Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет147/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   193
десемiз. Сөйлеген сөзiнен, жүрiс-тұрысынан 
зиялы от басынан шыққаны, кiтаби тəрбиенi 
көбiрек көргенi байқалады. Мiнезi жұмсақ. 
Онысы өзгелерге жағымды көрiнгенмен, өзiне 
əлде бiр шарасыздық əкелетiн секiлдi. Арнайы 
сөзге тартпасаң, қасыңда бəленбай сағат 
үнсiз отыра беруге бар [2, 1]. 
Мəтіннің аңдату бөлігінде берілген жоғары-
дағы мысалдан баяндау+ сипаттау, сипаттау 
+ баяндау құрылымын байқауға болады. Мə-
тіндегі авторлық баяндаулар бірдей қызмет
атқармайды. Бірде баяндама суреттемеге құ-
рылып, оқиғаның көркем кестесін жасаса,
екіншіден əңгімеге кіріспе ретінде жұмса-
лады.
Авторлық кірігулер объективті баяндаудың 
ішінде де жүреді. Олар объективті баяндауды 
субъективтендіріп, жалпы шығарма тұтас күйін-
де автордың өзінің жекелік бір əңгімесі екенін 
білдіреді. Мысалы: Менiң өмiрiмде үлкен бiр 
өзгерiс болған секiлдi. Не өзгерiс екенiн өзiм де 
анық бiлмеймiн. Бəлкiм, Ол баяғыда болып, 
Оны өзiм тек қазiр ғана байқап отырған шы-
ғармын. Бəрi де мүмкiн... Бiлетiнiм – жүйкем 
бiршама тозған. Сол себептi бұрынғыдай емес, 
ойлаған ойларымды тез ұмытамын [2,2]. 
Автордың баяндау желісіне кірігуі кенет, 
күтпеген жерден жүзеге асады. Оқиға желісі 
объективті түрде баяндалып келеді де, автор 
кенет өз атынан сұрақтарды өзіне-өзі қояды
сонымен қатар оқырманнан да жауап күтетін 
сияқты. Сондай авторлық кірігу сюжетаралық 
байланыстырушылық та қызмет атқарады. Мы-
салы: Рас, ғұмыр ұзаған сайын жадыңнан шы-
ғатын заттардың саны да көбейедi. Кезiнде 
өмiрiңнен орын алған оқиғалар ұмытылып, қай-
сыбiр мəнсiз көрiнген сəттер есiңде қалуы əб-
ден мүмкiн. Бiрге оқыған, бiрге жүрген адам-
дардың аты-жөнiн есiңе түсiре алмайсың, шы-
рамытсаң да, жыға танымайсың. Ескi дос-
тықтан, кездескен күндерден iз де қалмайды. 
Өмiрiң əлде бiр құрдымға құйып жатқан өзен 
секiлдi. Адам жадының өз заңы бар.
Оның себебiн дəрiгерден сұрасаң, шарша-
ғаннан дейдi. Рас шығар. Жарық дүниеге келген 
адамның көрмейтiнi бар ма? Оны ойласаң, ой-
дан ой бөлiнiп, сан тарам жолдың қайсысына 
түсерiн бiлмей, дал болған жолаушыға ұқсай-
сың. Дүние сыры беймəлiм. Не құдайды, не 
адамды кiнəларың белгiсiз. Бiр қарасаң, құдай-
дiкi дұрыс секiлдi – адам қылып жаратты, 
өсiп-өн, рақымды бол, iзгiлiкке сен дедi. Одан 
артық не керек? Əйтсе де, құдайдың əмiрiмен 
iс қылып, жаманатын жалғыз өзi көтеретiн 
адам байғұсты тағы аяйсың [2, 2]. 
Күрделі синтаксистік қатарлар арқылы ав-
торлық шегініс байқалып, ішкі жан күйзелісі 
нақты беріледі. Мысалы: Сондықтан əркiм өзi-
не үй iшiнен күрке жасап, сол күркенiң заңы-
мен ғана өмiр сүрiп, өз тiлегiн өзi қанағаттан-
дырғаннан басқаға лаж жоқ. Күркеде өмiр 
сүрген адамның еңсесi қайдан көтерiлсiн. Өзiм-
нен өзiм əлде бiр атын атап, түсiн түстеуге 
келмейтiн қорлық пен зорлықтың қыспағында 
жүргендеймiн [2, 2]. 
Шығармада кездесетін мəтін бейнелілігін 
жасайтын негізгі тілдік тəсіл – фразеологиялық 
тіркестерді қолдану болып табылады. Мысалы: 
«Үш күннен кейiн адам тозаққа да үйренедi» 
дейдi. Қиындыққа, тауқыметке төзу, қалып-
тасу, бəлкiм, тiршiлiк үшiн қажет те шығар, 
бiрақ адамның күнə мен қылмысқа, арсыздық 
пен əдiлетсiздiкке етi үйренуi – ең зиянды, ең 
қатерлi дағды
Тəннiң ауруы астан дейдi. Ал кермек ойдан 
жаның ауырады  [2, 3]. 
Кей жерде автор кейін сырғып, объективте-
ніп кетеді, оқиғаның өзін сөйлетеді, ал енді бір 
жерде өзі араласады, килігіп отырады. Мысалы: 
Баспасөз беттерiнде жарияланып жүрген неше 
түрлi хабарлардан əлдебiр жан түршiгерлiк 
рухани күйреудiң нышандары сезiледi. Ал солар-
дың бəрiне адамдардың еттерi үйренiп, тiтiр-
кенбеуi, шiмiрiкпеуi, ештеңе болмағандай, жай-
барақат жүруi одан бетер зəремдi алады. Маған 
олар адам өлiгiн селт етпей қолымен түртiп, 
қызықтап жүрген жарымес жасөспiрiмдер се-
кiлдi елестейдi [2, 3]. 
Монолог түріндегі мəтіннің функционалдық-құрылымдық сипаты 


174
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
Авторлық кірігулер объективті баяндаудың 
ішінде де жүреді. Олар объективті баяндауды 
субъективтендіріп, жалпы шығарма тұтас күйін-
де автордың өзінің жекелік бір əңгімесі екенін 
білдіреді.
Сюжетаралық байланыстырушылық қызмет 
атқаратын авторлық тікелей кірігулер кейде 
ұзақтай болып келіп, автор өзінің ойын, қаты-
насын, көрсету үшін еркін көсіліп те алады. Бұл 
оқырманды демалдырып, сергітіп, ойын бөліп, 
үзіліс сияқты қызмет атқарып та тұрады. Мы-
салы: Мұнда келгелi аяқ астынан жоқ болып 
кететiн күндердi ойлап, өзiмдi өзiм үрейлен-
дiрмес үшiн, анда-санда, айрықша оқиғалар 
тұ-сында ғана болмаса, қолға қалам алмасқа 
бе-кiнген едiм. Ақыры күнделiкке қайта 
оралдым. Үйткенi менi таң қалдырған бiр 
түсiнiксiз оқиға болды. Тəңертеңгi астың 
алдында дəрi iшуге бас жақтағы стаканға 
қолымды соза бергем, кенет (бұған дейiн 
байқамаппын) шкаф үстiнде бүктеулi жатқан 
хатқа көзiм түстi [2, 4]. 
Мəтіндегі сұраулы сөйлемдер, шылаулар 
авторға көзқарасты, авторға тəн интонацияны 
береді. Мысалы: Аң-таң болып, неге екенiн бiл-
меймiн, құпия хатты басынан бастап қайта 
оқып шықтым. Кенет жүрегiм су ете қалды. 
Бұл қалай келген хат? Палатада жалғызбын. 
Кiм кiруi мүмкiн? Неге мен жоқта келедi? Неге 
менiң күнделiгiмдi сұраусыз оқиды? Қажет 
болса, хатсыз-ақ неге таныспайды? [2, 11] 
Субъективті «мен» тұлғасындағы баяншы 
өзіне екі қызмет жүктейді: əрі ол оқиғаға қаты-
сушы, оқиғаның кейіпкері, əрі баяншы (оқи-
ғаны жеткізуші). Осыған орай ол – бейнелеуші 
субъект қана емес, əрі бейнеленетін объект те 
болады [3, 86].  
Монологтық мəтін бірліктерін байланысты-
рушы синтаксистік құралдар сан алуан болып 
келеді. Оларға фонетикалық құралдар: инто-
нация, ырғақ т.б.; лексикалық құралдар; грам-
матикалық құралдар; синтаксистік-стилисти-
калық құралдар жатады. Монологтық мəтіндер-
дің бірліктерін мағыналық-құрылымдық тұтас-
тыққа біріктіруде ең жиі қолданылатыны есім-
дік сөздер болып табылады. Соның ішінде жік-
теу, сілтеу, жалпылауыш мəнді, өздік есімдік-
тері белсенді түрде жұмсалады. Монологтар-
дағы есімдіктер мен үстеу сөздер оқиғаның 
уақытқа қатысты дамуын бейнелеуге қатысып 
отырады: Содан соң əр жерін ақ дəкемен орап 
байлады да, ауызғы бөлмеде бұрышта тұрған 
екі жағы торлы кішкентай темір төсекке 
салды. Тамақты өз қолымен береді. Күніне үш-
төрт мəрте сыртқа алып шығады. Басқа 
уақыттарда күшік үнемі төсек үстінде 
қимылсыз жатады [4, 5].
Сонымен қатар, «осы кезде», «осы уақыт-
та», «сол күні», «бұл уақытта» т.б. есімдік + 
үстеу сөздері арқылы жасалған тіркестер шарт-
ты синтаксистік қатынас жасауға қатысады. 
Шарттылық мəн іс-əрекеттің, оқиғаның уақыт-
қа қатысынан көрінеді. Мысалы, Сол күні кеш-
ке үйге көп адам жиналды. Əңгімелеудегі оқи-
ға желісінің дамуына, кейіпкердің іс-əрекетін, 
қимылын баяндауда етістік ең жиі қолданы-
латын лексика-грамматикалық категория болып 
табылады. Монологтық мəтіндерде оқиғаның 
өтуін бірізділікпен сипаттау үшін етістіктің -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет