23
мүшелері: Ысқақ Ахмедиев, Мәннан Тұрғанбаев, Кенжебай Кебеков, Ахмеджан
Аңдамасов, Бекқожа Құлғарин т.б.
Қарқаралы уездік қазақ комитеті, төрағасы – Нұрмамбет Ормамбетов, мүшелері:
Смахан
Бөкейханов, Жүніс Шоқпаев.
Ақмола облысы орталығы – Омбыда Ережеп Итбаев басқарған облыстық қазақ
комитетінен жер-жерге өкілдер жіберіліп жатты. Ақмола облысы Ақмола уездік қазақ
комитетін құруға Орынбордан, «Қазақ» газетінен М. Дулатов, Ақмола облыстық Қазақ
комитетінен Байсейіт Әділұлы, Қошмұхамед Кемеңгерұлы сияқты өкілдер келді.
Олар келген соң қазақ істерін басқаратын Ақмола уездік Қазақ комитеті ашылады.
Оның құрамы: төрағасы Рахымжан Дүйсенбайұлы, орынбасары Сәкен Сейфуллин
(кейін төраға қызметін де атқарады), мүшелері Дінмұхамед Әділұлы, Баймұхамед
Айбасұлы және т.б.
1917 жылы 7 мамырда Ақмола облыстық Қазақ комитетінің жаңа құрамы сайланды.
Төрағасы – Айдархан Тұрлыбаев, төрағаның серіктері – Сейілбек Жанайдаров пен
Асылбек Сейтов, мүшелері: Садуақас Жаңатасов, Ерқосай Мұқышев, Байсейіт
Әділов,
Ермұхамет Тоқбаев, Қазы Торсанов, Мағжан Жұмабаев болып бекітілді.
Ақмола облыстық қазақ комитетінің қолдауымен Омбы, Атбасар, Көкшетау,
Қызылжар уездерінде қазақ комитеттері өз жұмысын бастайды.
Атбасар уезі қазақ комитетінің төрағасы С. Жанайдаров, мүшелері: К. Жангазин,
Ә. Жылқайдаров, Ә. Аңсағанов.
Көкшетау уезі қазақ комитетінің төрағасы – Әлжан Жұманов, серіктері –
Ә. Темірбеков, Ш. Хасенов.
Омбы уездік қазақ комитеті: төрағасы –
Мұқан Әйтпенов, орынбасары
Хошмұхамет Кемеңгеров және Мұхамедрахым Шахмарданов.
М. Шахмардановқа қарсы «Қазақ» газеті былайша күйініш білдірген: «25 июнь
жарлығы кезінде барлық Омбы қазағы М. Шахмардановты шайнамай жұтатын
жалмауыздың тап өзі деп шулаушы еді. Бұ қалай? Зиянды кісінің күні қараң деп
тұрғанда Мұхамедрақымның уезной исполнительный комитет председательінің
орынбасары болғаны таң-тамаша. Омбыда адал ниетті ақ жүрек бір адамның
болмағаны ма?».
Комитеттің белсенді мүшелерінің бірі Қ. Кемеңгерұлы: «Төңкерістен кейін қазақ
даласы комитетпен даурықты, уездік комитеттер де қысқа күнде
қырық сайланып
отырды», – деп жазды.
Ақмола облысы Қызылжар уезі қазақтары өз ұйымын «Қазақ тектілердің
комитеті» деп атады. Бұл комитетті ұйымдастыруға С. Көсемісов пен Ж. Тілеулиндей
жастар атсалысады. Комитетке фельдшер Б. Малдыбаев, молда М. Мақұлов және
мұғалім Ә. Жалмұхамедов басшылық етеді.
Жетісу облыстық қазақ комитетінің төрағасы И. Жайнақов, мүшелері: К. Шегіров,
Ә. Кәкенов, Н. Нұрмұхамедов, К. Абдуллин, К. Тоқсанбаев, К. Ордабаев.
К. Шегіров аталған облыстың
Верный уездік қазақ комитетін, Т. Есенқұлов
Жаркент уездік қазақ комитетін басқарды.
Жетісу облыстық Қазақ комитеті құрамына қырғыз бауырлардың ұлттық
ұйымдары Пржевальск уездік қырғыз комитеті және Пішпек уездік қырғыз-қазақ
комитеттері қарады. Пржевальскіде уездік қырғыз комитетінің төрағасы қызметін
И. Арабаев атқарды, ал Пішпек уездік қырғыз-қазақ комитетін К. Әлімбаев басқарды.
Түркістан өлкесінде қазақ-қырғыздардың ұлттық қоғамдық ұйымдарын біріктіріп,
бір орталықтан басқару үшін құрылған Түркістан аймақтық Қазақ-қырғыз Кеңесінің
төрағасы М. Шоқай болды.
Сырдария облыстық ұлттық комитетін Ә. Көтібаров басқарды, ал уездік ұйымдар
Әулиеатада, Қазалыда, Қармақшыда да болды.
24
Әулиеатада ұлттық Кеңеске Әзімхан Кенесарин басшылық қылды. 1917 жылдың
маусым айында жаңа құрылыспен көшпенділерді таныстыру және Құрылтай
жиналысына
дайындау, сондай-ақ қазақ-қырғыздың ұлттық мүддесін қорғау
мақсатында Ферғана қазақтары жиылып, өздерінің ұлттық «Илятия» (Көшпенді) атты
қауымын құрды. Төрағасы – Қоңырқожа Қожықов, серіктері К. Достаев, қазынашы –
С. Келгенбаев, хатшысы Б. Мейірбеков болды.
Достарыңызбен бөлісу: