Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Ұйымдастыруға байланысты дау-дамайлар



Pdf көрінісі
бет88/164
Дата21.12.2022
өлшемі1.92 Mb.
#467683
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   164
Ахтаева

4.4 Ұйымдастыруға байланысты дау-дамайлар 
 
Ұйымдастыруға байланысты дау-дамайлар – бұл дау-дамай-
ға қатысушылардың мүдделердің, мінез-құлық нормалары мен 
құндылықтарының қайшылығынан туындаған қарама-қарсы ба-
ғыттағы әрекеттерінің қақтығысуы. Олар формальды ұйымдас-
тыру бастамалары мен ұжым мүшесінің нақты мінез-құлқының 
сәйкес келмеуі салдарынан туындайды. Мұндай келісілмеу тө-
мендегі жағдайларда туындайды: 
– қызметкер ұйым тарапынан қойылған талаптарды орындама-
ған, елемеген жағдайда. Мысалы, жұмыстан қалу, еңбек және орын-
дау тәртібін бұзу, өзінің міндеттерін сапасыз орындау және т.с.с; 
– қызметкерге қойылған талап қарама-қайшы, нақты емес 
болған жағдайда. Мысалы, қызметтік нұсқаулар сапасының тө-
мен болуы, қызметтік міндеттерді ойластырмай бөлу және т.с.с. 
дау-дамайға алып келуі мүмкін; 
– қызметтік, функционалдық міндеттер бар, бірақ оларды 
орындаудың өзі еңбек процесіне қатысушыларды дау-дамайлық 
жағдайға алып келеді. Мысалы, ревизор, нормалаушы, бағалау-
шы, бақылаушы қызметін орындау.
Ұйымдастыруға байланысты дау-дамайлар ең алдымен ұйымға 
және онда қызмет ету жағдайына қатысты мәселелерден тұрады. 
Жағдайды мұнда мыналар анықтайды: құрылғы мен құрал-жаб-
дық, жоспарлау мен техникалық құжаттау, нормалар мен баға-
лар, еңбекақы мен сыйақы құралдарының жағдайы; «ең жақсы-
ларды», «нашарларды» бағалаудың әділдігі; тапсырмаларды бөлу 
мен адамдарды жүктеу; жоғарылату мен көтермелеу, түрлі ма-
рапаттаулар және т.с.с. 
Бүгінгі таңда ұйым, жалпы қоғам сияқты, біртіндеп дағдарыс-
тан шығуда және өзінің сапалы жаңа фазасына – даму фазасына 
шығуда. Ұйымдағы дамудың қарқындауы, әсіресе өндірістік, әр-
түрлі күштердің өзара әрекеттесуінің неғұрлым жоғары дәре-
жесімен шартталуы мүмкін. Бұл өз кезегінде дау-дамай база-
сының сөзсіз ұлғаюына және оның жетілу уақытының қысқа-
руына алып келеді [62].
Ұйымдастырудың жаңа формаларын іздеу мен енгізу бары-
сында дау-дамай ұйымдастыруға байланысты дау-дамай түріне 


247 
ие болуы мүмкін. Мұндай дау-дамай кез келген ұйымның дамуы 
үшін қажетті болып табылады. Мұндай дау-дамайлар көбінесе 
ұжым алдында тұрған міндеттер мен оларды шешетін ескірген 
ұйымдастыру формалары арасындағы сәйкессіздік түрінде бай-
қалады. Олардың субъектілері ретінде қызметкерлер тобы да, 
жекелеген тұлғалар да; жұмысшылар немесе қызметшілер, сон-
дай-ақ әкімшілік өкілдері де болуы мүмкін. Дау-дамайды жеңу 
бойынша қабылданған шаралар ұйым құрылымын жетілдіруге, 
оған тиісті сапаны беруге мүмкіндік туғызады. 
Жекешелендіру процесінің даму жағдайына қарай кәсіпорын-
дар нарықтық экономикаға тән ұйымдастыру-құқықтық формалар-
ға (унитарлы кәсіпорындар, коммандиттік серіктестіктер, акцио-
нерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және 
т.с.с.) қайта түрленуде.
Бұл ұйымдардың кез келгені оның жұмысын қамтамасыз ететін 
және басқа кәсіпорындармен, мемлекеттік органдармен және аза-
маттармен қарым-қатынасын көрсететін, оны басқару үшін қа-
жетті органдар құрады.
Сонымен, акционерлік қоғамда шаруашылықты жүргізу, бұй-
рық беру және меншікті пайдалану құқығына төраға басшылық 
ететін басқарма ие (ол бас директор, орындаушы директор, пре-
зидент болуы мүмкін). Мұнда басқарма мен акционерлік қоғам 
директорларының кеңесінің өкілеттілігі мен мүдделері тоғысқан- 
да қарама-қайшылықтар орын алуы мүмкін. Жеткілікті, айқын 
қарама-қайшылықтар мен дау-дамайлар туындатуы мүмкін.
Мұндай дау-дамайдың себептері ретінде мыналар болуы мүм-
кін: 
− директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің жоғары 
тұрған органның басқару стилі мен әдісін бағалау кезіндегі қай-
шылықтар; 
− директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің өндіріс ішін-
дегі іс-әрекет мәселелері бойынша келіспеушілік жағдайлар; 
− цехтар, бөлімшелер, қызметтер басшылары мен басқарма 
мүшелерінің арасында және олардың жұмыс уақытында мәжі-
лістерге қатысу мәселесі бойынша келіспеушіліктер пайда бол-
ғанда өндіріс пен басқарма мүдделерінің жасанды келіспеу-
шілігі; 


248 
− басқарма мен басқарманың территориалды органдары, оның 
ішінде аудан басқармасы мүдделерінің келісілмеушілігі. Соңғы 
жағдайда басқарма мүшелерінің кәсіпорын ұжымының еңбегі-
мен табылған табысынан аудан қажеттілігіне төлем ақы жасау 
реті және оны алу әдістері туралы келіспеушіліктер туындауы 
мүмкін. Басқарма, акционерлер атынан «қожайын» рөлінде бола 
отырып, қаражаттың есепке алынуы мен жұмсалуына қызығу-
шылық білдіреді және жоғарыда тұрған ұйымдардың нұсқауы 
бойынша негізделмеген төлем ақылар жасауға қарсы шығуға құ-
қылы, бұл шиеленіс, дау-дамайлық жағдай тудырады, тіпті дау-
дамайға алып келуі де мүмкін.
Ұйымдарда басшы мен оның орынбасарының арасында бас-
қару барысында дау-дамайлар туындауы мүмкін. Бұл дау-дамай-
лар ұжымға жылдам ауысады, өйткені, еңбек ұжымында дау-
дамайға түсушінің әрқайсысының тірегі бар.
Бұл жерде басшы мен оның орынбасарының басқару стилі 
маңызсыз емес рөл ойнайды. Мысалы, егер басшының стилі – 
демократиялық, ал оның орынбасарының стилі – демократиялық 
немесе авторитарлық стиль болса, олардың қызметтерінде дау-
дамайды болдырмайтындай келісушіліктерге қол жеткізуге бо-
лады. Көбінесе дау-дамай басшы мен оның орынбасары «Бөлім 
немесе ұйым иерархиясында кім маңыздырақ?» қағидасы бойынша 
іс-әрекеттің авторитарлық стилін ұстанатын, стильдер сәйкес 
келмеген жағдайда туындайды. Мұндай жағдайда амбициялар-
мен, мәнсаптық мақсаттармен байланысты аралас мотивациялар 
байқалады. Басшы мен оның орынбасарлары бүкіл еңбек ұжы-
мының жұмысын қамтамасыз ете отырып, бірін-бірі толық-
тырып отыруы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет