116
ойлаудың белгісізді іздеу процесінің өзіне қызығушылықпен
оянатынында, ал өзіндік емес болса – ойланудың сыртқы мо-
тивтермен оянатынында.
Жетекші ойлауының «бағаланымдығы» оның мәселелерінің
практикалық бағытталуымен
және прагматикалылығымен
байланысқан. Егер бағалау ойлаудан озып кетсе, бұл фактілерді
сезінудегі біржақтылыққа және осы бағаға сай келмейтіндерді
жоққа шығаруға соқтыруы мүмкін.
Ойлау объектісінің «бейімділігі» – практикалық ойлаудың
аса қызықты қасиеті. Теориялық ойлауда адамның қолдануына
тура келетін объектілер, мәліметтердің бүкіл жүйесі өзгеруге
жатпайды, ал жетекші ойлауының объектісі – адамдар, жағдай-
лар өзгере, түрлене алады және солай болуға тиіс.
Шешім та-
будың басты жолы, міне, осында. Басқару теориясында «бейім-
ділік» ұғымына ұқсас «басқарылу шамасы» деген түсінік бар
(К. Дункер). Басқарудың әртүрлі компоненттерінің бейімділік
дәрежесін білу және оларды пайдалану шеберлігі – жетекшінің
практикалық ойлауының маңызды сипаты.
Практикалық ойлаудың тұтастай және жетекші ойлауының
«антиномикалылығы». Басқарулық іс-әрекетте қарама-қайшы-
лықтар үнемі
болып тұрады, бұл мәселені шешудегі мүлде
қарама-қарсы түсініктерге соқтырады (мысалы, «табысты мак-
сималдандыру – шығындарды минимумдау», т.с.с.). Басқарудың
көптеген жағдайлары өздерінің күрделілігіне және қарама-
қайшылығына байланысты, олардың тек тиімді, қисынды ойлау
арқылы шешілуіне жол бермейді.
Ойлаудың «антиномикалылығы» – бұл антиномикалықтың,
басқару жағдайларындағы объективті қарама-қайшылықтың
салдары, ал олардан шыға білу қабілеті – жетекші ойлауы-
ның маңызды сапасы. Антиномияны түсірудің
ерекше тәсілін
А. Планкетт пен Г. Хейл «синергетикалық балама» ерекше құ-
былыс ретінде сипаттады. Бұл – жағдайдан шығудың бастапқы
қарама-қайшылықты жойып қана қоймай, оларды бірін-бірі
жеңуге мәжбүрлейтін вариантын табу [21, 22, 23].
Интуиция проблемасы – ойлау психологиясының ең күрделі
проблемасы. Оны сипаттайтын ерекшеліктер: айқындылық, өзіндік
шешімдердің күрделі бастапқы жағдайлармен сабақтастықтағы
117
қарапайымдылығы,
шешім табу процесінің лездігі, саналанбау-
шылығы. Интуиция ойлау процесінің ерекшеліктерімен ғана
емес, әлдеқайда жалпы зерделік қабілеттермен және механизм-
дермен байланысқан.
Достарыңызбен бөлісу: