз,— деді Идіріс қазіретке (С. Мұқанов).

در (дуррун) дүр1) інжу (омыртқасыз, жұмсақ денелі сауытты жәндік денесінде пайда болатын, көбінше ақ не ақ сары түсті қатты зат, маржан, қымбат; 2) ауыс. зор, атақты, әйгілі; 3) ауыс. асыл; 4) кісінің атындағы қосымша (Дүрдана, Дүржан). Молдеке, ақылың артық, дүр — данасың, Орынсыз жаппа маған сөз жаласын! (Ерімбет). Дүр тасындай дүниеде, Өскен орта гүлістан, Алақанға айды ойнатып, Жұлдыздарды уысталық (Д. Әбілев). Қиядан көргіш қырағым, Тұғырында ту алып, Жұртыңменен қуанып, Жамбыл бабам, болдың дүр! (С. Керімбаев);

дүррә. Мысыр халқы Жүсіпке келді бәрі, Ұлы-кіші, шаһарда жас пен кәрі. Басына дүррә, маржан, інжу шашып, Тағзымдап қатар тұрды баршалары («Ғашық-наме»);

дүррі. Жаталық таң жадырап атылғанша, Сөз болып, дүррі гәуһар шашылғанша... (Ақан сері). Дүррі гауһар екі көзің — Алтын кесе шарада, Салдым көзім бітті төзім, Семіп дүние бара ма? (Қ. Шаңғытбаев);

дүрри. Халық қазынасынан небір дүрри гауһар асыл теңеулерді жаңа заманды мадақтауға сәтімен жарата отырып, бағзы бір ретте солардың қадірін көтеріп, шектен асырып жіберген кезі де болды (Р. Бердібаев);

дүрие. Үлкен жез шылапшынның қарны жарылды: екі топ жібек барқыт, екі топ дүрие, американский қисық табан хромнан екі пар әйел етігі, қызылды-жасылды үш жібек салы, шар айна, ішін өңшең жұпар сабын мен иісті майға сықып толтырған айналы қол шамадан, тағы-тағы толып жатқан нәрселер... (I. Жансүгіров);

дүрия1) матаның аты; 2) жарқыраған. Оның ішінде келінге жасау тігілетін патсайы, мақпал, манат, дүрия жағы бөлек салынған (М. Әуезов). Дүрия кисе, қараман мен ол қызға, Бай қызының ескісін кимек түгіл (С. Торайғыров). Жағасын дүрия қамзол дал-дал қылып, Қатынына Саполаттың жаматтырдың (Ақан сері);

درجة (даражатун) дәреже1) шек; 2) ранг (дәреже, категория), атақ, мамандық; 3) градус; 4) класс (пойыз не пароходтағы); 5) саты. Ақылдының белгісі — байыса таспайды, дәрежесінен аспайды (мақал). Жұрт үшін еткен қызмет, еңбегім жоқ, «Өлмей, жасап тұрса екен» дейтұғын жұрт... Дәрежеге еңбек қып келгенім жоқ... (С. Торайғыров). Революциядан бұрын қазақта ғылымдық дәрежесі бар бірде адам болған жоқ (С. Мұқанов);

даражат. Оны аспан санына, яғни онға көбейтсе, ол болады 360, демек, бұл дүние шеңберіндегі толық айналыс даражат (градус) саны... (А. Машанов);

дәрежелес дәрежесі қатар, бірдей. Өзімен айтысқан іні, бала, дәрежелес ақын қыз Құнбалаға Сүйінбай, Сараға Біржан, әншейінде айтпайтын, әдеп бойынша іркіп жүретін, айтса жанап қана айтатын жайларды, айтыс үстінде екіленіп, құлшына айтады (М. Әуезов);

дәрежелеуматем. өсіру, көбейту. Дәрежелеудің негізі деп дәрежеленетін санды айтамыз («Ариф. оқулығы»). Дәрежелеу термині абстракт алгебрада да қолданылады («Қ. С. Э.»);

дәрежелідәрежесі бар, атақты, құрметті. Абай атындағы институт — қазақтың бірінші жоғары дәрежелі мектебі (С. Мұқанов). Хұрметті сәлем жаздым Серікқұлға, Қызығар базарлы жер тиын-пұлға... Артықша дәрежелі болмасам да, Тұтатын әркім-ақ пір түссем қолға (Жәмилә қыз);

дәрежелікдәрежесі барлық, атақтық, құрметтік. Дәрежелік функция («Қ. С. Э.»).

درس (дарсун) дәріс1) үйрену, сабақ; 2) лекция. Дәріс тамам болмаса да, қазреттің фатихасын алып қайттық,— деді Абай (М. Әуезов). Он төртте мұқтасарды араладым, Әр баптан дәріс алып шамаладым. Қарамай алды-артыма оқи бермей, Қолыма қағаз алып сараладым (Әбубәкір). Жамал Қарши Хисамединнің дәрісін таңдаған («Қ. С. Э.»);

дәрістессабақтас. Мунзир ұлы Нұғыман акылды еді, Бахрамның дәрістес досы еді (Ә. X. Д.);

дәрістенусабақ алу, үйрену. Нағашыма сыбызғыны әкесі үйретсе, әкесі Ұранқайдағы қалмақтан дәрістесе керек (О. Бөкеев);

дурус-аш-шифаһия ауызша сабақтар, сөйлеу сабақтары (сөйлеу үлгілерін қарастырған оқулық). Жадидтік әдіспен жазылған араб пен фарсы тілінің дурус-аш-шифаһиясын (хрестоматиясын) өз ұлтының тіліндегі сауатты бала өз бетімен де үйреніп кетуге болады (С. Мұқанов).

درك (даракун) дерек1) белгі; 2) табу; 3) білу, кету; 4) ұғым, сана, түсінік; 5) кіріс көзі; 6) ауыс. хабар, мәлімет. Асау толқын оны да ұрлап әкетіп, Іздесем де таппас едім дерегін (X. Ерғалиев). Күндер бар күн ішінде күннен ерек, Тарихта тастағандай өшпес дерек (А. Тоқмағамбетов);

деректі хабарлы, мәліметті, белгілі. Бұған қарағанда ақынның «Бұлбұл» атты өлеңі дәл, деректі қасиетті сездіреді (Ә. Шәріпов). Жазушы Қалмұқан Исабаев өзінің «Соңғы ерлік» дейтін деректі повесін ардагер Серікқали Жақыновтың өмірі мен ғажайып ерліктерін нақты материалдар негізінде көркем кестеге түсіріп суреттеуге арнаған (М. Бекбергенов);

деректікхабарлық, мәліметтік. Ертедегі гректер мен парсылардың Каспий теңізінің арғы бетінің тайпалары туралы естіген, білгендерінің, қолжазбаларының да деректік мәні бар (К. Байпақов, Б. Нұрмұханбетов);

деректілік хабарлылық, мәліметтілік, белгілілік. Дүниежүзілік әдебиет тарихына қарап отырсақ, пернелеу арқылы дерексіздік деректілікке көшіріліп қана қоймаған, қызық-қызық аллегориялық образдар жасалғанын көреміз (3. Қабдолов);

дерексізхабарсыз, белгісіз. Дерексіз сөз — нанымсыз (мақал). Сөйтіп, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, орыс тілін игеру де, одан басқа тілге аудару да керемет қиын. Бұл - айтыла салған дерексіз сөз емес, даусыз ақиқат (Қ. Сағындықов);

дерексіздікхабарсыздық, белгісіздік. Дүние жүзілік әдебиет тарихына қарап отырсақ, пернелеу арқылы дерексіздік деректілікке көшіріліп қана қоймаған, қызық-қызық аллегориялық образдар жасалғанын көреміз (3. Қабдолов).

درهم (дирһамун) дирһем1) салмақ өлшемі; 2) тарих. күміс ақша (қазір араб елдерінде қолданылады). Біреулер Бұ Адамнан: — Сіз есеп білесіз бе?— деп сұрапты.— Есептің барлық амалдарын ұмытқан жоқпын,— дейді ол.— Сіз төрт дирһемді үш кісіге қалай бөліп бересіз? («Бұ Адам»);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет