240
− шикізат пен материалдарды жеткізудің үнемі тоқтап қа-
луынан өндіріс режимінің бұзылуы; еңбек ұжымы үшін жақсы
табыс табу мүмкіндігінің болмауы;
−
қызметкерлердің еңбек жағдайын, тұрмысын және демалы-
сын жақсарту туралы заттық қамқорлықтың көрінетіндей нәти-
желерінің болмауы;
− материалдық жағдайлар мен еңбекақыны төлеу қорының
әділетсіз бөлінуінен басқарма қызметкерлері мен жұмысшы-
лардың тайталасуы;
− инновациялар мен түбегейлі
өзгертулерді жұмысшылар-
дың мүдделерін ескерместен енгізу;
− формальды емес көшбасшылардың арандатушылық іс-
әрекеті.
2. Сыртқы факторлар:
− елдегі жағдайдың тұрақсыздығы, әртүрлі саяси топтардың
мүдделерінің соқтығысуы;
− алғашқы қажетті заттар мен азық-түлікке
өткір тапшы-
лықтың туындауы;
− жаңа заң актілерінде әлеуметтік жеңілдіктерге шек қою;
− еңбек ұжымы мүшелерінің мүдделерін құқықтық әлеумет-
тік қорғаудың күрт нашарлауы;
− әділ және адал еңбекті қамтамасыз ету, жекелеген азамат-
тарды заңсыз байыту.
Дау-дамайға ұласатын ұйымдағы әлеуметтік шиеленістің
ұлғаюын дау-дамайлық жағдайды
адекватты шешкен жағдайда
жеңуге болады.
Ұйымдағы мүдделердің қатынасы
Ұйымда әртүрі мәртебеге ие адамдар өзінің объективті мүд-
делерін және олардың қарама-қайшылығын сезінуі де, сезінбеуі
де мүмкін. Бірақ тек саналы мүдделер жұмысшылардың белсен-
ді әлеуметтік әрекетіне айналады. Бұл сезіну ұйымдағы өзінің
өмірлік тәжірибесін өз бетінше жете ұғыну нәтижесінде, не бол-
маса пайда болған мүдделердің қарама-қайшылығын кім ертерек
сезінді, соның түсіндіру жұмыста-ры кезінде, не болмаса ұйым
мүшелерінің санасына айла-шарғы жасау нәтижесінде болады.
241
Алайда мүдделердің қарама-қайшылығын сезіну автоматты түр-
де дау-дамайға алып келмейді. Дау-дамай –
бұл қарама-қайшы
мүдделердің ашық формасы.
Ұйымдағы дау-дамайлар жеке және ортақ мүдделердің тай-
таласуы арқылы дамиды. Мүдделердің қатынасы былайша кө-
рінуі мүмкін:
− толық ұқсастық, яғни мүдделердің бір бағытта болуы;
− мүдделер бағытындағы айырмашылықтар,
яғни біреулер-
ге пайдалы болған нәрсе, екіншілеріне сондай шамада пайдалы
болмайды;
− мүдделер бағыттылығының қарама-қайшылығы – субъек-
тілер өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қарама-
қарсы жүруі керек болатын жағдай (1-сурет).
Бір бағыттағы
мүдделер
Әртүрлі
бағыттағы
мүдделер
Мүдделер
бағытының
қарама-
қайшылығы
Достарыңызбен бөлісу: