Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет141/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   193
мойнына асылыпеңіреп қоя берді
- Сырым, кешір мені... Ертең екеуміз бірге 
барып, апамды алып қайталық, - деді өксіп тұрып. 
(Жаңбырсыз бұлт) [1,52] 
Қабдеш Жұмаділов жетпісінші жылдары Мем-
лекеттік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды. 
Яғни бірнеше жұмыстар атқарды. Көптеген ең-
бектері жарыққа шықты. Оны мына мысалда-
рымыздан көре аламыз: 
Кітаптан бас алмай тұқырып отырған əлгі 
кісі бір заматта өзінен-өзі тырқылдып күлді. 
- Қалай, қызық кітап па екен? – деді Жарқын. 
Ол да сөзуар адам болса керек, кітапты жаба 
салып əңгімеге кірісті. 
- Осы жазушылар да бір қызық халық-ау, - 
деді əлдебір жаңалық ашқандай басын шайқап. 
(Адамның кейбір кездері) [1,82] 
- Қозыбайдың премиясы қалай? Бұл жолы 
ілінді ме? – деді Өсербай цех бастығына иек 
қағып. 
(Момын) [1,112] 
- Қалай, қапы кеткен жерің көп пе екен? – 
деді Рахима күйеуіне, сыны кете бастаған ұялы 
көзін төңкеріп. – Бəлкім, кем-кетігіңді толтыру 
үшін төсек жаңғыртып, жас иіс алатын шығар-
сың? Қазір шалдардың құтырған заманы ғой. 
(Қоңыр күз) [1,125] 
- Не істеуші ем? Жұмыс істеймін. Үйлене-
мін... Бала-шағам болады, - дегенде Арқаттың 
жүзі жайнап кетті
- Мама, естіп отырсыз ба? Ұлыңыз үйле-
нетін көрінеді! – Алма мəз-мейрам болып, ажуа-
лай күлді. – Бірақ сонда бала-шағаңды қайтып 
бағасың? Не дипломың, не өнерің жоқ. 
Ағалары амалсыздан мырс-мырс күліп 
жіберді. 
- Амал қанша, бізден бір қателік өтіпті, - 
деді Сұңғат басын шайқап. – Бұл итті былтыр 
əскерге жіберу керек еді. Армияда мұндайлар-
дың жынын бір айға жеткізбей қағып алады. 
(Еменнің иір бұтағы) [4,144] 
Ал тоқсаныншы жылдары Қабдеш Жұмаді-
ловтің «Құзғынның өлімі», «Жемдеген қырғауыл-
дар», «Жалдамалы күйеу», «Құдайдың үйі», 
«Бір ғана ғұмыр», «Дөңгеленген дүние-ай», 
«Тіленші», «Бұқарбайдың бұқасы», «Ақынның 
ақырғы күндері», «Ит базары», «Толған айдың 
түні», «Қағытпа қалыжыңдар», «Ақбураның 
асуы» атты өлеңдері жарық көрді. [1,5] 
Жазушының прозалық, дрмалық туынды-
лары, көркем публицистикасы əдебиетіміздің 
асыл қорына рухани қазына болып құйылды. 
Ауызекі сөйлеу тіліндегі бейвербалды амалдар 
жазушы шығармаларынан кең көрініс тапқан. 
Жазушының көркем тілі белгілі бір оқиғаны 
оқырман сезіміне əсерлі, бейнелі етіп жеткізеді. 
Сол əсерлілік пен бейнелілік түрлі амал-тəсіл-
дер арқылы жүзеге асады. Сондай амалдардың 
бірі – көркем бейне жасаудағы бейвербалды 
амалдардың қызметі. Қабдеш Жұмаділов шығар-
малары осындай бейвербалды амалдарға бай. 
Жазушы бейвербалды амалдарды пайдалана 
отырып, өзінің стильдік шеберлігін шыңдайды. 
Қабдеш Жұмаділов кейіпкерлерінің ішкі жан 
дүнйесі, психологиясы бейвербалды амалдар 
арқылы ашыла түседі. Қаламгер сомдаған кейіп-
керлердің ішкі жылықпен қол алысып аман-
дасуы, қауыша құшақтасуы, қуанышпен күлім-
сірей қарап, маңдайынан сүюі – ұлтымыздың 
мейірбандығының, асыл тəрбиесінің, сыпайы-
гершілігінің, ұлттық-мəдени ерекшеліктерінің 
көрінісі. Демек, жазушы қаламына тəн осындай 
амал-тəсілдердің қолданылу табиғаты мен қыр-
сырын ашу қаламгердің тілдік ерекшелігін та-
нып білуге əсер етеді. Бейвербалды амалдарды 
өз орнымен қолдану, шығарманың танымдық-
тағылымдық мəнін күшейтіп, əсерлілігін арт-
тыра түсетіндіктен, бұл мəселені зерттеу тіл- 
дік жəне тілсіз қатынасты жете меңгеруге жол 
ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет