88
Кез келген өндіріс өнімді өткізуден ажырамайды, сондық-
тан осыған байланысты маркетингтік қызмет қарастыры-
лады.
Өндірістік-технологиялық қызметтер әкімшілік және кадр-
лық
қызметтерге, басқару іс-әрекетінің құрылымын әрі қарай
күрделендіре отырып, тәжірибелік бағытталу береді. Жетек-
ші үшін олар өзінің іс-әрекетінің тікелей мазмұны ретінде
болады.
Басқару теориясында қызметтердің бұл жүйесіне «класси-
калық», яғни әкімшілік, ұйымдастырушылық және кадрлық қыз-
меттерге қарағанда, зейін кемірек аударылады. Бұл өндірістік
қызметтер басқарудың жалпы заңдылықтарына қарағанда, ұйым
іс-әрекетінің нақты мазмұнымен
көбірек анықталатындығымен
түсіндіріледі. Оның үстіне, осы қызметтер жүйесін іске асыруда
оның негізгі ұйымдастырушылық принциптері мен психоло-
гиялық ерекшеліктерін сипаттайтын бірқатар жалпы аспектілер
бар. Олардың ең бастысы –
ұсынылымдық шамасы.
Жетекші іс-әрекетіндегі өндірістік қызметтер жүйесі оның
ұйымдағы иерархиялық жағдайына өте тәуелді. Қызметі неғұр-
лым жоғары болған сайын, жетекші өндірістік қызметтерді жү-
зеге асырумен соғұрлым аз айналысады.
Өндірістік-технологиялық қызметтердің ұйымдастырушы-
лық және психологиялық тұрғыдағы мәні өндірістің белгілі бір
тізбекте
қайталанатын, барынша стандартталған
өндірістік
циклдардан тұратынында. Олар жедел реттеуді қажет етеді,
сондықтан оның әрқайсысына қатысты толық басқару циклі
жүзеге асырылады. Бұл – мақсатты тұжырымдау, мақсатты іске
асыру тәсілдері туралы
шешімдерді жоспарлау, қабылдау,
атқарудың мотивациясын, оның
ұйымдастырылуын, бақылауын
және
түзетілуін қамтамасыз ету [43].
Негізгі заңдылық өндірістік цикл ауқымына қарамастан,
әрқашан сақталады. Бірақ басқару қызметтерінің барлығы
уақыттың
макроинтервалдарында жүзеге аспайды және бас-
қаруды ұйымдастыруға тұтастай қатынаспайды, нақты өнді-
рістік
мәселемен шектелген уақыттың микроинтервалдарын-
да іске асырылады. Сондықтан өндірістік қызметтер басқару-
дың толық түрде емес, қысқартыла берілген, басқа қызмет-
89
термен өндірістік мәселелердің өзін шешу үшін қаншалық-
ты қажеттілікте интеграцияланатындай кешенді болып табы-
лады.
Өндірістік қызметтерде олардың күрделілігі
мен қара-
ма-қайшылығын анықтайтын тағы да бір маңызды сипат бар:
олар теріс сипаттағы және нормативтік іс-әрекетті қиындата-
тын, үнемі өзгеріп отыратын сыртқы және ішкі жағдайларда
іске асады. Жағдайлардың тұрақтылығы мен өзгерімділігі-
нің, нормативтер мен нақты мәселелердің қарама-қайшы-
лықтағы сабақтастығы түзіледі. Жедел басқарудың мазмұны
осы қарама-қайшылықтың алынуын
және өндіріс мақсаттары
мен міндеттерін өзгеруші шарттарға сәйкес келтірілуін анық-
тайды.
Достарыңызбен бөлісу: