Найманбаев алмас абдыманапович


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ МИФТІК САРЫНДАРДЫ



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
dis

2 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ МИФТІК САРЫНДАРДЫ 
ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
2.1 Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқытудың 
философиялық арналары 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары егемен еліміздің, қоғамымыздың 
әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер орын алды. 
Соның бірі – білім беру саласы. Қазақстанның Білім беру туралы заңында: 
«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық 
қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінен жеке адамды 
қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуы керек»[87], - деп 
атап көрсетеді. Демек, қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру 
қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты іс болып қалатаны анық. Сондықтан 
мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері 
еліміздің білім беру саласына оң әсерін тигізуде. Яғни, әлемдік білім беру 
кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа 
жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу 
қажеттілігінен екендігін көрсетті.
Бұл мәселе Тұңғыш президенттің «Жаңа замандағы жаңа Қазақстан»[88] 
атты Жолдауында да айтылды. Мәселен: «Алтыншы міндет – осы заманғы 
білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін 
қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, 
инновациялық экономиканы дамыту. Білім беру реформасы табысының басты 
өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез 
келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтеру болып 
табылады»,- деген болатын. Сондықтан да білім мен тәрбие берудегі әдіс-
тәсілдерді жетілдіру, оларды жүйеге келтіру, оқу үдерісін жаңа технологияға 
құру, инновациялық оқытуды ұйымдастыру сол арқылы жан-жақты жетілген 
қоғамның жаңа адамын қалыптастыру – уақыт күттірмейтін өзекті мәселе 
екендігі даусыз. 
Еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды саналы 
тәрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің әлемдік озық 
үлгісін-өнегесін, тәжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне 
байланысты болмақ. Осы тұста В. Г. Белинскийдің: «...ұстаздың қолында адам 
өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр», – деген сөзі еріксіз еске түседі. 
Өйткені, ұстаз – болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де 
жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ 
бойына білімді, әдетті, дүниетанымдылықты, өмірге деген өмірлік мақсатын 
қалыптастырушы басты тұлға. Уақыт өткен сайын білім саласының әлеуметтік 
рөлі де нығайып келеді. Бұған дәлел – бүгінгі таңда еліміздің білім беру 
мекемелерінің алдында Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі 
стратегиялық дамуын жүзеге асыру, 2015 жылға дейінгі Қазақстандағы білім 
беру Тұжырымдамасының бекітілуі. Осы аталған құжаттардың көздеген 
мақсаттары бір арнаға тоғысады. Ол мақсат – білім беру мекемелерінің 


69 
мамандарына еліміздің болашағы – жастарды терең біліммен сусындату, яғни 
бір сөзбен айтқанда бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мәселесі болып 
табылады.
Білім беру – педагогика ғылымының негізгі категорияларының бірі. Бұл 
ұғымды әр түрлі мағынада, мәселен «білім беру – процес», «білім беру – 
нәтиже, жүйе» деп қарастыруға болады. Білім беру ұғымын процесс ретінде 
қарастырғанда – тұлғаның жетістікке жетуі үшін ұйымдастырылған оқу-тәрбие 
жұмыстарын сөз етеміз. Яғни, педагогикалық процеске ұстаздың сабақты 
оқытуы мен оқушының оқуы арқылы жүзеге асатын барлық іс-әрекеттерді 
жатқызған орынды. Ал білім беру ұғымын нәтиже деп қарастырғанда, ол кезде 
тұлғаның жетістіктеріне, жинаған біліміне, іскерлік-дағдыларына мән беруге 
болады. Осы ұғымдардың ішіндегі «білім беру жүйесінің» салмағы басымдау. 
Өйткені оған оқу-тәрбие, білім беру мекемелерінің қалыптасқан тарихи және 
оқу бағдарламаларының жиынтығы ретінде мән береміз.
Білім беруді құндылық ретінде де қарастыру заңдылық. Бұл пікірде тарихи 
негізі бар. Адамзаттың кез келген даму формациясында әрбір мемлекеттің 
дамуының қозғаушы күші – ғылым мен білім берудің дамуы болғандығы 
тарихтан белгілі. Білім беруді өз кезегінде үш бағыт бойынша мемлекеттік, 
қоғамдық және жеке құндылықтар (тұлғалық) деп түсіндіруге болады. Білім 
беру мемлекеттік құндылық деген ойды дәлелдеудің аса қажеті болмаса керек, 
яғни «аксиома». Кез келген елдің экономикалық, интеллектуалдық, адамгер-
шілік және мәдени потенциалы білім берудің жағдайына, оның прогрессивті 
дамуына тікелей байланысты.
Болашақ ұрпақты жастайынан ғасырлар бойы қалыптасып-дамыған өзіндік 
тарихы бар құндылықтар негізінде тәрбиелейтін мазмұнды ақпараттар соңғы 
кездері көп айтылып жүр. Әрбір ғылым саласы өзінің зерттеу бағытына сәйкес 
құндылықтарды түрліше деңгейде қарастырады. Қазіргі кезде құндылық 
термині философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, 
педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылуда. Тарихта аксиология 
(«құндылықтар» ілімі) терминін алғаш рет қолданған – Э.Гартман. Батыс фило-
софиясының тарихында натуралистік психологизм (Мейнонг, Перри, Дьюи), 
трансцендентализм (Виндельбандт, Риккерт), персоналды онтологизм (Шелер, 
Гартман), мәдени-тарихи релятивизм (Ницше, Дильтей), социологизм (Вебер, 
Парсонс, Толкотт) сынды бірқатар аксиологиялық теориялар қалыптасты. 
Бүгінде әлеуметтік құндылықтар тұрғысынан қарастыратын адамгершілік 
құндылықтардың мәні ерекше. Әрине, адамгершілік құндылық тақырыбы тек 
бүгінгі күннің мәселесі дей алмаймыз. Бұл адамзат тарихында сонау IX-XV 
ғасырлардағы Қорқыт[89], Әл- Фараби[90], Ж. Баласағұни[91], М.Қашқари[92], 
Қожа Ахмет Йасауи[93], Асан Қайғы[94] сияқты қазақ даласының 
ойшылдарының еңбектеріндегі «Кемел адам» тұлғасын жасау идеяларында 
айқындалған. Қазақ даласының ғұлама ойшылдарының еңбектеріндегі 
адамгершілік құндылықтар: Адам, Өмір, Теңдік, Жер, Парасаттылық, Татулық, 
Ізгілік, тәубешілдік идеяларын біртіндеп жетілдіреді. Мәселен, әл-Фарабидің 
ерекше 
қарастырған 
құндылықтарға 
даналық, 
ақылгөйлік, 
ізгілік, 


70 
пайымдағыштық, парасаттылықты жатқызады. Ол өзінің «Әлеуметтік-этикалық 
трактатында» адамзат үшін интеллект өте қажет нәрсе деп есептейді. Шынайы 
бақытқа жетуде көп іздену мен оқудың мүмкіндігі жоғары болады деген 
тұжырым жасайды. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында 
адамгершілік құндылықтар жан-жақты деңгейде ашылады. Дәріптелетін 
құндылықтар әр кейіпкер бейнесі арқылы ашылған. Мысалы: Күнтуды -әділдік, 
әділ заң, Айтолды – дәулет, ырыс, бақ, Өғдүлмүш – ақыл мен білім, 
парасаттылық, Одғұрмұш – қанағат, ынсап, ұстамдылық символдары ретінде 
көрініс табады. 
Сонымен коса, ғұламаның ерекше қарастырған құндылығы – ақыл мен 
білім. Оны мына өлең жолдарынан байқауға болады: 
« Пайдасы көп аз ақылды аз деме, 
Қадыры көп аз білімді аз деме». 
Ал М.Қашқаридің басты еңбегі - «Диуани лұғат-ат-түркте» сол кездегі 
түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этикалық нормалары мен 
құндылықтары жөнінде бай мағұлмат қамтылған. Ол тілді ерекше құндылық 
деп бағалап, ақылды сөз, есті сөз ғылымға бастайтын жол деген тұжырым 
жасайды. Қожа Ахмет Йасауи де еңбектерінде тәубешілдік, ғибадатшылдық 
қасиеттерді мұсылманның құнды сипаты деп бағалайды. Бұл ойлар ислам 
дінінің шарттарымен толықтай үндеседі. Оның «Диуани хикмет» еңбегіндегі 
имандылық идеяларын құндылық ретінде меңгерту арқылы студенттерді қазақ 
елінің болашағы, ұлт өкілі ретіндегі рухани келбетін қалыптастыру 
мүмкіндігіне ие боламыз. Түркі кезеңінен бастап қалыптасқан құндылықтар 
орта ғасырда жыраулардың өмірі мен шығармашылығында да философиялық 
тұжырым ретінде қалыптасты.
Сол дәуірден жеткен аңыз-әңгімелердегі Асан Сәбитұлының (Асан қайғы!) 
Жер-ұйық іздеп жер-дүниені шарлауы қазақ танымындағы адам, қоғам, табиғат 
бірлікте қарау идеясының көрінісі болса керек. «XIV ғасырдың аяғы мен XV 
ғасырдың басында өмір сүрген қазақ халқының ойшылы Асан Қайғының 
ұсынған басты құндылығы – Жер. Оның дүниетанымында жер жәй ғана жер 
емес, Жер-ұйық. Ұрпақтар өсіп-өнетін жер, әншейін жер емес, жақсы жер-ол 
Жер-ұйық болуы керек деп санаған. Жалпы қазақ дүниетанымында жер 
қасиетті ұғым екені белгілі. Ал Жер-ұйық ұғымын ұсыну арқылы Асан Қайғы 
оның ерекше құндылығы мен мәнін жаңаша бір үлгіде көрсетеді. Жер-ұйық 
ұғымымен қатар Қазақ халқының сол кездегі тарихи жаңа құрылымының 
жаршысы, ұраншысы болған Асан Қайғы Жер-ұйық іздеп ел кезеді. Ондағы 
мақсаты қазақ халқы бақытты өмір сүретін жақсы жерді табу болатын. Сөйтіп 
ол әр жерге, әр аймаққа мінездеме береді. Атап айтқанда, Сыр бойында мал 
шаруашылығына қолайлы жағдайлардың молдығын, Шідерті бойының 
топырағы асыл, суы шыны екендігін жырлап, дәріптесе, Алатауға келгенде: 
Түні суық, күні ыстық жер даласы, 
Ананың емшегіндей сай саласы. 
Төрт елі топырақ асты алтын екен, 


71 
Ішпей, жемей тоятын айналасы,- деп жырлайды. Еділ менен Жайықты 
былайша сипаттайды: 
Еділ менен Жайықтың 
Бірін жазға жайласаң, 
Бірін қысқа қыстасаң, 
Ал қолыңды маларсың 
Алтын менен күміске. 
Асан Қайғы осылайша жер-жерге мінездеме беру арқылы әр жердің өзіндік 
құндылығын көрсетеді. Қазақ халқының туған жерге деген ыстық ықыласы мен 
аялы алақанын, жүрек жылуын үлгі еткенде көз алдымызда данышпан абыз 
Асан Қайғы тұрады.
Әр адамның Жер-ұйығы – өз туған жері. Оқушыларға туған жер 
құндылығын, кіші отан ұғымын меңгертудегі негізгі мысал мен дерек осы бол-
мақшы»[95, 31 б.],-деген пікір келтіреді Тулегенова Г.А. «Бастауыш сыныпта 
гуманитарлық пәндер негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру» атты 
зерттеу жұмысында. Сонымен қатар IX – XV ғасырларда өмір сүрген ойшыл-
дардың еңбектеріндегі адамгершілік құндылықтарды төмендегідей кестеге 
бөліп қарастырады. 
Кесте 2 - IX – XV ғасырларда өмір сүрген ойшылдардың еңбектеріндегі 
адамгершілік құндылықтар 
Ғұламалар 
Еңбектері 
Еңбектеріндегі басты құндылықтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет