Н. Е. Дабылтаева инвестицияны



Pdf көрінісі
бет37/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

Қарапайым лицензия – бұл техникалық білімді (жаңалықты), оны ойлап 
табуға және басқада лицензиардың өзі пайдалануға құқық береді немесе ұқсас 
осындай лицензияны құштарлық білдіруші басқа субъектілерге де береді.
Ерекше лицензия – бұл лицензияларға осы территорияда ойлап табуды, 
техналогиялар мен т.б пайдаланудың монопольды құқығын береді және 
лицензиар бұл лицензияны өз еркімен пайдаланудан бас тартуы да мүмкін, оны 
осы территорияда сатудан да бас тартады. Сонымен бірге лицензиар 
лицензиатқа берілмейтін лицензия затының бөлігін өзі пайдалану құқығын 
сақтап алу жағдайы да болады. 
Толықтай лицензия кезінде лицензия затынан шығатын барлық мүліктік 
құқықтар лицензиялық келісімдегі барлық мерзім ішімен лицензиатқа 
толығымен өтеді. 
Ерекше лицензия жағдайында лицензиаттың құқығына шектеу 
қойылғандығы жөнінде ескертпе жасалынған болса,онда бұл ерекше 
шектелінген деп аталады, ал ноу-хауды патентті беру лицензиясын – патенттік 
және ойлап табуды патентсіз ноу-хауды пайдалануға лицензия беруді – 
патенсіздік деп атайды. 


75 
Лицензиялық келісімге қатысты ол лицензиар мен лицензиат арасындағы 
келісім-шарт мәміле түрінде болады. Осы мәміле бойынша олардың біріншісі 
екінші жаққа (лицензиатқа) жоғарыда аталған қарапайым,ерекше немесе толық 
лицензия түрінде ойлап табуды пайдалану құқығын беруге міндетті; ал екіншісі 
өз кезегінде қабылдап алған жаңалықты пайдалануға және сәйкес (мәміледе 
қаралған) төлемді біріншіге (лицензиярға) төлеуге өзіне міндет етіп 
қабылдайды. Жақтардың келісімі бойынша мәміледе лицензия затын 
лицензиаттың пайдалануына байланысты белгілі бір жұмыс пен қызмет көрсету 
түрін лицензиардың орындауына қатысты жағдай қарастырылуы мүмкін. Содан 
соң жақтардың келісімі бойынша аталған мәміледе лицензиардан шикі зат, 
жабдықтар, жинақтау бөлшектерін және т.б. лицензиаттың сатып алу 
міндеттемесін де қарастырылуы мүмкін. 
Лицензиялық келісім бойынша төлем мөлшері мәміле нысанын 
коммерциялық пайдалану нәтижесіне байланысты анықталады немесе алдын-
ала орнатылған төлем шамасы бойынша жүргізіледі. Бұл жерде, бірінші 
жағдайда төлем мөлшері пайыздық немесе ағымдық аударымдарды кезең-кезең 
түрінде анықталуы мүмкін, бұл – роялти деп аталады. Аударымдар өнімді сату 
сомасынан, өндіріс көлемінен немесе басқадай шамалар бойынша анықталады. 
Ал екінші жағдайда тұрақтандырылған белгіленген төлем сомасы орнатылады, 
бұл – паушальдық төлем деп аталады, ол бір мезгілде бірден немесе 
бөлшектеніп төленеді. 
Жоғарыда аталған роялти мәміледегі жақтармен тұрақтандырылған 
ставка ретінде қойылады. Оны лицензиялық келісімнің әрекет ету уақыт 
аралығындағы келісілген кезеңдерде (ай,тоқсан,жарты жылдық) лицензиат 
төлейді. Ставкалардың мөлшері пайыздық қатынаста пайдадан, бағадан, 
лицензиялық өнімнің өзіндік құнына байланысты анықталады. 
Паушалдық төлем лицензиялық келісім затын пайдалануда болатын 
экономикалық тиімділік алынғанға дейінгі төлем болып табылады, 
(яғни,өзіндік құн,еңбек өнімділігін арттыру, пайда алу,т.б). Паушалдық төлем 
шектелген жағдайларда қолданылады. Мысалы, лицензияны жабдықпен бірге 
сату, қауіптіліктің болуы, өндірістік құпиялардың жойылуы, содан соң 
лицензиат өзінің қызметі үстінен бақылау орнатуды қаламауы (жібергісі 
келмейтіндегі) немесе лицензиат елінен пайданы аударым жасауға шектеуді 
талап етеді. Паушалдық төлемнің жақсы жақтары, ол дәрежесін төмендетпейді, 
сыйақыны тезірек алдырады және төлемді бір мезгілде (бір реттік тәртіпте)
бөліп – боліп жүргізуге мүмкіндік береді. 
Шетелдік тікелей инвестицияны тартуда венчурлық капиталды 
пайдалануға мүмкіндік бар. 
Венчурлық капитал капиталдың ескі түрінің бірі, ол экономиканы 
тұрақтандырып, нығайту үшін көп үміт күттіретін капитал болып табылады. 
Венчурлық капиталдың мәнін түсіну үшін алдымен «венчур»түсінігін 
білу қажет. Бұл «тәуекел»-ді білдіретін ағылшын сөзі, дәлірек айтқанда – 
тәуекелді капитал. Жай ғана мысалмен түсіндіргенде, қайсы бір (потенциалды 
қарызгерде) субъектіде өте қызығарлықты,бірақ тексерілмеген идея бар 
(тәуекел факторы) және оған, осы идеяны өмірге енгізу үшін келесі қадамды 


76 
жасау үшін керек, яғни ақша (капитал) қажет. Бұл жағдай венчурлық 
капиталистер үшін өте тартымды,себебі оларды ақша бар және олар 
жоғарыдағы аталған субъектіге оның акцияларын сатып алуымен несие беруді 
немесе инвестициялардың басқадай формасын ұсынады. 
Венчурлық капиталист, кредитор, инвестор ретінде өзінің үлесін салым 
жасап қарызгердің (идеяны ұсынған субъектінің) тәуекелін бөліседі. 
Қарызгердің сәтсіздігі несиелеушінің сәтсіздігі болып табылады және басқа 
жағынан табыстылық үлкен табысқа үміттендіреді, яғни тәуекелдің үлкендігі 
күтілетін табыстың жоғары екендігін білдіреді.Сондықтан «венчурлық 
капитал» атауы,яғни «тәуекелді капитал» өз мәнін өте сәйкес болып табылады. 
1970 ж. аяғында және 1980 ж. венчурлық капитал кеңінен таралып, 
өрістеген сала есебінен өзінің көрінісін тапты. Мысалы, 1980 жылдың 
ортасында АҚШ-та инвестициялау көлемі 4,5 млрд доллардан асатын 650-ден 
аса венчурлық фирмалар жұмыс істеді. Содан кейін біршама тыныштық орнап, 
олардың оң жағынан төмендеу орын алсада, қазір инвестициялаудың бұл 
түрінде айтарлықтай оның өсу тенденциясы байқалуда. Соңғы уақыттардағы 
венчурлық капиталға деген сұраныс венчурлық капитал бойынша 
қаржыландыру көздерінің сандарын қарқындап өсуге келтірді. Оларды шартты 
түрде 7-ге бөлуге болады: 
1) серіктестік (партнер) венчурлық капиталмен жабу. Бұған бай отбасылардың 
ақша қаржылары ,қорлар мен жеке аса ірі инвесторлардың қаржылары кіреді; 
2) корпарациялардың венчурлық капиталы
3) жариялық қорлардың венчурлық капиталы; 
4) инвестициялық банктердің венчурлық капитал қорлары; 
5) жекеленген инвесторлар; 
6) шағын және орта бизнес инвестициялық компаниялары; 
7) АҚШ штаттарының өкіметі. 
Кез келген елдің, әсіресе Қазақстан экономикасына шетелдік тікелей 
инвестицияны тарту кеңінен жүргізіліп келеді, бұның себебі біздің еліміздің 
табиғи-шикізат ресурстарының байлығы. Мұндай инвестицияның басты 
артықшылығының бірі болып шетелдік инвестор оны өзінің тәуекелімен жүзеге 
асырады және инвестиция бойынша қайтарым төлемді (дивиденттер мен пайда 
мөлшерін) өтейді және оларды тиімді пайдалануда тікелей байланыстың және 
бюджеттік қаржылардың қатысуын талап етпейді. Бұл жағдай еліміздегі 
әлеуметтік-экономикалық ситуацияның қазіргі сатысында аса маңызды болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет