ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №1 (131), 2024
ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
461
қою және жауаптарды тұжырымдау; білім алушылар үшін таныс және қызықты
тақырыптарға мәлімдемелер жасау; суреттері бойынша, оқылғандарға ұқсастығы бойынша
әңгімелер құрастыру; ауызша сурет салу/сипаттау; таныс әңгімелер, ертегілерді қайта айту;
өлеңдерді жатқа оқу; әңгімелесуші мен тыңдаушыларға ақпарат жеткізу; сөйлеу жағдайына
қатысу, әңгімелесушінің не туралы сөйлейтінін түсіну,
оның сөзін нақтылау, анықтау;
аудиовизуалды материал негізінде өз көзқарасын дәлелдеу; аудиовизуалды материалдағы
негізгі ойларды анықтау.
Оқылым: ақпаратты табу үшін оқу, бағалау сұрақтарын тұжырымдау; мәтін мазмұны
және шығарма кейіпкерлерінің әрекеттері туралы әр түрлі көздерден: сөздіктерден,
анықтамалықтардан ақпарат
таба және ала білу, энциклопедиялар, инфографикалар.
Жазылым: жазбаша әріптер мен олардың түрлерінің көзбен көру қимыл бейнелерін
игеру, сөздерді дыбыстық әріптік талдау және ұсыныстарды талдау, кейіннен жазу;
деформацияланған сөйлемді, мәтінді қалпына келтіру;
әдеби кейіпкерге хат; тірек сөздер
бойынша мәтін құрастыру; мұғалімнің көмегімен қысқаша мәтін жаза білу.
Қазақ тілі сабағында жаттығулар мен тапсырмалар бойынша мынадай жұмыс түрлері
жүргізілсе:
1. Танымдық-талдау жаттығулары арқылы білім алушылардың мәтіннің мағыналық,
құрылымдық ерекшелігі жайлы, қазақ тілі оқулығындағы тілдік тұлғалардың қолданылуы
туралы теориялық білімі толықтырылады. Бақылау, салыстыру, талдау,
сызба құру, т.б.
арқылы білім алушылардың сөз, сөйлем, мәтін туралы теориялық ұғымдарды саналы түрде
қабылдап, өз тәжірибесінде қолдана білу дағдысы жетілдіріледі.
2. Түзету жаттығулары арқылы белгілі бір тақырып, негізгі ой бойынша дұрыс
түзелмеген мәтінді қайта жөндеу, түзету дағдысы қалыптастырылады. Тілдік құралдар
арқылы өз мәтінін түзу үрдісінде ой жүйесін бір-бірімен байланыстыра білуге үйретіледі.
Белгілі бір тақырып, негізгі ой бойынша дұрыс жазылмаған мәтіндегі қатені тауып, түзетуге
үйрену арқылы жазбаша байланыстырып сөйлеудің логикалық құрылымын танып біледі.
3. Өлең, жұмбақ, ертегі құрастыру барысында білім алушының алған білімі мен білігін
мәтін құру үрдісінде қолдану арқылы өз ойын жүйелі жазуға, шығармашылық қабілетін
шыңдауға мүмкіндік ашылады.
Осылайша, үш топқа біріктірілген жаттығулар бойынша
түрлі жұмыстар жүргізуге болады.
Білім беру саласында электрондық оқулықтар білім алушылардың өз бетінше жұмыс
жасау қабілетін және олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,
логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды. Сапалы электронды оқулық білім алушылардың
сөйлеу әрекетін дамытуға
мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың интербелсенді құралдарын
қолдану барысында білім алушылардың сөйлеу дағдыларының деңгейін арттыруға
бағытталған жұмыстар жүргізілді. Сабақтың әр кезеңінде интербелсенді құралдар арқылы
әртүрлі тапсырмалар орындалды. Соның нәтижесінде білім алушылардың сабаққа деген
қызығушылықтарының артқаны байқалды. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті
әдістемелік, дидактикалық материалдарды ала алды.
Сонымен, меңгерілуі қиын тақырыптарды электронды
оқулықтың көмегімен
түсіндірсе, білім алушылардың жаңа тақырыпты меңгеруге қызығушылығы артады.
Бастауыш сыныптың әрбір сабағында электронды оқулық үнемі қолданыста болса, оқу
сапасы артып, толыққанды жеке тұлға қалыптасады.
Қорыта келе, интербелсенді оқыту құралдарын күнделікті сабақта қолданып, білім
алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндігі өте зор екендігін педагогикалық
практика барысында байқадық. Сондықтан, бастауыш сыныпта білім алушылардың