№ 119
Ораз ИСАҰЛЫ
ҰЛТШЫЛДЫҚТЫҢ АТЫ «АЛАШ – ОРДА»
Жақын арада жұмысшы табы орыстың байларын жеңіп үстемдік алғанына
10 жыл толғанын тойлағалы отыр. Сол жұмысшымен қатар патшашыл үкіметтің
құлдығында келген, Октябрь төңкерісі, сол құлдықтан азат еткен езілген ұлттарда
тойға қатынасады.
Қуанышы қойнына сыймаған миллиондардың ішінде қазақ еңбекшілері де бар.
Олар құлдықтан Октябрь арқылы азат болып мәдениет – шаруашылық жағынан еркін
күшін ілгері бастап дәуірлеп барады.
... «Алаш Орда» партиясы бай тілегінен шыққан, оның салт-сана ретінен тізгінге
әліде жармасып жүргендігінен, кейбір «данышпандарымыз» «Алаш Орда» деген жау
оны сөз қылып керегі не деп көпіретіндігінен.
«Ресейде байлар төңкерісі болған дәуірде (1917 жыл февраль) ұлт-ұлттардың
бәрінде де байшыл-ұлтшылдардың азаттық тілеген қозғалысы болды. Патша
үкіметінің таяғын жеген ұлттар өзіне қожалық қылғандарға бірінші рет қарсы
шықты. «Ұлт бостандығы болсын» деген ұран тасталды. Ресейде көз ашып жұмғанша
«ұлт ордалары» деген қаптап кетті. Бұл қозғалысқа байшыл оқығандар көшбасшы
болды». (Сталин. Ұлт мәселесі және марксшылдық, 369 бет). Сталин айтқандай біздің
Қазақстанда байлар төңкерісінің кезінде «Алаш Орда» орнады. «Алаш Орданың»
атының басына: Бөкейханов, Байтұрсынов, Досмұхамедов сықылды ақсақалдар
– оқығандар мінді. Бұлардың жұмысшыларға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын
еді. Бұл ұлтшылдық қозғалыс. Әйткенмен алғашқы кезде битараптау болды, неге
десеңіз: «Империализм құлдығындағы ұлт қозғалысының төңкерісшілдік бағытында
жұмысшы күші безбен басуы міндетті емес (Сталин. Лениншілдік мәселесі, 131 бет).
//Қызыл Қазақстан. – 1927 жыл. - № 10-11 (66-67). – Б. 21-22.
236
№ 120
КРАТКИЙ ОБЗОР
О ДЕЯТЕЛЬНОСТИ КАЗАКСКОГО НАЦИОНАЛИСТА
Достарыңызбен бөлісу: |