Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет18/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
dis

Оқытушы 
студент 
студент 
студент 


110 
конференция. пресс-конференция дәрісі» [115, 89 б.].
Бұл еңбекте автор лекция әдісінің тиімділігін бірнеше факторларға бөліп 
қарастырады: а) материалдың көлеміне; ә) материалдардың мазмұнына; б) 
берілетін уақыт көлеміне; в) қойылатын сұрақтарға; г) көрнекі құралдарды 
іріктей білуге; д) материалды қызықты етіп айта білуге т.б. Сонымен қатар 
лекцияның мақсат, міндеттерін былайша жіктейді:  
1.Сабақтың идеялық бағытын қамтамасыз ету;
2.Оқушыларға белгілі бір ғылым саласы бойынша ғылыми ақпаратты 
жеткізу;
3.Ғылыми дәйектемелер, негіздемелер арқылы басты ақпаратты ғылыми 
кең арнада таныту;
4.Дәрістің эмоциялық қабылдануын қамтамасыз ету;
5.Ойды ретімен жүйелі түрде ұсыну;
6.Басты ойлар мен пікірлерді, көзқарастарды ерекшелей көрсету;
7.Түсінікті тілмен баяндай білу;
8.Жаңадан ұсынылатын терминдер мен атауларды түсіндіру[115, 86 б.]. 
Арнайы курсты оқыту барысында студенттерге оқылатын инновациялық 
дәрістердің тиімді бірқатар түрлері олардың орындайтын міндетіне байланысты 
таңдалынып алынады. Мәселен: 
Кесте 3 - Арнайы курсты оқыту барысында жиі қолданылатын иннова-
циялық дәріс түрлері
№ 
Дәріс түрлері 
Дәріс процесіндегі оқыту – оқу әрекеттері мен олардың міндеттері 
Оқытушы 
Студент 

Кіріспе дәріс 
Арнайы курстың мақсаты мен міндетін 
түсіндіреді 
Оқытушымен бірлесе 
отырып курсының 
құрылымын, кезеңдерін, 
ғылыми әдебиеттер тізімін, 
өзінің алдағы орындайтын 
алгоритмді қадамдары мен 
жоба орындау міндеттерін 
анықтайды.

Интерактивтік дәріс 
Мотивациялық баяндау. «Бейне-дәріс», 
«Аудио-дәріс», «Мульмедиа- дәріс» 
(Электрондық оқу құралы, эл.сөздіктер, 
эл.тест жинағы) өткізу әдістерін 
қолданады. Дәріс мазмұнын бейне-
аудиожазба түрінде ұсынады. 
Дәрістің мазмұнын 
конспектілейді, ұғымдар мен 
түсініктерді жаттайды. 
Қажет жағдайда бейне - 
және аудиодәрістерді 
қайталап тыңдайды. 
Мульмедиалық кешендерді 
қосымша пайдаланады. 

Проблемалық дәріс 
Проблемалық жағдаят туындатады. 
Эвристикалық әдісті қолданады. 
Студенттермен бірге шешім іздейді. 
Бірнеше болжам ұсынады. 
Оқытушымен бірлесіп, топ 
болып ұсынған шешімін 
тексереді. Алынған 
ақпаратты жүйелейді. 

Визуалдандыру 
дәріс 
Дәрістің мазмұнын көру арқылы 
қабылдау формаларына - сызба, сурет, 
тірек конспект, модель түрлері арқылы 
Өздері орындайтын СӨЖ, 
СОӨЖ жұмысына қажетті 
визуалдық формаларды 


111 
ұсынады. Комментарий жасап отырады. іріктейді, оқытушымен 
бірлесе отырып, оларды 
жүйеге түсіреді. 

Дуэт дәріс 
Екі оқытушы шынайы педагогикалық 
жағдаятты модельдейді. 
Екі оқытушының логикалық 
ойын ескере отырып, мәселен 
Шетел әдебиеті пәнінің 
оқытушысымен бірге 
тақырыбының теориялық 
және практикалық 
негіздемелері туралы өзіндік 
ой қалыптастыруға болады. 

Мини-дәріс
Жоба орындаушы студенттерге 
презентация түрінде теориялық 
мәліметтер ұсынады 
Презентациямен толық 
танысып, Жоба орындауға 
қажетті мәліметтерді 
іріктеп алады. 

Шолу дәріс 
Монолог әдісін қолданып, базалық 
білім мазмұнын анықтамалар, 
терминдер, дефинициялар түрінде 
ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет