Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева


Key words: Kazakh literature, poetry, Magzhan`s poetry



Pdf көрінісі
бет144/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   193
Key words: Kazakh literature, poetry, Magzhan`s poetry 
 
 
Мағжан – ақынның ақыны 


168
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
«Мағжан – ақынның ақыны». Мағжан кім 
қанша даттаса да былғанбайтын асыл емес пе, 
соны кейін Сəбең де түсінген болуы керек, 
ақын туралы пікірі өзгеріп, артына Мағжан 
Жұмабаевтың өмір жолы, шығармашылығы 
жайлы зерттеу еңбегін қалдырып кетті. Атақты 
жазушының «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» 
деп аталатын кітабына енген осы еңбекте 
Мағжан туралы мынадай жолдар бар: 
«…Ақындық жағынан келгенде, Мағжан, 
əрине, қазақтың күшті ақындарынан саналады. 
Қазақтың тілін байыту ретінде, əдебиетте жаңа 
түрлер енгізу ретінде, Мағжанның еңбегі көп. 
Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан 
ақын қазақта жоқ». Бұл Мағжан өмірден озбай 
тұрып 1932 жылы айтылған сөз. Нақ осы кезде 
қуғын-сүргінге ұшырап, қиналып жүрген Мағ-
жан да Сəбеңнен сырт айналуды жөн деп тап-
пайды, хат жазып одан ақыл-кеңес, көмек сұ-
райды [1, 448]. 
Осы арада Мағжан Жұмабаевтың Сəкен Сей-
фуллинмен қарым-қатынасы туралы да əңгіме-
лей кету артық емес сияқты. Мағжан 1937 жылы 
Алматыға табан тірегенде Сəбең қарсы алған-
мен «Менің жолым-теріс. Сəкендікі – дұрыс 
болды. Алдымен соған сəлем берейін» деген 
тілегін білдіреді. Сəбең өзінің естелігінде жаз-
ғандай, ретін тауып Сəкенге хабар береді. 
Сəкен қарсы болмайды, екеуі көздеріне жас 
алып құшақтасады. Осы арада Мағжан Сəкен-
нен кешірім сұрайды. Сəкен: «Саған бəрі де 
кешірімді, бізден енді кешірім сұрама» дейді. 
Сол күні Мағжан Сəкен үйінде қонып қалады 
[1,448]. 
Сырт көзге қатардағы оқиға сияқты болып 
көрінгенмен екі алыптың түсінісуі – бұл тарихи 
сəт еді. Өйткені, оған дейін олардың арасы 
жақсы емес-ті. Мағжан мен Сəкен тұңғыш рет 
Омбыда кездескен, сонда бірге оқыған. Кейін 
араларынан «қара мысық» жүгіріп кетіп, кикіл-
жіңмен біраз жерге барып қалған. Екеуі де 
ақын болғаннан кейін бірін-бірі сөзбен түйрей-
ді ғой баяғы. Соза берсек, бұл өзі таусылмай-
тын əңгіме. Белгілі ғалым Тұрсынбек Кəкішев 
ағамыз бұл жөнінде «Өнер бəсекесі, немесе 
Мағжан мен Сəкен» деген көлемді тарихи-əдеби 
эссе жазған. 
Ақын Мұзафар Əлімбаевтың «Солтүстік 
Қазақстан» газетінде (1991 ж. 21 мамыр) жа-
рияланған «Мағжанды махаббатпен оқығанда» 
деп аталатын эссесінде де Мағжан мен Сəкен-
нің ара-қатынасын ашатын тұстар аз емес. 
Ақын ағамыз өмірдің өз ағымында, əдебиеттің 
дамуында əрқилы мектептердің, əр алуан 
таланттардың бəсекесі, жарысы, айтысы мен 
тартысы қызу жүріп келгенін, жүре де бере-
тінін айта келіп, «Мағжанның идеялық жəне 
эстетикалық позициясына қарсы жанкешті кү-
респесе, Сəкеннің азамат əрі ақын-суреткер 
ретінде қауырт өсіп, биікке самғауы, ол ол ма, 
қазақ əдебиетіндегі жалаугер жетекшілігі қам-
тамасыз етілер ме еді. М. Жұмабаевтың «Батыр 
Баянымен» қиын жарысқа Сəкен өзін өткір 
қайрап салмаса «Көкшетау» дастаны өзінің ға-
жайып көркемдік дəрежесіне көтеріле алар ма 
еді?» деп сауал тастайды. Сөз жоқ, осы бəсеке 
жай да жүйрік қаламды одан сайын желқанат-
тандыра түскені анық. Олай болса, Мағжан мен 
Сəкен өмір көшінде əрдайым бірге жүрді. 
Олардың өмірлерінің соңғы сəтінде кездесіп 
түсінісулері, табысулары кездейсоқтық емес. 
Бұл халқымызға бұйырған тағдырдың сыйы. 
Ғабит Мүсірепов бірде Жайық Бектұровқа 
Мағжанмен алғаш рет 1928 жылы Бурабайда 
кездескенін, Ақмола губерниялық партия коми-
тетінің хатшысы Садықбек Сапарбековтің өзін 
шақырып алып, «Мағжанның орнына орман 
шаруашылығы техникумында оқытушы бол» 
дегенін айтып береді. «Бурабайға келдім. Мағ-
жанды осында бірінші рет көрдім. Ол өзінің 
пəтерін маған беріп, Қызылжарға кетті. Сонда 
барып совпарт школда сабақ берді» дейді. 
Кейін Мағжан мен Ғабең 1936 жылы Алма-
тыда тағы кездеседі. «Мен Қазақстан Орталық 
партия комитетінің мəдени-ағарту бөлімінің 
меңгерушісі едім. Мағжанды жұмысқа орналас-
тырдық. Ол жұмысына құлшына кірісті. Дінге 
қарсы орысша бір трактат іспеттес еңбек жазып 
əкелді. Жұмысының өзі де дінге қарсы үгіт-
насихат жүргізу еді». (Ғабит Мүсірепов). Жайық 
Бектұровпен əңгімесінде Ғабең: «Менің ойымша, 
Мағжан шығармаларын басуға бұл күнде совет 
өкіметінің еш бөгеттігі жоқ, бұлай деу бос сөз. 
Оның шығармаларын жарыққа шығаруға біздің 
өзіміздің көптен бергі бір беткей қалыптасып 
кеткен теріс дағдымыз, теріс көзқарасымыз, 
Мағжанды ұлтшыл деп жамандап қалған ескі 
əдетіміз бөгет. Біз біреуді жамандасақ, тасқа 
басқан таңбадай, өмір бақи өшпейтін қара 
бояудай көреміз. Кейде тіпті қайсыбір ақында-
рымыздың іштей қызғаншақтығы да бөгет 
болып жүр» деп Мағжан шығармаларын жа-
рыққа шығаруға қатысты ойларын ашық біл-
діріпті. Алайда, Ғабең Мағжанға ара түскен 
жоқ, Мағжан туралы естелік те қалдырмады. 
Оның себебін қазір дөп басып айту қиын. Атақ-
ты «Бесеудің хатына» қол қойған, «Бейімбет 
жау болса, мені де жау деп санаңыздар» деген 
Г. Каримова 


169
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
Ғабеңнің Мағжан туралы қалам тартпағанын 
түсіну де, түсіндіру де қиын. 
Соңғы жиырма жылдың ішінде Мағжан 
жайлы біраз дүние жарық көргенін жоғарыда 
айттық. Солардың ішінде белгілі жазушы 
Жайық Бектұровтың еңбегінің орны бөлек 
десем ақиқаттан тым алыс кете қоймаспын. 
Ш.Уəлиханов, Ы. Алтынсарин, Ə. Бөкейханов, 
А. Байтұрсынов, Ə. Марғұлан сынды қазақтың 
асыл ұлдарының əдеби портреттерін оқырманға 
тарту еткен Ж. Бектұров Мағжанның халқына 
қайта оралуына да көп еңбек сіңірді. Ол Қазақ-
стан Жазушылар одағының Қарағанды облыс-
аралық бөлімшесін басқарған жылдары Солтүс-
тік Қазақстан облысына сан мəрте келіп, Мағ-
жанның жары Зылихамен кездесіп, қолынан 
келген көмегін аямаған. «Мағжанды іздестір-
діңіз бе? Жоғарғы жаққа арыз жаздыңыз ба? 
деп сөз бастап кеттім. «Жаздық қой. Жазбаған 
жеріміз жоқ. Ештеме шықпады», - деді Зылиқа. 
Мен ол кісіге: «Сіз Н.С. Хрущевке жазыңыз. 
Күйеуім ақын еді, жұрт ұлтшыл десті. Бірақ ол 
ешқандай басшы жұмыста болған жоқ еді. 
Кеңес үкіметіне қарсы ешбір теріс əрекет 
істеген адам емес. 1930 жылы ұлтшылсың деп 
бір соттады. Одан лагерьде жазасын өтеп келіп, 
болмашы қызмет істеп жүргенде қайта қамал-
ды, жоқ болып кетті» деп жазыңыз» дедім»
(Ж. Бектұров). 
Жазушы осыдан кейін өзі де қарап отыр-
майды, Башқұртстанның халық жазушысы Сайфи 
Құдашқа хат жазып, Мағжан Жұмабаевты ақ-
тауға көмектесуін сұрайды. Мағжан Жұма-
баевпен Уфадағы «Ғалия» медресесінде бірге 
оқыған С.Құдаш 1969 жылы Қазақстан компар-
тиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы
Д. Қонаевқа хат жолдайды. «Қазақ ақыны Мағжан 
Жұмабаевтың тағдыры туралы» деп аталатын 
бұл хатында башқұрт əдебиетінің ақсақалы 
Қазақстанның көптеген қалаларынан, оның 
ішінде Қарағандыдан да, Мағжанға ара түсуін 
сұраған өтініштер келгенін жазады. 
Жайық ағамыздың Мағжанға, Мағжанның 
артында қалған жесірі Зылиқаға жасаған басқа 
да жақсылықтары аз емес. Мағжан ақталғаннан 
кейін Зылиқаны шетқақпай қыла бастаған ақын-
ның туыстарының орынсыз əрекеттерін айып-
тағаны тағы бар. Ол: «Өмірде əділетсіздік көп 
қой. Бəрі де қараңғылықтың, іші тарлықтың 
белгісі. Бұрын естерінен шығып кеткен Зылиқа, 
енді Мағжан жұрттың аузына қайта іліге бас-
тағаннан кейін, бұл байғұстардың да тіліне, 
көңіліне орала бастапты. Бұлардың да əкелері, 
туыстары сотталып, есеңгіреп қалған адамдар. 
Жалған қызғаншақтық сезім де бар. Жақсы 
мұраға ие болғысы келетін ниет те бар. Баласы, 
ұрпағы жоқ, жалғызбасты сорлы кемпірдің 
Мағжанның із-түссіз кеткен еңбектерін инемен 
құдық қазғандай жинағанын өзге, соның көп 
азап-бейнетін көргеннен басқа ешкімге ешбір 
жазығы жоқ» деп жазды. 
Белгілі жазушы, қазақ əдебиеті ақсақалда-
рының бірі Ғаббас Қабышұлы да осыны дəт-
тейді. «Мағаңның өлең-дастандары, əдеби аудар-
малары жарияланған газет-журналдарды іздеп 
табу, көшірме жасатып алу, əрине, апайға қиын 
болған. Ақы-пұлын төлеу былай тұрыпты, ке-
сірі жетерлік кездерде ашық іздеудің өзі қандай 
тəуекелді қажет етті десеңші?! Күйеуіне жағыл-
ған күйені кетіру үшін жан тыныштығын ұмыт-
қан, алғаш тұтқындалғанында ізденіп Мəскеу-
ге, Максим Горькийге дейін барған, Мағаңның 
ол жолы ақталуына бірден-бір себепші бола 
білген, ал ері екінші рет тұтқындалғанда соңы-
нан Сібірге барғаннан өзге шарасы қалмаған 
Зүлкең, кім не десе де, бүгінгі бізге де, келер 
ұрпаққа да аса қажет қыруар іс тындырды» 
(Ғаббас Қабышұлы. «Қазақ əдебиеті» 2003 ж. 
30 мамыр). 
«Мағжанның асыл лирикасы ынта-ықылас 
қойған əрбір адамның ішкі жан дүниесін байыта 
түсері анық» деп жазды Президентіміз Нұрсұлтан 
Əбішұлы Назарбаев өзінің «Тарих толқынын-
да» деп аталатын еңбегінде. Сөйтіп Мағжанның 
əдебиеттегі орны қай кезде де төрде екенін тағы 
бір айғақтап берді. 
«Қазақ жазушыларынан, əрине, Абайды
сүйемін... Бұдан соң Мағжанды сүйемін» деген 
Мұхтар Əуезовтің сөздерінде де көп сыр жат-
қаны анық. Мағжанның даралығын, даналығын 
жұрттан бұрын таныған, елден ерек бағалаған, 
европалығын, жарқыраған əшекейін сүйетін 
Мұхаң өз тұжырымын 1924 жылы, яғни Мағ-
жан қуғын-сүргін азабын тарта бастаған кезде 
білдірген еді. Міне, сондықтан да Мұхтар Əуе-
зовтің бұл сөздерін тарихи тағылымы мол, 
рухани салмағы зор ұлағат деп қабылдау, нағыз 
ерлік деп бағалау орынды [2, 446]. 
«Ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар 
үшін Пушкиннің рөлі қандай болса, қазақ халқы 
үшін Мағжанның рөлі сондай». Бұл ғұлама 
ғалым Əлкей Марғұлан айтқан сөз. Бұдан Мағ-
жанның əлем əдебиетінде ойып алар орны бар 
жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс екенін 
көреміз. 
Мағжан - өз шығармаларымен қазақ əде-
биетін жаңа бір асуға шығарып, əлемдік кеңіс-
тікке жол салған, шашасына шаң жұқтырмаған 
Мағжан – ақынның ақыны 


170
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
жыр жүйрігі, он екіде бір гүлі ашылмаған ша-
ғында-ақ сұлу сөз, кестелі ойдан күмбез қала-
ған нағыз дарын иесі.
Ұлы ағартушы Жүсіпбек Аймауытов 1923 
жылы Ташкентте оқып жүрген қазақ студент-
терінің алдында жасаған баяндамасында Мағжан 
сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөз еркінді-
гімен, тапқырлығымен, маржандай тізілген, тор-
ғындай үлбіреген нəзік күйімен, шерлі, мұңды 
зарымен күшті екенін айта келіп, «Мағжан-
алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге 
жұмсақ, жүрекке тиетін үлбіреген нəзік əуез 
қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес 
[3,171]. Ол жүректің қобызын шерте біледі, 
оның жүрегінен жас пен қаны араласа шыққан 
тəтті сөздері өзгенің жүрегіне тəтті у себеді. 
Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сəнді жа-
зады. Оқушының жүрегіне əсер бере алмайтын 
құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба 
алмаймыз... Қай өлеңін оқысаң да не ақынмен, 
не өз жүрегіңмен, не ел жүрегімен сырласқан-
дай боласың» - деген екен. Демек, дəл қазір 
келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға 
жарайтын сөз иесі атанған Мағжанның ақын-
дық мұрасы мен оның жаратылысы, болмыс-
бітімі, талантының табиғаты туралы сөз сабақ-
тала береді деп ойлаймыз. 
Сан қырлы талант иесі: ақын, журналист, 
зерттеуші, тіл маманы, педагог Мағжан Жұмабаев 
дүниенің кілті білімде екенін ерте түсінді.
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр, 
Кілтін де өнер-білім ашып жатыр. 
Бір ай, бірі жұлдыз, бірі күн боп, 
Жалтылдап көктен нұрын шашып жатыр – 
деп халқын өнер, білім алып басқалармен қатар 
болуға, оқуменен жайнатып дүкен құруға, 
адамзаттың тобына қосылуға шақырады. 
Ауыз əдебиетінің тұнығына ерте қанған, 
сөйтіп туған халқының сан ғасырлық дана-
лығын бойына сіңірген Мағжан поэзияда Абай 
дəстүріне ден қойды, бір сөзі мың жыл жүрсе 
дəмі кетпес, əлемнің құлағынан əні кетпес 
Абайды ұстаз, пір тұтты. Олардың жырларын-
дағы үндестік бізге осыны аңғартады. Қазақ 
үшін Абай қалай қайғырса, Мағжан да солай 
қапаланады, аласұрып, қараңғы тар қапастан 
шығар жол іздейді. Демек, Мағжанды ұлылық 
тұғырына көтерген үш тағанның бірі оның 
зеректігі білімге құштарлығы, Абай мектебі 
болғанында дау жоқ. 
Мағжанның алып тұлғасының қалыптасуы-
на оның еліне, жеріне, туған халқына деген 
сүйіспеншілігі де барынша ықпал етіп, бұл 
орайдағы оның ой-сезім толғаныстары бүкіл 
поэзиясына алтын арқау болып өрілгенін жыр 
сүйер қауым жақсы біледі. 
Дегенмен, Мағжан кемеңгерлігінің бастауы 
оның көрегендігінде, болашақты болжай білуін-
де жатыр. Ол өзі «Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ 
жанар» демей ме?! Демек, ол өзінің мəңгілік 
екеніне, ұлтының өзгелермен терезесі теңелер 
күн туарына сенген. Сондықтан да ол ұлтының 
аспандағы Айы, көгіндегі Күні, ақыл-ойының, 
парасатының биігі болуға ұмтылды, өз бойына 
халқының ащысы мен тұщысын, қуанышы мен 
қайғысын қондырып, соқтықпалы, соқпақты, 
бұралаңы мен қалтарысы, тауқыметі мол тағ-
дырлы жолды таңдады. Осы жолда жанын пида 
етті, жырлары да жарты ғасырдан астам уақыт 
тар қапаста тұншығып жатты. 
Қылышынан қан тамған заманда Жүсіпбек 
Аймауытовтың, Мұхтар Əуезовтің, Ахмет Бай-
тұрсыновтың, Сұлтанбек Қожановтың Мағжан 
туралы анық сөздерін айтып кеткенін ерлік деп 
білеміз. Осы қатарға есімі елімізге белгілі 
ғалым Бейсембай Кенжебаевты да қосу лəзім. 
Оның өткен ғасырдың 70-ші жылы ешқандай 
есепсіз адал жанымен жазған естелігі Мағжан-
ның шын бейнесін ашады, оны бүгінгі ұрпаққа 
жақындата түседі. 
Кезінде өзінің идеялық қарсыластарына
ымырасыз Сəбит Мұқановтың да, сынның 
дойыр қамшысын Мағжанға да сан мəрте сілте-
гені мəлім. Алайда, асылға шаң жұға ма, соны 
Сəбит Мұқанов та түсінген болуы керек. Оның 
Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы, шығарма-
шылығы туралы көлемді еңбек жазып қал-
дыруын. «...Ақындық жағынан келгенде, Мағжан, 
əрине, қазақтың күшті ақындарынан саналады. 
Қазақтың тілін байыту ретінде, əдебиетте жаңа 
түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. 
Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан 
ақын қазақта жоқ» - деп ой түюін біз осылай 
түсінеміз. Сол сияқты, Сəкен мен Мағжанның 
тіл табысуы, түсінісуі, ел игілігі жолында ортақ 
шеп құруы да бүгінгі ұрпақ үшін аса қымбат 
тарихи құбылыс. 
Мағжан Жұмабаевтың халқымен қайта қауы-
шуына көп еңбек сіңірген қаламгерлердің бірі 
жазушы Жайық Бектұров. Қуғын-сүргінді өзі 
де көп көрген ол кісі Қазақстан Жазушылар 
одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесін 
басқарған жылдары біздің өңірге қайта-қайта 
келіп, Мағжанның жары Зылиқаға ақынды ақ-
тап алу жолдарын үйретеді, өзі де қарап отыр-
май, Башқұртстанның халық жазушысы Сайфи 
Құдашқа хат жазып, Мағжан Жұмабаевты ақ-
тауға көмектесуін сұрайды. Сайфи Құдаш осы 
Г. Каримова 


171
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
мəселеге байланысты сол кездегі Қазақстан 
компартиясы орталық комитетінің бірінші хат-
шысы Дінмұхаммед Қонаевқа хат жолдағанмен 
жауап ала алмайды. 
Десек те, Ғаббас Қабышұлының тілімен 
айтсақ, Мағжан сияқты арысымыздың ақталуы-
на күйеуіне жағылған күйені кетіру үшін жан 
тыныштығын ұмытқан, алғаш тұтқындалғанда 
ізденіп Мəскеуге, Максим Горькийге дейін бар-
ған,.. екінші рет ұсталғанда көз жасын көлдетіп 
Сібірге сапар шегуден өзге шарасы қалмаған 
Зылиқа анамыздың сіңірген еңбегі өте зор. 
Мағжанды тануға, танытуға білек сыбана 
кіріскендер кімдер десек, елімізге белгілі ға-
лымдар, ақын-жазушылар Шерияздан Елеуке-
новті, Тұрсынбек Кəкішевті, Мұзафар Əлім-
баевты, Қадыр Мырзалиевті, Кəкімбек Салы-
қовты, Ғафу Қайырбековті, Дүкенбай Досжан-
ды, ақынның ұрпағы Ғаділша Қаһармановты, 
Ғаббас Қабышұлын, Серік Негімовті, Раушан 
Кошенованы ауызға бұрын алып, мұрағаттарда 
шаң жұтып, көз майын тауысып Мағжан Жұма-
баев туралы деректерді тірнектеп жинаған- 
дары, сүбелі де сүйекті еңбектерімен ақынның 
шынайы бейнесін сомдағандары үшін алғыс 
айтып, бас июіміз керек. 
Осы арада біз ой-сəйгүліктің тізгінін сəл 
тартып, Мағжанды өзінің лайықты тұғырына 
əлі қондыра алмай келе жатқанымызды мойын-
дауымыз керек. Өз заманында ақыл-ойға бас-
қаша бір өріс ашып, халқының қолына ерекше 
бір əлемнің кілтін ұстатуға ұмтылған, Абайды 
ғана алдына салған Мағжан қазақ əдебиетін 
əлемдік деңгейге көтерді, өзі Шекспирмен, 
Пушкинмен Лермонтовпен иық тірестірді десек, 
бұл бүгінгі тəуелсіз Қазақстан үшін баға жет-
пес құндылық емес пе.
Мағжан Жұмабаев бір ғана ұлттың перзенті 
емес, адамзаттың ақыны. Олай болса, оның жыр-
ларын орыс, ағылшын басқа да халықтардың 
тілдеріне аудару керек. Сонда ғана Мағжанды 
таныған халық қазақты да танитын болады. 
Мағжан небəрі қырық бес жыл ғана өмір 
сүрді. Бірақ, ғасыр шеңберіне сыймайтын жыр-
ғұмыр жалғасып келеді, жалғаса береді. Өйт-
кені, оның сөзі қуатты жыры – шуақты. 
Əдебиетттер 
1 Мағжан Жұмабаев. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. 
2 Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. ХХ том. – Алматы, 1985.
3 Аймауытов Ж., Əуезов М. Абайдан соңғы ақындар // Абай журналы, 1992. – № 2. 

Ш. Елеукенов. Мағжан мен Мұхтар // Жұлдыз, 1997. – № 10.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет