162
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 1(147). 2014
малардағы орны ерекше. Ол антропоөзектік ғы-
лымдардың бастауы саналады.
Бұл ғылым аясында
этнос, этнос əлемі, этнос
болмысы, этнос тілі деген ұғым-түсініктерге
ерекше мəн береді. Бұл идея Э. Сепирдің тіл
фактілерін этнос мəдениеті мен жеке тұлға тұр-
ғысынан қарастыратын теориясымен сəйкес
болғандықтан, ғылымда «Сепир-Уорф болжамы»
деген атпен де белгілі болды. Алайда этнолин-
гвистка идеясын əр қырынан жəне əр деңгейде
қарастырып келе жатқан ғалымдардың қата-
рына В. фон Гумбольтд, В. Вундт, Г. Шухардт,
Ф. де
Соссюр, Бодуэн де Куртенэ сияқты ға-
лымдарды жатқызуға болады. Олар о бастан-ақ
этнолингвистиканың «Этнос пен этнос тілі»
негізінде қалыптасқанын толық мойындаса да,
олардың өзара қатыстылығы мен үйлесімін ай-
қындауға келгенде бір жерден шыға алмай жүр-
гендігі мəлім. Бұған себеп, этнолингвистиканы
біресе мəдениет, біресе тарих пен əлеуметтік
жағдай деп, оның шеңберін тарылтып, бүтіннің
бөлшегі ретінде тануы ерекше көзге түседі.
Мəселен, Ф. де Соссюр этнолингвистиканы
этнос тарихы мен этнос тілі тарихының өзара
əсерін зерттейтін ғылым ретінде танып, өз
ойын «халықтың салт-дəстүрі
оның тілінде
көрініс табады, ал тіл керісінше, сол халықтың
өзін қалыптастырады» деп тұжырым жасайды.
Бұл пікірмен келісуге болады. Бірақ этнос
тілінде көрініс табатын тек қана салт-дəстүр
ғана емес екенін естен шығармау керек. Сол
сияқты, этнолингвистиканы «көне дүниені» зерт-
теуші ғылым деп танып, байырғы қазақ тілінен,
жергілікті тіл ерекшеліктерінен іздейді. Бұл пі-
кірді жақтаушылар қатарына орыс ғалымдары-
нан Н.И. Толстой, В.Н. Топоров, В.В. Иванов,
А.Ф. Журавлевтерді жатқызуға болады. Соны-
мен қатар, Э.Сепир де этнолингвистиканы этно-
графия, мифология, салт-дəстүр ұғымдарымен
шендестіріп, тіл əлемін тілдің символдық қыз-
метімен шектеп көрсеткісі келеді. АҚШ-та қа-
лыптаса бастаған көзқарас бойынша, «этносты»
«Адам» деген ұғыммен алмастыру арқылы этно-
лингвистиканың
баламасы ретінде антрополо-
гия терминін қолдану үрдісі байқалып отыр.
Ал саясатта этнолингвистика – қоғамдағы эт-
нос тілінің жағдайын білдіреді. Осы орайда,
этнолингвистиканың барлық тілдерге қатысты
əмбебап ғылым ретінде толық қалыптасып,
дами түсуіне кейінгі кездерде түркі тілдері негі-
зінде көбейе бастаған ізденістер мен зерттеу-
лердің көп екендігін ескерген жөн.
Ə. Қайдар этнолингвистика ұғымын екі
обьектінің – этнос пен оның тілінің ортасынан
туындаған ғылым саласы дей отырып, «этнос»
атты күрделі ұғымды
этнолингвистика мақса-
тына орай «этнос болмысы», ал тілдің орнына
«тіл əлемі» деген термин-ұғымдарды қолдану-
ды жөн көреді. Ə. Қайдар «этнос болмысы»
терминіне мынадай түсініктеме береді: «Этнос
болмысы – этностың сонау бала кезеңінен бү-
гінгі есейген шағына дейінгі кешірген өмір-
тіршілігінің айнасы, оның тілі арқылы қалып-
тасып, жадында сақталып, ұрпақтан нəсілге
мирас болып ауысып келе жатқан бай рухани-
мəдени қазынасы», ал «Тіл əлемі – этнос бол-
мысына қатысты мағыналық бірліктердің жиын-
тығы, синтезі» [1, 20]. Автор
этностың шы-
найы болмысын басқа (этнология, этнография,
мифология, археология, антропология т.б.) ғы-
лымдар дəл этнолингвистикадай айқындай
алмайды дейді. Міне, осынау бай тіл қазынасын
этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеру,
оның терең мағына-мазмұнына бойлай еніп, оны
жан-жақты зерттеу этнолингвистиканың ең бас-
ты міндет-мақсаты болмақшы.
Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасы ғы-
лыми негізі қалыптаса бастаған, жан-жақты
ізденіс нəтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үр-
дісі
айқындалып келе жатқан, дербес ғылым
саласы ретінде танылып отыр. Қазақ этнолин-
гвистикасына қатысты мəселелермен шұғылда-
нушылар үшін М.М. Копыленконың «Этнолин-
гвистика негіздері» [2] еңбегінің берері мол.
Зерттеу еңбекте проф. М.М. Копыленко:
«Этностың тұрмыс-тіршілігі, қазіргі болмысы
мен тарихы, оның материалдық жəне рухани
мəдениетінің тілдік көріністері айқындалады
жəне жете зерттеледі», – деп анықтайды [2, 19].
Этнолингвистиканың зерттеу арналарына:
Достарыңызбен бөлісу: