Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет24/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
dis

 
Сурет 4 - Ойлау карталары сегіз түрлі тапсырма түрі 


123 
Ендігі кезекте Таласбек Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» повесін 
«ойлау карталарымен» топтық жұмыста талқыладық.
Бірінші топқа повесть қай бағытта жазылғанын анықтау тапсырылды. 
Шығарманың көркемдік қуатын анықтау үшін көңіл бөлінетін сипаттар: 
- шығармадағы әлеуметтік шындықтың көрінісін анықтау. 
- ащы шындықтың пародиялануы байқала ма? 
- шығармада аңыз бен реалды өмірдің кірігуі көріне ме? 
- мистика бар ма? 
Екінші топқа кейіпкер қоғамдық мәселені талқылау (құрылым, стиль, 
көзделген аудиториясы, автор көзқарасы) тапсырылды.
Үшінші топқа Бас кейіпкер Қайырболдының Бекторымен кездескенге 
дейін және кейінгі психологиялық күйін салыстыра отырып шығарманың автор 
меңзеген идеялық мазмұнын ашу тапсырылды.
Төртінші топқа шығарманың композициялық құрылымын жіктеу 
тапсырылды.
Бесінші топқа әңгімедегі уақыт пен кеңістік, шығарманың бөлігі мен тұтас 
ауқымындағы автордың діттеген ойына қызметін айқындау тапсырылды.
Алтыншы тапсырмада шығармада кейіпкердің шыныда тұрған өз жүрегін 
көрген кездегі эмоциясын мысал арқылы дәлелдеу және Бекторының оған 
берген жауабын көрсету қажеттігі айтылды. 
Жетінші тапсырмада өзге шығармалармен сюжет, идея, көркемдік тәсіл 
жағынан сабақтастықты анықтау берілді.
Сегізінші топқа автордың баяндау тілі мен суреттеу тәсіліне ұқсата 
отырып авторға хат даярлау тапсырылды. 
Келесі кезекте талдау «кубизм» тәсілінде жүргізілді. «Кубим» алты түрлі 
тапсырмадан құралады. Бір тақырыпқа алты түрлі оқу әрекетін топтастыратын 
немесе бір нысанға алты түрлі бағытта талдау жүргізетін белсенді тәсілдің бірі.
Ол сын тұрғысынан ойлауға, нысанды саралап тануға бағытталған тәсіл.
Негізгі тапсырмалары: 
- суреттеңіз (немесе сипаттаңыз); 
- салыстырыңыз; 
- зерттеңіз; 
- талдаңыз; 
- қолданыңыз; 
- дәлелдеңіз түрінде келеді.
Повестің белгілі бір бөлігіндегі іс-оқиғаны, нысанды, кейіпкерді, 
интерьерді т.т. суреттеу, шығарманың образдар жүйесін салыстыра талдау, 
типтік характерлерді ашу, шығарманың сюжеті мен композициясын талдау, 
шығарма бөліктерін ұқсас белгілеріне не айырмашылығына қарай топтастыру, 
белгілі нысандарды зерделеу, зерттеу, шығармадағы объективті идеяны
көркемдік шешімді айқындау, әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем 
әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, рецензия жазу,көркем шығарманың 
идеялық мазмұнына сүйене отырып, оқырмандық ой-пайымын ауызша не 


124 
жазбаша түйіндеу сияқты тапсырмалар шығарманы терең игеруге мұрындық 
болары анық. Жалпы біздің мақсатымыз көркем мәтінмен жүргізілетін 
жұмыстарды түгел саралап беру емес. Әдетте шығарманы оқып, игеру, талдау 
жұмыстарын қай бағытта жүргізу керектігі оқыту мақсатынан туындайды. Біз 
Таласбек Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» повесіндегі сюжеттік желі, 
оқиға қабаты, өзіндік стилі, көркемдік тәсілін өзге қаламгерлермен салыстыра 
талдауды мақсат еттік. Сондай-ақ қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарыны 
бар бірнеше шығарманы қатар ала отырып, салыстыра талдау арқылы 
жүргізудің тиімділігін аңғардық. Мәселен М. Мағауиннің «Қыпшақ аруы» 
повесімен салыстыра талдауда модернизнің белгілері, шығарма желісінің 
әпсанаға негізделуі, екі шығармаға да ортақ тотем, образдар сомдаудағы 
даралық пен ұқсастық сияқты мәселелерді саралау қазіргі қазақ прозасындағы 
кейбір ізденістерді зерделеуге де мүмкіндік беретінін байқатады. 
Мәселен «Қыпшақ аруы» повесіндегі идея мен астарлы мәнді берудегі 
көркемдік тәсілдер, мүсінші, тас мүсін, аруақ, жан кіргізу т.т. сияқты 
детальдардың қызметін тану, модернистік, постмодернистік ағымның 
белгілерін саралату қазіргі қазақ прозасындағы ортақтық пен даралықты тануға 
да мүмкіндік берері анық. Әр қаламгердің даралық қолтаңбасын ажырату, 
өзіндік стилін айқындау көркемдік ізденістерін танытудың да бір жолы деуге 
болады. Әдіскер-ғалым Т.Ақшолақов: «Әр жазушының стиль ерекшелігін оның 
шығармасындағы көркем компоненттерін тану арқылы айқындаймыз. Әр 
жазушының өзіне тән суреттеу стиль, сөз саптау мәнері бар. Ол сол жазушының 
барлық шығармаларында көрініс беріп отырады. Осы суреттеу, көркемдеу 
тәсілдеріне қарай, біз өнер шеберлерінің суреткерлік даралығын танимыз. Олай 
болса, шығарманың көркем компоненттерін таныту-жазушы стилін танытуға 
апарар бірден-бір жол деп білеміз»,– дейді[185]. Бұған қосарымыз 
шығарманың көркем компоненттерін таныту үшін авторларымыздың 
шығарманың өн бойына тасалаған көркем деталіне, тіліне, образ беру тәсілі мен 
шығармадағы композициялық қисындарға қарап қаламгердің даралық 
ерекшелігі мен қазіргі қазақ прозасындағы өзге қаламгерлермен ұқсастығын 
зерделеу маңызды. Сол арқылы қазіргі қазақ прозасындағы мифтік сарындарды 
танытудың да мүмкіндіктеріне жол ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет