Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет148/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   193
ды/-ді, -ты/-ті жедел өткен шақ тұлғалары жиі 
қолданылып, бірінен соң бірі болған əрекетті 
жеткізуге бейім болып келеді: Күн өткен сайын 
түсініксіз нəрселер көбейе берді. Мəселен, 
бірде ауылға көлік жекпей өзі жүретін, жəне 
жүрген кезінде күннің баяу, үздіксіз күркіре-
геніне ұқсас дыбыс шығаратын темір арбаға 
мінген кісілер келді. Енді бір жолы ауыл отыр-
ған сайдық етегі кеңіп, үлкен, жазық алаң-
қайға айналатын тұсқа алып құс қонды. Ат-
тарына міне сала шапқан жұртпен қанжы-
ғаласып Лашын да барды. Кəдімгі ақ темір. 
Ішінен адамдар шықты. Олар жерге түсіп, ат 
үстіндегілермен сөйлесіп, əлденені сұрап біраз 
тұрды да, қүстың қарнына қайта кірді [4, 13].
Жедел өткен шақ өтіп жатқан оқиғаны де-
таль арқылы нақтылап суреттеу мақсатында 
көркем шығармада стилистикалық мақсатта жиі 
қолданылады: Сұлу көрініске қас қағымдай уақ 
аңырып қалған тазы келер сəтте-ақ аяғының 
астындағы ұлпа қарды бір-ақ серпіп, ағыза 
жөнелді. Аралық тез қысқарды. Тазының 
мұрнына түлкінің күлімсі исі келді. Дене 
мүшесі тегіс анық көрінді [4, 17]. Ал есімшенің 
-ған/-ген, -қан/-кен тұлғалары шығармада 
баяндалып отырған оқиға уақытынан бұрын 
болған оқиғаны жеткізуде басымырақ қолданы-
лады. Мысалы: Ол манадан бері түлкіні ұстау, 
талау ниетімен қумаған. Қызық жарыс 
сияқты ғана көрген. Жетіп алып, тіс баты-
рыспай қар бе-тінде аударыспақ ойнамақ 
болған [4, 18]. 
Монологтық мəтіндердің түзілуіне жалғау-
лық шылаулар, қыстырма сөздер, синтаксис-
тік параллельді құрылымдар, сөздердің орын 
тəртібі негіз болады. Жалғаулық шылаулар 
алдыңғы сөйлемде айтылған пікірге, оқиғаға 
қарсы мəн тудыру мақсатында жұмсалады. Қыс-
тырма сөздер, айқындауыш мүшелер сияқты
Д. Қалиакпар 


175
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
мəтін оқиғасына, кейіпкер іс-əрекетіне қатысты 
субъективтік қарама-қарсы, ыңғайлас, толық-
тырушы көзқарасты, ойды, бағалауды көрсету 
үшін қолданылады.
Мəтіндегі синонимдік қатарлы қарсылықты 
мəнді сөйлемдер контрасты өмір бейнесін дəл 
беру үшін де орынды пайдаланылған. Мысалы, 
“Үш күннен кейiн адам тозаққа да үйренедi” 
дейдi. Қиындыққа, тауқыметке төзу, қалып-
тасу, бəлкiм, тiршiлiк үшiн қажет те шығар, 
бiрақ адамның күнə мен қылмысқа, арсыздық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет