Нагашбаева нуршат талгатқызы



Pdf көрінісі
бет24/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

Туған жылың? 
1931. Құрдасымын Шәмілдің. 
Жынысың кім? 
Еркекпін ғой, еркекпін! 


57 
Және-дағы тәуірмін... 
Партияда барсың? 
Жоқпын. 
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын. 
Шыққан тегің? 
Шаруамын. 
Бар тірліктен бағалы оны санаймын. 
Білімің ше? 
Орташа ғой. 
Алайда өзім жоғарыға балаймын. 
Ана тілің? 
Қазақша. 
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар. 
Қайда істедің? 
Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. 
Оқымаған, дипломсыз демесең, 
Бір басымнан бар мамандық табылар... 
Міндеттісің бе әскерге? 
Міндеттімін. 
Біздің әлі жас кеуде. 
Жауынгердің ұлымын ғой, 
Жанын қиған Мәскеуге. 
Сөгіс алып көрдің бе? 
Ол жағынан періште едім дей алмаймын 
Мен мүлде. 
Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету, 
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де... 
Шетелдерде болдың ба? 
Болғаным жоқ. 
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. 
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, 
Омы отырған орнымда-ақ. 
Мекен-жәйің? 
Мекен-жәйім – жер менің. 
Жерде жүрген ақын деген пендемін. 
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, 
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!» 


58 
Өлеңді оқып отырған оқырман жеке адамға қатысты анкетаны еске 
түсіріп, клише сөз орамдары мен мәтіндер қайшылығын байқайды. Алайда, 
мәтін тілінің арасындағы қайшылықтын өзі мәтіннің әсерлігіне нұқсан 
келтірмеген. 
Әдетте анкета стандартты түрде ІІІ жақта беріледі, ал автор оны ІІ жақта 
беріп эмоционалды сұраулы сөйлемдерге айналдырған. Және ақын ол 
сұрақтарға өлең құрылысы – ұйқас, буын саны, ырғақ мәселелріне қарай жауап 
берген. Өлеңді оқып отырғанда ресми адам мен ақын арасындағы диалог 
елестейді. Ақын жауабындағы сөз қолданысындағы эмоционалды-экспрессивті 
сөз орамдары, метафоралар мен ресми іс-қағаздарға тән клише сөз орамдары 
айқын қайшылық пен контраста тұр. Өлеңді оқып отырып автор мен бөгде 
адаммен ой талас жүргізгендей әсер қалдырады. Ресмилікке қарамай ақын 
жауабының субъективтілігін байқаймыз, эмоционалды-экспрессивті сипаты 
графикалық рәсімделу (леп белгісі, көп нүкте, т.б. арқылы), ашық лексика 
(тәуірмін, ұланымын, періште, ер, жоғары бағалаймын, т.б.) және логикалық 
екпін арқылы нақтылайды. Ақын өлеңінің шарықтау шегі соңғы шумағы. 
Барлық мақтаныш пен эмоция соңғы шумаққа келіп тірелгендей.
Интертекстуалдықтың бір түрі ретінде мәтін қабатына уәжді
кіріктірілетін бөгде тілдік бірліктерді де жатқызамыз. Және ішкі 
интертекстуалдылықтың тағы бір түрі мәтінге автордың қауесетті кіріктіруі. 
Газет-журналдардағы мақалалар алғашқы кезде тек ресми сөз оралымдарымен 
құралатын. Ал 90-жылдарда мақалалар қатаң ресмиліктен арылып, бірталай 
өзгерістерге ұшырады. Тұрмыстық-әлеуметтік сенсация саналатын мақалалар, 
әр түрлі суреттер жариялана бастағандықтан шетелдерде бұларды «желтая 
пресса» аталып кеткен.
Бұл үдеріс қазақ газеттеріне де 90-жылдардың соңында келген болатын. 
Мысалы, «Жас Алаш» гезетінде негізгі тақырыптарға қосымша айдарлар 
енгізген болатын.
Міне, осындай қауесетті пайдаланарда проза мен поэзия авторлары түрлі 
мақсатты көздейді. Мысалы, авторлар өзі баяндап отырған кездің тарихи-
әлеуметтік жағдайын өзі ғана баяндаса, оқырман үшін ол біріңғай монолог 
болып, жалықтырушы еді. Оқиғаның әсерлілігі де азаяды. Сондықтан, авторлар 
газет беттеріндегі мақалалар мен қауесеттерді кейіпкер арқылы оқырманға 
жеткізеді. Мысалы, Дулат Исабековтың «Талахан 186» әңгімесіндегі мына 
үзіндіге назар аударалық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет