Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет185/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   193
sententia, буквально мнение, суждение
краткая латинская 
апофегма
, как правило из 
античного
источника, 
цитируемая
вне 
кон-
текста
» деген түсінік берілген [6].
Берілген анықтамалардан сентенция ұғы-
мының ой, пікір, талқы, өсиет мəнді сөз екенін 
түсінеміз. Жəне бұл ой, пікірдің контекстен тыс 
қолданыла алатындығын білеміз. Демек, сен-
тенциялар тіліміздегі мақал-мəтел, нақыл сөз-
дер сынды даяр қалпында жұмсалуға қабілетті.  
Қазақ тіл білімінің терминдік сөздіктерінде 
бұл терминге анықтама берілмегенімен, сен-
тенцияны қазақ тіл біліміне мүлде бейтаныс 
ұғым дей алмаймыз. Оған дəлел ретінде 1998 
жылы А.С. Əділованың «Сентенцияның тілдік 
табиғаты жəне стильдік қызметі» (Қадыр Мырза 
Əли шығармалары негізінде) атты кандидаттық 
диссертациясын айта аламыз. Диссертациялық 
жұмыстың зерттеу нысаны ретінде ақын Қадыр 
Мырза Əли поэзиясындағы сентенциялар алын-
ған. Аталған зерттеу жұмысында ақынның 1973 
жылы шыққан «Көш», 1981 жылғы «Көкпар» 
жəне 1992 жылы жарық көрген «Мəңгі майдан» 
өлеңдер жинағы қарастырылған. Диссертация-
лық жұмыста аталған үш кітаптан 180 сен-
тенция жинақталып алынған жəне ол сентен-
циялар тақырыптық топтарға бөлініп қарасты-
рылған [7].
Қадыр Мырза Əлидің ғибратты əңгімелеріндегі сентенциялар 


217
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
Диссертациялық жұмысында А.С. Əділова 
сентенция терминінің лингвистикалық табиға-
тын ашу үшін, сентенцияның түрлері санала-
тын гнома, апофегма, максима терминдерінің 
мəніне тоқталады. Зерттеуші сентенция ұғы-
мына мынадай анықтама береді: «Сентенция – 
афоризмнің бір түрі, авторы анық көрсетілме-
ген афоризм, яғни белгілі бір контекстен үзіп 
алуға келетін, ықшамдығымен, əсерлілігімен 
əрі интелектуалдық, əрі эстетикалық талапқа 
сай келетін, көбіне философиялық, дидактика-
лық поэзияның жемісі, көптің көңіліне ұяла-
ғандай қысқа құрылған нақыл сөз. Мұндағы 
тұжырым, негізінде, қарсы пікір тудырмастай, 
терең мəнді, артық-кемі жоқ, «жеті өлшенген» 
мазмұнды болып, көбіне ашық немесе бұйрық 
райда айтылады. Сентенция, əдетте, шығарма-
ның соңын немесе шырқау шегін ұштай түсу 
үшін антикалық, қайта өрлеу жəне классицизм 
əдебиетінде кеңінен белгілі болған» [7, 24].
Аталған диссертациялық жұмыста автор 
афористика жанрының негізгі ұғымы афоризм 
терминіне арнайы тоқталады:
Афоризм (грекше aphorismos – қысқа на-
қыл) – «белгілі автордың ықшам, ұшталған 
түрде берілген жəне дəлдігімен, əсерлілігімен, 
пайымдауының тосындығымен ерекшеленетін, 
жалпыланып (жинақталып) айтылған ойы. 
Афоризмдер адам санасына өзінің айрықша 
формасымен əсер етеді, əрі оның негізгі мағы-
насы ойлану нəтижесінде ғана аңғарылады. 
Афоризм қаламгердің өз басынан өткерген, 
алайда дəлелдеуді қажет етпейтін шындықты 
рухани қорытып шығаруы нəтижесінде пайда 
болады. Афоризм, əдетте, көп мағыналы болып, 
өмір қайшылықтарының өткіншілігіне негіз-
деледі [7, 27]. 
Зерттеуші сентенция мен афоризм ұғымда-
рының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын 
саралай келе төмендегідей қорытындыға ке-
леді: «Сентенция мен афоризмнің басты ортақ 
белгісі – авторы барлығы. Осынысы оларды əрі 
ұқсатады, əрі ерекшелейді, себебі сентенция 
арнайы ойлану, жүйелеу барысында туған ой 
емес, керісінше, жазу процесінде түрлі факті-
лерді қорытып, дəлелдеу, оқиғаларды байла-
ныстыру үшін немесе сол автор ойына серпін 
берер «баспалдақ» ретінде контексте туса, афо-
ризм жеке жанр туындысы, яғни белгілі бір 
жүйемен, арнайы ойлану, екшеу, сөз үнемдеу 
процесіне ұшырайтын ерекше формалы – ық-
шам, өткір, бейнелі тұтас (цельный), бөлшек-
теуге келмейтін туынды» [7, 28]. 
Жоғарыда келтірілген пікірден ұғатыны-
мыз, сентенция контекстің қорытындысы, ық-
шам түйіні болса, афоризм арнайы жанр туын-
дысы, қаламгердің өмір тəжірибесінен қорыт-
қан ойы, философиялық түйіні.
Қадыр Мырза Əлидің «Ғибратнама» жина-
ғына енген ғибратты шағын əңгімелерінде на-
қыл сөздер, қысқа түйіндер, яғни сентенциялар 
көптеп кездеседі. Жазушы жинағының атауын 
да бекерден бекер «Ғибратнама» қоймағаны 
белгілі. Бұл атаудың мəніне үңілу үшін қазақ 
əдеби тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінеміз: 
«ҒИБРАТНАМА [ар+ир] з а т. Нұсқа боларлық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет