84
тарын зерттеуде математиканы, оның «болжау қисыны» (теория вероятности)
дейтін саласын қалайша пайдалануға болатындығын қазақ топырағында алғаш
рет сөз етеді. Кітаптың үшінші тарауы «Тірі заттардың қылығын жалпы мінез-
деу» (қазіргі терминде «Психика және сана») деп аталады. Мұнда психо-
физикалық және психо-физиологиялық құбылыстар, атап айтқанда,
организм-
нің, тітіркенушілік пен езгіштік ерекшеліктері, жануар мен адамның дағды,
инстинкттері (соқыр сезімдері) бұлардың бір-бірінен айырмашылықтары, өсім-
діктер дүниесіндегі тіршілік белгісі (тропизмдер), ғылыми талдауға алынады.
Жоғары оқу орындарында білім алу бастауыш мектепте немесе орта
мектепте білім алудан ерекшеленеді. Басқа ерекшеліктерін сөз етпегеннің
өзінде психологиялық айырмашылығы бар. Жоғары мектепте студент өзінің
оқу іс-әрекетінде жоғары жаңа сатыға көтеріледі. Бұрынғыдай мұғалімнің
күнделікті қадағалауымен және
басшылығымен алынатын білімнен, ғаламның
ғылыми жетістіктерін өздігінен игеруге ауысып, оқу және өзіндік оқыту
әдістерін меңгереді. Оқытушы студентке өзіндік дамуына, шығармашылық
потенциалын ашуға, зерттеушілік ізденісін арттыруға көбірек ықпал етеді. Ең
бастысы студенттің оқу іс-әрекеті салдарынан оқытушы емес жоғары
квалификациялы маман ретінде өз – өзін қалыптастырады.
Білімді игеру,
дағдыларды қалыптастыру және дамыту процестерінің тетіктері мен
заңдылықтары студенттердің жасына және жеке ерекшеліктеріне де
байланысты болатыны анық. Сондықтан осы айырмашылықтарды зерттеу
міндеті дәстүрлі түрде оқыту психологиясының негізгі мәселелерінің біріне
жатады.
«Студенттерді оқыту – олардың психикасы мен әрекетіне біліммен,
қажетті білік, дағдылармен қамтамасыз ету мақсатында әсер ету. Оқыту
барысында студенттердің түрлі психикалық ерекшеліктері дамиды.
Оқыту бо-
лашақ маманның қалыптасуында маңызды рөлге ие. Ол ғылыми дүние-
танымның жетілуіне, интеллектуалды дамуына және басқа да сапа қасиет-
терінің қалыптасуына әсер етеді» [120, 37 б.]. Демек осындай сапа-қасиеттердің
дамуы мен қалыптасуы, белгілі бір кәсіби әрекеттерге дағдылы түрде
машықтандыру үдерісі білім алушының жекелеген пәндер аясындағы білімімен
тікелей байланысты.
Оқыту психологиясы сонымен қатар оқу процесінде танымдық функ-
циялардың даму механизмдері мен заңдылықтарына мән береді. Ғылыми және
практикалық қызығушылық білім беру іс-әрекетінің жеке адамның ақыл-ойы
мен шығармашылығына қалай әсер ететіні, ойлау, есте сақтау, зейін және басқа
да танымдық функциялардың білім беру қызметінде қалай дамитыны туралы
сұрақтар да оқыту психологиясына тікелей қатысы бар.
Мәселен танымдық
функциялардың дамуы дәстүрлі түрде әрі қарай оқудың сәттілігінің кепілі ре-
тінде қарастырылады, сондықтан оқу іс – әрекетінде олардың қалыптасу заңды-
лықтарын білу және механизмдерді игеру білім беру практикасының маңызды
мәселесі және педагогикалық психологияның мұқият назарында болады. Қоғам
тұрғысынан білім беру іс-әрекетіндегі тұлғаның даму процесін өзін-өзі дамыту
процесіне біртіндеп өзгерту үрдісі қажет. Сондықтан оқыту барысында жеке
85
даму процесін өзін-өзі дамыту процесіне айналдыру тетіктері мен заңдылық-
тарын зерттеу міндеті оқыту психологиясы үшін маңызды.
Оқыту процесінде бастамашы, басқарушы, реттеуші қызметін педагог ат-
қарады. Сонда, оқыту – педагогтың іс-әрекеті. Ал оқу білім алушының белсен-
ділік формасы болып табылады. Оқыту педагог қызметіндегі бірқатар маңызды
кәсіби әрекеттерді айқындайды:
Достарыңызбен бөлісу: