Нагашбаева нуршат талгатқызы



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

қиясына көтеріліп барасың. Сенің қазіргі қаһарлы, келешектегі жарқын 
өміріңнен үлкен үміт күтем! Аналық ыстық сезіммен ардақты атыңды 
жүрегімде қасиетпен сақтаймын. Қарт оқытушыңды сен де ұмытпа!.. 
Осыдан сегіз жыл өткеннен кейін (сол кезде сен институт бітіруге тиіссің 
ғой), 1949 жылы, 1 сентябрь күні өзіңнің қайда жүргеніңді, кім болғаныңды 
жақында болсаң ауызша, алыста болсаң – хатпен хабарла!» 
Дорофеева Елизавета Сергеевна»
деген хат мәтіні кездеседі.
Дулат Исабековтың «Ақырамаштан наурызға дейін» әңгімесінде 
Кемпірбайдың Мәскеуде оқып жатқан баласынан келген хат жолдары бар: 
«Көке тілегіңізді орындадым. Кеше посылка салып жібердім. Шалдарды 
жинап, ауыз ашарға шай берерсіз». Шығарманы оқыған оқырманның 
байқайтыны, оқиғаның, даудың бәрі осы хат пен посылкадан өрбиді. Автор екі 
сөйлемнен тұратын хат арқылы бүтіндей бір сюжет құраған. Ауыл мен заман 


52 
көрінісі де көрсетілген бұл шығарманың бастауы болған баласынан келген хат 
еді.
«Ай-Петри ақиқаты» атты әңгімесінде Жамал кешке шақыру хаты 
жазылған қағазды гүл шоғының арасынанан тауып алған сәті бар. Ол хатта 
былай деп жазылған еді: «Құрметті Жамал Сағатовна. Сізді өміріңіздегі 
қуанышты күніңізбен – сүйікті жұбайыңыз Заманбек Акимовичтің туған 
күнімен құттықтаймыз. Сол қуанышыты біздің семьяның дастарқанында, 
бүгін, 16 июль, кешкі сағат 19.00-де атап өтуге шақырамыз.
Федорчуктер семьясы». 
Бұл шығармада, көріп тұрғанымыздай, хат кейіпкерлер арасындағы 
қарым-қатынас құралы, хабар жеткізетін тәсіл ретінде пайдаланылған. 
«Бонапарттың үйленуі» шығармасында телеграммға жөнелтілген хат 
мазмұны мынадай еді: « Аса құрметті Анатолий Михайлович! Сіз – жер 
бетіндегі ең ұлы адамсыз. Сізге дүниежүзіндегі әрбір үй есігінің алдында бір-
бір ескерткіш қоюлары керек. Мен, Бонапарт, әке-шешемнің салақтығынан 
үйленуге бір ай қалғанда сүндетке отырғызылып едім. Есебіміз бойынша ары 
кеткенде бір жарым жетіден соң жазылып, үйленуге жарап қалуым керек 
еді... Сіздің сеансыңыздан соң мен құлан-таза сауығып, атқа мініп шабатын 
болдым. Екі күннен соң қалыңдығымды әкелуге барамын. Сізге мың да бір 
рахмет. Қолыңыз тисе біздің ауылға келіңіз.
Сізге табынушы – Бонапарт». 
Ал бұл шығармадағы хат мазмұны оқырманға Бонапарттың ары қарайғы өмірі 
қалай өрбігендігін көрсететін құрал. Автор хат тәсілін шебер пайдалана алған. 
Мұхтар Мағауиннің «Қара қыз» повесі хатпен басталып хатпен 
аяқталады. Басты кейіпкер Бексейіттің өмірінің ең әсерлі, ең қызық, ең әдемі, ең 
бір қайталанбас шақтарынан хабар беретін – Айгүлдің хаттары еді. Бексейіт 
өмірінің соңғы жылдарындағы жағымсыз жәйттердің бәрі, Айгүл хатындағы 
жастық шақтағы қызықты әңгімелерімен салыстырыла көрсетіледі. Соған 
байланысты басты кейіпкер өз ойын әрқашан Абай өлеңдері арқылы 
қорытындылап отырған. Айгүл хатының кейіпкерге Бексейітке әсер еткендігі, 
Бексейіт пен Гүлжиһанның арасындағы таластан соң, хаттың соңғы 
фрагментінің қайталануы арқылы танытады:
«Мынау – Секітайдың қолы...» 
 
«...өзіңіздің ақ-адал қосағыңыз Айгүл». 
Бұл фрагмент Бексейіттің орындалмайтын, орындалуы мүмкін емес 
арманының көрінісі, Бексейіт өмірінің сұрағына айналған фрагмент. Ал повесть 
соңындағы хат осы сұрақтың жауабы іспеттес. Өйткені, онда Секітай қолы 
өзектендірілген. Шығарма түгелдей дерлік диалогтық қатынасқа құрылған. 
Бексейіт-Айгүл, 
мәтін-оқырман, 
Бексейіт-оөырман, 
Бексейіт-Тілеужан. 
Бұлардың бәрі М.М.Бахтин атап көрсеткендей «өз сөзі» мен «бөгде сөз» 
қатынасына құрылған. Ал бұлар, сөзсіз, интертекстуалдылық элементтер 
арқылы көрінеді. 


53 
Бексейіттің жастық шағы шығармада біртұтас дүние болып табылса, 
Айгүлдің хаттары сол дүниенің бір бөлшегі. Осы арқылы, мәтіндер арасында 
ерекше семантикалық байланыс қалыптасқан.
Соңғы тараудағы Тілеужан хаты арқылы оқырман Айгүлдің жерленген 
жері туралы ақпараттан хабардар болады. Ал Тілеужан жазған хаттың 
соңындағы Хош! Хош! деген сөздер арқылы автор Тілеужанның қоштасуы 
емес, Байсейіттің келмеске кеткен асыл жарымен қоштасатуы ретінде көрсеткісі 
келгендей.
Интертекстің бір тәсіліне жататын «хат» тек қана прозалық 
шығармаларда ғана емес, поэзия туындыларында да кездесіп отырады.
Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасында Әбдірахман өз 
сезімі мен көңілін Шұғаға хат арқылы жеткізеді: 
«...Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды, 
Буландырған, уландырған жас жанды. 
Біз бір ғаріп паналаған саяңда, 
Жас жүректе мықты жара бастады. 
Кірді нұрың, отты жақты ішіме, 
Көтерем деп сене алмаймын күшіме. 
Бірінші зар шықты тілден мұңданып, 
Бұдан бұрын айтылмаған кісіге. 
...Бір көргенше сиқырланып ақыл-ой, 
Бап сөзінде қалды ынтам бір қанбай. 
Қырық бүктеліп келсе хатың тұмардай, 
Жылы жүзбен көңілді жай қылардай. 
«Болад» деген жалғыз ауыз сөз тапсам, 
Көңіліме сақтар едім құрандай...». 
Шығарманың соңы Шұғаның өлерде жазған хатымен аяқталады. Көріп 
тұрғанымыздай 
туындыдағы 
хат 
жолдарының 
шығарма 
мазмұнын 
айшықтаудағы орны ерекше. 
Байқағанымыздай, хаттардың да қызметі мен құрылымы әртүрлі. Қалай 
болғанда да, автор хат элементін мәтінге кіріктіру арқылы мәтіндер арасында 
ерекше семантикалық байланыс қалыптастырады. Мәтін ішіндегі хаттар – қазақ 
әдеби шығармаларында жиі кездесетін интертексуалдылық байланыстардың бір 
түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет