«национальный банк республики казахстан»



бет1/4
Дата12.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#130914
  1   2   3   4


ҚР Әділет министрлігінде 2015 жылғы 7 желтоқсанда № 12364 нөмерімен тіркелген.



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2015 жылғы 20 қазан


Алматы қаласы



№197


город Алматы



Қазақстан Республикасының кейбір

нормативтік құқықтық актілеріне

сақтандыру қызметі мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. «Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін рәсімдеуге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген, 2010 жылғы
    7 тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 13 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін ресімдеуге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін ресімдеуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар);»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін ресімдеуге қойылатын талаптарда:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін ресімдеуге қойылатын талаптар»;

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін ресімдеуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы»
2003 жылғы 1 шілдедегі
(бұдан әрі – Заң), «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы»
2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілейді.»;

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жалпы ережелер»;

2-тармақта:

бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмiрі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), сақтанушының мекенжайы (жеке тұлғалар үшiн);»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Экономика секторының коды және резиденттiк белгiсi (резидент/ резидент емес) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы


№ 388 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1011 тiркелген) сәйкес көрсетiледi.»;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:



«Экономикалық қызмет түрі «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 81 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11769 тiркелген) 33-қосымшасына сәйкес көрсетiледi.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің бланкін ресімдеу, нысаны, мазмұны және оны жасау»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі (бұдан әрі – міндетті сақтандыру) Талаптардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

«3. Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полистерінің бланктерін ресімдеу

18. Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полистері (бұдан әрі –туроператорды және турагентті міндетті сақтандыру) Талаптардың 2 және


3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша беріледі.

19. Туроператорды және турагентті міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полистерінде қамтылатын сақтанушы туралы мәліметтер сақтандыру шарттары жасалатын сақтанушылардың өтініштерінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келеді.

20. Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушылардың өтініштерінде Талаптардың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 8) және
12) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) арналған лицензия туралы мәліметтер не турагенттік қызметтің басталуы туралы хабарлама;

2) алдыңғы туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдері туралы ақпарат;

3) сақтандыру жағдайының басталуына және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға әкеп соқтыруы ықтимал оқиғалар туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген мәліметтер;

5) «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтер.

Өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және
4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.»;

қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакциядағы 2-қосымшамен толықтырылсын;

осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес редакциядағы 3-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарда:

бірінші бөлікте:

2) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке сәйкестендіру нөмiрі (жеке тұлға үшін) не бизнес-сәйкестендіру нөмiрі (заңды тұлға үшін);»;

7) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке сәйкестендіру нөмiрі;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарда:

3) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке сәйкестендіру нөмiрі (жеке тұлға үшін) не бизнес-сәйкестендіру нөмiрі (заңды тұлға үшін);».


  1. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары - сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8329 тiркелген, 2013 жылғы 5 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесінде, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерінде, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібінде:

1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Міндетті жарналар мөлшерлемесін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) директорлар кеңесі бекітеді.

2. Ағымдағы қаржы жылына міндетті жарнаның негізгі мөлшерлемесін есептеу формуласын Қордың директорлар кеңесі бекітеді және ол әрбір 3 (үш) жылда қайта қаралуға жатады.

Міндетті жарнаның негізгі мөлшерлемесін есептеу кезінде қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі ескерілмейді.

3. Әдістеменің 2-тармағына сәйкес айқындалатын міндетті жарна мөлшерлемесін Қор есептейді және ол есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан 0,35 (нөл бүтін жүзден отыз бес) пайыздан кем және есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан 2 (екі) пайыздан артық болмайды.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қор Әдістеменің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жоғарылату коэффициентін ескере отырып, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы


3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының
7) тармақшасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісу бойынша міндетті жарналар мөлшерлемесін есептейді, бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына жібереді.

Қатысушы сақтандыру ұйымдары жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы дәйексіз (толық емес) ақпаратты берген жағдайда, Қор міндетті жарналар мөлшерлемесін түзетуді жүргізеді. Бұл ретте, міндетті жарналар мөлшерлемесін азайтқан жағдайда, Қор қатысушы сақтандыру ұйымдарының артық төлеген сомаларын олардың ағымдағы қаржы жылы үшін төлейтін болашақ жарналары есебіне есептейді. Міндетті жарналар мөлшерлемесін ұлғайтқан жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымдары Қорға Әдістеменің 7-тармағында көзделген мерзімде қосымша сомаларды төлейді.

Міндетті жарнаның негізгі мөлшерлемесі қатысушы сақтандыру ұйымының жиынтық (біріктірілген) балл мөлшеріне қарай тиісті жоғарылату коэффициентіне негізгі мөлшерлемені көбейту жолымен жеке ұлғайтылады. Жиынтық (біріктірілген) балл алдыңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша қатысушы сақтандыру ұйымының қаржылық жай-күйінің көрсеткіштері бойынша айқындалады, оның ішінде мынандай көрсеткіштер ескеріледі:

таза сақтандыру сыйлықақыларының (қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде) меншікті капиталға қатынасы;

сақтандыру сыйлықақыларының (қайта сақтандырушының үлесін ескергенде) меншікті капиталға қатынасы;

сақтандырудың кепілдік берілген түрінің сақтандыру ұйымының жиынтық сақтандыру портфеліндегі және жалпы нарықтағы үлесі;

сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар берешегінің меншікті капиталға қатынасы;

төлемқабілеттілік маржасының жеткіліктілігі нормативін (Тмн) және өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін (Өжан) орындау;

шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (аралас коэффициент);

іс жүргізуге арналған шығыстардың (комиссиялық сыйақылар мен әкімшілік шығыстар) сақтандыру сыйлықақыларына қатынасы.

Жоғарылату коэффициентінің, жиынтық (біріктірілген) балл мен қаржылық жай-күй көрсеткіштерінің мөлшерлерін Қордың директорлар кеңесі белгілейді.»;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Ағымдағы қаржы жылына қосымша жарнаның мөлшерлемесін есептеу формуласын Қордың директорлар кеңесі бекітеді.

10. Әдістеменің  9-тармағына сәйкес айқындалатын қосымша жарнаның мөлшерлемесін Қор есептейді және ол сақтандырудың кепілдік берілген түрі бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасынан 0 (нөл) пайыздан кем және 2 (екі) пайыздан артық болмайды.»;

12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Қор Әдістеменің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша қосымша жарналардың мөлшерлемесін есептейді, бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына жазбаша түрде жібереді.»;

16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін Қордың директорлар кеңесі бекітеді.

17. Ағымдағы қаржы жылына шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу формуласын Қордың директорлар кеңесі бекітеді және ол әрбір 3 (үш) жылда қайта қаралуға жатады.»;

19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Қор барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарынан Әдістеменің


4-тармағында көзделген ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы
3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының
7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептейді, бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына жібереді.».

3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 20 қазандағы

№ 197 қаулысына

1-қосымша

Сақтандыру полистері бланктерінің

мазмұнына және оларды жасауға,

көлік құралдары иелерінің

азаматтық-құқықтық жауапкершілігін

міндетті сақтандыру, туроператордың

және турагенттің азаматтық-құқықтық

жауапкершілігін міндетті сақтандыру

бойынша сақтандыру полистерін

ресімдеуге қойылатын талаптарға

1-қосымша
Нысан

 
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ ЛОГОТИПІ/



ЛОГОТИП СТРАХОВЩИКА

 

САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚҰҚЫҒЫНА БЕРІЛГЕН ЛИЦЕНЗИЯ/ЛИЦЕНЗИЯ НА ПРАВО ОСУЩЕСТВЛЕНИЯ СТРАХОВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ   № _____________________             



Берілген күні/ Дата выдачи ______________

 


БІРЕГЕЙ НӨМІР/

САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ/

Сериясы _____ № _____

УНИКАЛЬНЫЙ НОМЕР

СТРАХОВОЙ ПОЛИС

Серия _____№______

  
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ

ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ/

ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СТРАХОВАНИЯ ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВОЙ

ОТВЕТСТВЕННОСТИ ВЛАДЕЛЬЦЕВ ТРАНСПОРТНЫХ СРЕДСТВ

 


САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ТҮРІ/

КЕШЕНДІ ШАРТ/

ВИД ДОГОВОРА СТРАХОВАНИЯ

КОМПЛЕКСНЫЙ ДОГОВОР

СТАНДАРТТЫ ШАРТ/

СТАНДАРТНЫЙ ДОГОВОР


САҚТАНУШЫ/СТРАХОВАТЕЛЬ


 Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлға үшін), атауы (заңды тұлға үшін)/

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) (для физического лица) наименование (для юридического лица)



 

 


Тұрғылықты жері (орналасқан жері)/

Место жительства (место нахождения)



 

ЖСН (жеке тұлға үшін)/БСН (заңды тұлға үшін)/ИИН (для физического лица)/БИН (для юридического лица)

 

Резидент/Резидент (1), Резидент емес /Нерезидент (2)

 

Экономика секторының коды/Код сектора экономики

 

 

Банктік деректемелер/ Банковские реквизиты

 

 

 

САҚТАНДЫРЫЛУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР/СВЕДЕНИЯ О ЗАСТРАХОВАННОМ

 


САҚТАНДЫРЫЛУШЫ/ЗАСТРАХОВАННЫЙ

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))/(Фамилия, имя, отчество (при его наличии))



СЫНЫП/

КЛАСС


ЖСН/ИИН

1.

 

 

 

2.

 

 

 

3.

 

 

 

...

 

 

 

 

КӨЛІК ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР/СВЕДЕНИЯ О ТРАНСПОРТНОМ СРЕДСТВЕ

 


МАРКАСЫ, ҮЛГІСІ/

МАРКА, МОДЕЛЬ



ТІРКЕУ НӨМІРІ/

РЕГИСТРАЦИОННЫЙ НОМЕР



ШАНАҚ НӨМІРІ/

НОМЕР КУЗОВА (VIN)



1.

 

 

 

2.

 

 

 

3.

 

 

 

...

 

 

 

 

САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ/СТРАХОВАЯ ПРЕМИЯ

______________________________________________________________________________________________________________________________________________ ТЕҢГЕ/ТЕНГЕ

(цифрлармен және жазумен/ цифрами и прописью)

 

САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ/ПОРЯДОК И СРОКИ УПЛАТЫ СТРАХОВОЙ ПРЕМИИ

 


МЕРЗІМІН ҰЗАРТЫП/ БІРЖОЛҒЫ/

В РАССРОЧКУ/ЕДИНОВРЕМЕННО



Күні/

дата


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сомасы/

сумма


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет