Н. гумилева ministry of education and science of kazakhstan



бет43/46
Дата13.06.2016
өлшемі5.56 Mb.
#131499
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

Әдебиет

1. Бэйли Рой. НЛП-консультирование. –М.,:Изд. «КСП», 2000.-320 с.

2. Самойленко Е.С. Основные направления экспрементального исследования речи в ситуации общения./ Психологический журнал №4,1985 с. 153-158.

3. Бодалев А.А. Личность и общение. М., 1983. -272 с.

4. Михеева С.М. Психологическая совместимость и характер взаимодейстивия членов группы.- В сб.: Вопросы психологии познания людьми друг друга я общения. Краснодар,1978.кн.2, с. 135-143.
ЖАЛПЫ ТІЛ ДАМЫМАУШЫЛЫҒЫ БАР БАЛАЛАРМЕН СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Тұрдалиева А.Ш., Каштембек А.Ж.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қоғамның өзі жеке адамдардан тұрады, ал қоғамның дамуы, оның әрбір мүшесінің дамып жетілу саласына байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі 10 жылға арналған бағыт-бағдарын айқындап берген болатын. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық санасы қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру отбасының, ортаның, барша халықтың міндеті. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілікке жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады ( «2030 стратегиясын жүзеге асыру жастардың міндеті» атты жолдауынан ) делінген.

Адамның сөйлей алуы бұл күрделі құбылыс. Адамзаттың сөйлеу мәнерін жеткілікті түрде меңгермеуі оның өмірінде қиындыққа жолықтырады. Сөз бұл баланың барлық психикалық дамуына әсер етіп, оның іс-әрекетіне, мінез – құлқына әсер етеді. Сөйлеу тілі ауыр бұзылысы баланың ақыл – ой дамуына, әсіресе оның танымды әрекетінің жоғарғы деңгейіне әсер етуі мүмкін, ол ойлау мен сөйлеудің өзара тығыз байланыста болуымен байланысты.

Сөйлеу әрекеті баланың тілдік жүйенің барлық деңгейін меңгеруіне қол жеткізе отырып, тілді меңгеруін де жағдай жасайды.

Сөйлеу әрекеті – бұл жай ғана сөз бен сөйлемнің реттілігі ғана емес, сонымен бұл ойдың бір-бірімен байланыс реттілігі болып саналады.

Сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларды ерте жастан түзету-тәрбиелеу жұмыстары отандық ғалымдар тарапынан қолға алынған. Сәбилердің сөйлеу тілі дамуының әдістемесі мен теориясы соңғы онжылдықта Қ.Қ.Өмірбекова, К.Б.Бектаева, Р.А.Сүлейменова және т.б.ғалымдар зерттеулері барысында айтарлықтай толықтырылды.

Жалпы сөйлеу бұзылысы бар балаларға логопедиялық жұмыстың негізгі міндеті – олардың өз ойын, қоршаған ортадағы оқиғаларды грамматикалық және фонетикалық дұрыс жүйелікпен байланыстырып айтуды үйрету. Бұл жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда, балалардың үлкендермен қарым-қатынасында, мектепте оқытуда маңызды орынды алады.

Барлық жағдайда баланың сөйлеу тілінің қалыптасуы дұрыс жүре бермейді: кейбір балаларда тілдің барлық компоненттерінің кешеуілдеуі байқалады [41; 116]. Жалпы тіл дамымаушылығын ең алғаш рет теориялық негізін Л.Ф.Спирова және оның әріптестері (Н.А.Никошина, Г.А.Каше, Г.И.Жаренкова және т.б.) қалыптастырған. ХХ ғасырдың 50-60 жж. сөйлеу тілінің қалыптасуындағы ауытқушылықтар жоғарғы психикалық функциялардың ирархиялық құрылым заңдылығымен жүретін дамудың бұзылысы ретінде қарастырыла бастады.

Жалпы тіл дамымаушылығы – ол есту қабілетінің ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілінің бұзылысынан болатын әртүрліә күрделі тіл кемістіктері.

Жалпы тіл дамымаушылығы – бұл полиэтиологиялық кемістік. Ол өзіндік потология және алалия, дизартрия, ринолалия тәрізді күрделі кемістік салдарынан болуы мүмкін.

Жеке дамымаушылық деп дыбыс айту мен фонематикалық қабылдау сонымен қатар сөздік қор баланың жасерекшелігіне сай келмеген жағдайды айтамыз. Мұндай жалпы тіл дамымаушылығының себептеріне төмендегілер жатады:


  1. Отбасында баланың сөлеу тілінің қалыптасуына дұрыс жағдай жасамау (басқа балалар мен ересектермен қарым-қатынастың жеткіліксіз болуы, басқа тілде сөйлеу, ата-анасының саңырау болуы және т.б.)

  2. Балалар үйі жағдайында тәрбиеленетін балаларға тілдік қарым-қатынастың жеткіліксіздігі.

  3. Билингвизм, мысалы, балабақшада баламен қазақ тілінде, ал отбасында басқа тілде сөйлеу.

  4. Бала тәрбиеленетін әлеуметтік жағдайдың нашарлығы.

  5. Жалпы тіл дамымаушылығынің пайда болу себептері әртүрлі: биологиялық және әлеуметтік.

Жалпы тіл дамымаушылығы оқыту мен тәрбиелеудің жағымсыз жағдайымен, сөйлеу тілінің сензитивті кезеңіндегі психикалық депривациямен шартталуы мүмкін. Көп жағдайда жалпы тіл дамымаушылық әртүрлі факторлардың жүйелі әсер ету салдарынан болады (мысалы тұқымқуалаушылық, қоршаған ортаның жағымсыз әлеуметтік жағдайы).

Ең күрделісі ерте жастан мидың органикалық зақымдану салдарынан туындайды.

Сонымен қатар ЖТД-ң себептеріне асфиксия себептерін әртүрлі болуына қарамастан бұл балаларда сөйлеу әрекетінің жүйелік бұзылысына меңзейтін белгілер байқалады.

ЖТД бар балаларға мыналар тән:



  • сөйлеу тілінің кеш шығу (3-4 жас);

  • сөздік қорының азаюы;

  • агромматизмның байқалуы;

  • дыбыстау кемшіліктері (барлық түрлері);

  • сөздік ырғақтық-буындық құрлысының бұзылысы;

  • жай және күрделі сөйлемді құрудағы қиындықтар.

Бұл балалардың сөзі түсініксіз. Сөздік белсенділік жеткіліксіз, арнайы білім берусіз ол мүлдем төмендеп кетуі мүмкін. Балалар өздерінің кемістігіне сынмен қарайды.

Тілдік әрекеттің толық еместігі баланың сенсорлы, интеллектуалды және аффективті – ерік сферасының қалыптасуына әсер етеді. Зейіннің тұрақсыздығы байқалады. Балалардың логикалық есте сақтау қабілеті сақталған жағдайда да олардың вербальды есте сақтауы төмендейді. Олар тапсырманың реттілігін және күрделі нұсқауларды ұмытып қалады.

Сөйлеу тілі және психикалық дамудың басқа да жақтарының бұзылыстары ойлаудың спецификалық ерекшеліктерімен шартталады. Өз жастарына сай ойлау операцияларын меңгеру мүмкіндіктері бола отырып, балалр ауызша-логикалық ойлау деңгейінде қала береді. Арнайы білім берусіз балалар жалпылау, салыстыру, талдау дағдыларын меңгермейді.

Соматикалық әлсіздікпен қатар кейбір балаларға қимыл-қозғалыс аймағындағы артта қалушылық байқалады. Ол қимылдық нашар координациясы, орындау ептілігінің, жылдамдығыныңтөмендеуі, өз-өзіне сенімсіздік болуы мүмкін. Ауызша нұсқауларды орындауда көп қиындықтар байқалады.

ЖТД бар балалар өз қатарластарынан кеңістікте – уақытта бағдарлану тапсырмаларын орындау бойынша артта қалады.

Саусақ, қол білегі координациясының ұсақ қимылдың дамымауы байқалады. Тежелушілік байқалады.

Әрбір деңгей оған тәуелді сөйлеу компоненттерінің қалыптасуын тежейтін алғашқы және екінші кемістік арасындағы арақатынас пен сипатталады. Бір деңгейден екіншісіне ауысу жаңа тілдік мүмкіндіктердің пайда болуымен, сөздік белсенділіктің жоғарылауымен анықталады.

Мектепке дейінгі мекемелерде барлық түзете-тәрбиелеу жұмысы арнайы сабақтағыдай, сондай-ақ, күнделікті өмірдегідей жүргізіледі.

Топ педагогтары – логопед, психолог, тәрбиеші өзара тығыз бірлікпен жұмыс жасауы керек, түзету – тәрбиелеу жұмысына бірдей жақындаудың пайда болуына ұмтылу керек. Бұған мүмкіндік туғызатын:


  • арнайы мектепке дейінгі мекемеде оқыту мен тәрбиелеу программасының мазмұнын бірігіп талдау және бірігіп жұмыс жоспарын құру. Тәрбиеші тек өз программасының мазмұнын біліп қана қоймай, логопедтің де жұмыс бағдарламасын білуі керек, тәрбиешінің сабақты дұрыс ұйымдастыруы балалардың түрлі әрекеттегі материалды бекіту қажеттілігін қамтамасыз етеді;

  • күнделікті өмірде және сабақта жүргізілген балалардың біріккен жұмысының нәтижесін талдау;

  • барлық балалар мейрамына бірігіп дайындалу (логопед сөйлеу материалын таңдайды, ал тәрбиеші оны бекітеді);

  • ата-аналарға жалпы ұсынысты өңдеу.

Тіл - өзінің табиғи дыбысты заттық күшімен адамдардың қарым-қатынас құралы болып табылады. Сөйлеудің дыбыстық жүйесін меңгеру, тілдік меңгеру құрылатын негізді көрсетеді.

Тілдің дыбыстық жағын меңгеруге өзара байланысқан екі процесс кіреді: сөйлеудің шығу жағын дамыту процесі және сөйлеу дыбыстарын қабылдауды дамыту процесі.

Сөйлеу әрекеті өзінің даму барысында ол баланың іс-әрекеті мен қарым-қатынасқа түсуімен тығыз байланысты. Сөйлеу тілінің дамуы бірнеше бағытта өтеді: басқа адамдармен қатынасқа түсуде ол жетіле түседі, сонымен қатар психикалық процестің негізгі тірегі, ойлау құралы болып табылады.

Мектепке дейінгі жастың соңына таман, белгілі бір жағдайда тәрбиеленетін бала сөйлеп қана қоймай, оның құрылымын түсіне бастайды. Ол оның болашақта сауаттылықты меңгеруіне септігін тигізеді.

Жалпы тіл дамымаушылығы бар ІІІ деңгейдегі балаларға фонетикалық-фонематикалық дамымаушылық тән.

Дыбыстарды (көп жағдайда бұл ызың, ысқырық) айтудағы дұрыс ажыратпау тән. Дыбыс әр сөзде әртүрлі айтылғандықтан тұрақсыз алмастырулар байқалады.

Логопедттің соңынан үш-төрт күрделі сөздерді қайталауда, балалар оны өз сөздеріне бұрмалап, буынын қысқартып айтады (балалар аққала соқты – «балалар қала соқты»).

Сөйлеудің дыбыстық құрылымын толық меңгеруі үшін фонемалық қабылдаудың маңызы үлкен.

Ересектер айтқан сөзбен сөйлемді баланың ерте түсінуі оның фонемалық құрамды қабылдауынан құралмайды, ол сөздің және сөйлем құрылымының жалпы ырғақтық-әуендік байқауынан құрылады. Сөзді бұл кезеңде бала бірегей бөлінбейтін дыбыс ретінде, белгілі бір ырғақтық-әуенді меңгеретін құрылым ретінде қабылдайды. Сөйлеудің фонемаға дейінгі даму кезеңі 1 жылға дейін жалғасады, кейін сөйлеудің фонемалық дамуымен алмасады [14,19]. Р.Е.Левина баланың тілдік түсінігінің дамуының бірнеше кезеңін бөлді: бір-бірінен алшақ фонема айырмашылығынан сөздің дыбыстық кейпінің әлсіз және дифференцияланған қалыптасуына дейін.

Баланың фонемалық дамуының бірнеше деңгейін бөлді. Алдымен, сөйлеу дыбысын ажырататын және танысатын процесс, фонемалық қабылдау қалыптасады. Сөйлеуді қабылдауда сөз бөлшектенбейді, оның дыбыстық құрамы жете меңгерілмейді. Кейінірек балалар фонемалық талдау және жинақтауды меңгереді.

Сөйлеудің фонетикалық-фонемалық жетілмеуі – бұл қабылдау және фонеманы айту кемістіктері салдарынан баладағы түрлі сөйлеу бұзылысынан дыбыс шығару процесінің қалыптасуы бұзылады.

Сөйлеудің фонетикалық-фонемалық жетілмеуі бар балалар олар ринолалия, дизартрия, дислалия, акустикалық-фонемалық және артикуляциялық-фонемалық формадағы балалар.

Т.А.Ткаченко айтуы бойынша, фонемалық қабылдауды дамыту сөздің буындық құрылымына және сөйлеудің барлық фонетикалық жағының қалыптасуына жағымды әсер етеді.

Фонемалық қабылдау жеткілікті құрылмай, оны жоғарғы баспалдағы – дыбыстық талдаудың құрылуы мүмкін емес. Дыбыстық талдау – бұл түрлі дыбыс компоненттерін ойша құрама элементтерге бөлу операциясы: буынды және сөзді, дыбысты байланыстыру.

Р.Е.Левина айтуы бойынша, «сөйлеу дамымауын түзетуде фонемалық қабылдау және дыбыстық талдау маңызды орын алады».

Баланың III деңгейдегі жалпы тіл дамымаушылығынде бірнеше жағдай анықталды:

- айтылуы бұзылған дыбысты талдау қиындығы;

- түрлі фонетикалық топқа жататын артикуляциясы құрылған дыбысты ажырата

алмау;

- дыбыстың сөздегі болуын немесе бірізділігін анықтай алмау.



Бұл балалардың дыбыс шығару жағдайы келесі ерекшеліктермен сипатталады:

1.Сөйлеуінде дыбыстың немесе алмастырушы дыбыстың болмауы. Артикуляциясы күрделі дыбыстар қарапайым дыбыспен алмастырылады. 2.Дыбыс тобын диффузды артикуляциямен алмастыру. Екі немесе бірнеше артикуляциясы жақын дыбысты орнына орташа, есепсіз дыбыстар қолданылады.

Мұндай алмастыру себебі, фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы және оның бұзылысы. Мұндай бұзылыстар сөздің мазмұнының қажуына әкеледі, оны фонемалық қажу деп атайды.

3. Дыбысты сөйлеуде тұрақсыз қолдану. Кейбір дыбыстарды нұсқау бойынша бала дұрыс айтады, ал сөйлемде тастап кетеді немесе басқа дыбыспен алмастырады. Бала бір сөзді түрлі мәтінде қайталау кезінде әр түрлі етіп айтады. Балада бір фонетикалық топ дыбыстары алмастырылады, басқа дыбыстары – бұрмаланған. Мұндай бұзылысты фонетикалық-фонемалық бұзылу деп атайды.

4. Бір немесе бірнеше дыбыстардың бұрмаланып айтылуы. Бала 2-4 дыбысты бұрмалап айтуы мүмкін немесе түсініксіз сөйлеуі мүмкін, ал естуде түрлі топ дыбыстары бұрмалануы мүмкін.
Әдебиет


    1. Өмірбекова К.К., Тулебаева Г.Н. Коржова Г.М., Оразаева Г.С. Логопедия негіздері (дефектология мамандығы бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруына арналған оқу құрал) Абай атындында Қаз.Ұлт.Пед университет, 2009.

    2. Венгер Л.А. Дидактические игры и упражнения по сенсорному воспитаниюдошкольников. М. 1978 ж.

    3. Логопедия: учебник для студ. дефектол. фак. пед. высш. учеб. Заведений /под ред. Л.С.Волковой. – 5-е изд., перераб. и доп. – М.:Гуманитар. изд.центр ВЛАДОС, 2007 ж.

    4. Өмирбекова К.К., Өмирбекова С.Ж. «Программа обучения и воспитания детей с фонетико-фонематическим недоразвитием речи». А., 2004 г.

    5.Коррекционно-педагогикическая работа в дошкольных учреждениях для детей с нарушениями речи. /Под ред. Ю.Ф. Гаркуши. М.: Секачев В.Ю., 2000.



ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САБАҚҚА ДЕГЕН ҚЫЗҒУШЫЛЫҒЫН ТІЛІН ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ
Узбаева Л. А.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Шолпан ауылы

«Жүзағаш атындағы орта мектеп-бақша» КММ

бастауыш сынып мұғалімі
Ойынның педагогикада, оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан белгілі болған XVIII ғасырдың өзінеде-ақ Ж.Ж. Руссо мен И.Г. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.

Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?



  • Қисынды ой-қабілетін дамытады

  • Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді

  • Сөздік қоры баийды, тілі дамиды

  • Зейіні қалыптасады

  • Байқампаздығы артады

  • Өзара сыйластыққа үйретеді

  • Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды

  • Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды

  • Сабаққа қызығушылығы артады.

Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, - деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым «Бала ойында ғана тынығып», «жұмыс жасап», өсіп жетіледі. «Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артады»,-деп атап көрсеткен.

«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»,-деп М. Жұмабаев атап көрсетсе, «Ойын-баланың рухани дамуының негізі»,-деп Ж. Плаже, К. Левин, Л.С. Выгоский, Д.Б. Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.

Ойын-балалр үшін күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.

12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейді», деп атап көрсетілген.

Сондай-ақ 12 жылдың білім беруде ұлттық ойындарға және шынайы өмірлік әрекетпен ойналатын ойындарға мән беріледі.

Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – «Керекті сөзді тауып айт». Ойынның мақсаты-қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Бұл ойын оқушыларды талдау жасауға да үйретеді. Мысалы: тіл дамыту сабағында «Заттың атаулары» деген сөз аталса, оқушылар, бірнеше сөздер айтады және сұрақтар қояды.

Жауаптарды жазады. Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Кім тез, шапшаң» ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады.

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өзбеттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т.б.

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «Синтаксистік касса», «Сөйлем қуаласпақ», «Құсбегі», «Кедергіден өту», «Кім болам?», «Асауды ұстау», «Аударыспақ», «Вагондарды құрау», «Қай әріп жоғалды», «Лоторея ұту», «Жасырынбақ», «Атын айт», «Түсін таны» т.б. ойындар

Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады.

«Синтаксистік касса» ойыны. Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.

«Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).

«Кедергіден өту» ойыны. Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.

«Вагон құрау» ойыны. Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.

«Алтын айт» ойыны. Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.

Сабақтан тыс уақытта қимыл-әрекет ойындарына көңіл бөлінеді. «Туған күні», «Ақ терек, көк терек», «Ақ тоқаш», «Айға ұшу», «Кім болам?» сияқты ойындар ойналады. Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды.

Мысалы:

Бүгін Анардың туған күніне



Ақ тоқаш пісірдік

Үлкендігі мынадай

Кішкентайлығы осындай

Ақ тоқаш-ау, ақ тоқаш

Біреуді сайлап, өзің қаш.

Сонымен қатар 12 жылдық білім беру және оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Оқушылар алдына түрлі өмірлік жағдаяттар беріліп, оқушылар лйнай отырып, сол туындаған проблеманы шешуге дағдыланады. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Біздің үйіміз» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.

Сонымен, ойын келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі: баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.
Әдебиеттер


  1. Петров А.В. Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу. - 2001.

  2. Калмыкова Е.В. Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту.- 2007.

  3. Ойын технологиясының ерекшеліктері // Интернет.

  4. Креативтілікті дамытудағы ойын технологиясы // Интернет.

  5. Құзыреттілік және ойын технологиясы // С.Буланов.

АДДИКТИВНОЕ ПОВЕДЕНИЕ МОЛОДЕЖИ
Урузбаева Г.Т.

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
Современное общество характеризуется кризисными явлениями во многих сферах общественной жизни.

Аддиктивное поведение – одна из форм деструктивного поведения, которая выражается в стремлении к уходу от реальности путем изменения своего психического состояния посредством приема некоторых веществ или постоянной фиксации внимания на определенных предметах или активностях (видах деятельности), что сопровождается развитием интенсивных эмоций. Этот процесс настолько захватывает человека, что начинает управлять его жизнью. Человек становится беспомощным перед своим пристрастием. Волевые усилия ослабевают и не дают возможности противостоять аддикции.

Выбор аддиктивной стратегии поведения обусловлен трудностями в адаптации к проблемным жизненными ситуациям: сложные социально-экономические условия, многочисленные разочарования, крушение идеалов, конфликты в семье и на производстве, утрата близких, резкая смена привычных стереотипов. Реальность такова, что стремление к психологическому и физическому комфорту не всегда возможно реализовать. Для нашего времени характерно и то, что происходит очень стремительное нарастание изменений во всех сферах общественной жизни. Современному человеку приходится принимать все возрастающее количество решений в единицу времени. Нагрузка на системы адаптации очень велика. Основоположник теории стресса Г.Селье, говоря об адаптации, пишет: «Большая способность к приспособлению, или адаптации, - вот что делает возможным жизнь на всех уровнях сложности. Это основа поддержания постоянства внутренней среды и сопротивления стрессу». «Приспособляемость – это, вероятно, главная отличительная черта жизни». «Есть два способа выживания: борьба и адаптация» / 1, с. 136/

Экспериментальная работа проводилась в Торгово-экономическом колледже города Астаны в 2009-2010 годах, по специальности «Маркетинг», группа «31», всего опрашивалось 30 человек 16-19 лет, из которых 23 юношей и 7 девушек.

Основными методами исследования аддиктивного поведения молодежи были избраны Анкета, «Личностный опросник для измерения эмоционального отношения к общению», опросник «Оценка выраженности уровня депрессии» и многомерная «Шкала восприятия социальной поддержки» (M.S. P. S. S).

Проанализируем ответы респондентов на вопросы Анкеты.

Первые четыре вопроса относятся к демографическим. Поэтому особый интерес представляют ответы, начиная с пятого вопроса.

Проанализированные ответы респондентов на 5 вопрос анкеты, получили следующую таблицу 1.



Таблица 1.

Когда вы впервые узнали вкус алкоголя?

До школы

До 5-го класса

До 8-го класса

До 11-го класса

По окончании школы

Юноши

0

1

8

10

4

0%

4, 3%

35, 5%

43%

17, 2%

Девушки

1

0

2

2

2

14, 3%

0%

28, 6%

28, 6%

28, 6%


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет