Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
dis

Мифофольклор – мифтік сана мен ойлау-жүйесінің, мифтік таным мен 
наным-сенімнің фольклор нұсқаларында кездесіп, олардың астарында 
көркемделген форма мен мазмұнды пішінде көрініс табуы. 
Эсхатологиялық мифтер – ақыр заман туралы мифтер, космогониялық 
мифтермен қатар жүреді және хаос пен ғарыш күштерінің тайталасымен 
байланысты. Мұндай мифтердің бір түрі алдағы уақытта болуы мүмкін 
замманның ақыры туралы мифтер. 



БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ҚР – Қазақстан Республикасы 
ҚРБжҒМ– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
ЖОО – жоғары оқу орны 
PhD - философия докторы 
т.б. - тағы басқа 
лат. – латын тілінен 
RWCT - Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау 
СТО – сын тұрғысынан ойлау 
СӨЖ - студенттің өздік жұмысы 
СОӨЖ - студент пен оқытушының өзара жұмыс 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Тақырыптың өзектілігі: Әдебиет – ұлттың рухани келбеті. Өскелең 
ұрпақ өз халқының рухын, жан дүниесін түсіну үшін алдымен ұлттық 
әдебиетін оқуы маңызды. Сонда ғана өткен тарихы мен болашағын тани 
алатын болады. Әдебиетті оқытудың – адамгершілік-эстетикалық тәрбие 
бағытын нығайтуға ықпалы зор. Ол өнердің бір саласы (А.Байтұрсынов). 
Адамның жаратылысын зерттейтін ғылым «адамтану» болса, адамды 
парасаттылық пен ізеттілікке тәрбиелеу құралы «әдебиет пәні» екендігі 
анық. 
Басқа қоғамдық ғылымдар секілді қазақ әдебиеттануы да ұлттық 
көркем әдебиет туралы жеке ғылым саласы ретіндегі қалыптасу жолын, 
бастан өткерген тарихи дәуірлеріндегі қол жеткізе алған жетістіктері мен 
кемшіліктерін ғылыми тұрғыда саралауды қолға алды. Онсыз қандай да 
болсын ғылым саласының өсіп-өркендемейтіні белгілі. Әсіресе кешегі 
кеңестік дәуірдегі тоталитарлық жүйе кезіндегі маркстік-лениндік әдіс-
намаға сай артық-кем айтылып, қағидаға айналып кете жаздаған 
қателіктердің орын алу себеп-салдарларын бүгінгі күн тұрғысынан 
таразылауды заман өзі талап етіп отыр. Бұл тұрғыдан алғанда ұлттық әде-
биеттану ғылымының бастан өткізген негізгі кезеңдері, яғни туу, жетілу, 
қалыптасу дәуірлерін арнайы зерттеудің, шығармашылық кескін-келбетін, 
әдіснамалық мәселелерін ғылыми тұрғыда саралаудың шешуші қадам болып 
табылатыны анық. Өйткені, ұлттық әдебиет туралы ғылым белгілі бір 
білімдер жиынтығы мен әдеби құбылыстарды танып-білу құралы ретінде 
өзінің ұғым-түсініктері теориясы, әдіснамасымен бірден қалыптаса қойған 
жоқ, қиын-қыстауға толы ұзақ та күрделі тарихи жолды бастан кешірді. 
Қазiргi өзгермелi қоғам жағдайында өркениеттi елдер қатарынан орын алу 
әр мемлекеттiң бiлiмiнiң берiктiгiне байланысты. Қазақстандық бiлiм беру жү-
йесi де әлемдiк деңгейге сай жаңа құрылымдық сипат алуда. Сол себепті 
отандық бiлiм беру жүйесiнiң даму деңгейiнiң дүниежүзiлiк стандартқа сәйкес 
келуi мемлекетiмiздiң әлемдiк қауымдастық қатарынан орын алуын көздейтiн 
негiзгi фактор болып табылады.
Еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамыту стратегиясының басты 
мақсаты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тани отырып, оның 
шығармашылық еркіндігі мен белсенділігіне және кәсіби іскерлігінің дамуына 
жағдай жасау болып табылады. Әлемдік білім кеңістігінде өркениетті елдердің 
барлығы білім беру саласына үлкен жауапкершілікпен қарап, болашақ 
мамандардың жан-жақты дамыған, өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік пікір 
айтып, 
шешім 
қабылдай 
алатын, 
жаңалықтарға 
жақын, 
заманауи 
инновациялармен қаруланған тұлға ретінде қалыптасуына айрықша мән береді. 
Бұған заманауи білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына 
арналған реформалардың, соның ішінде Болон үрдісінің қарқынды дамуы дәлел 
бола алады. Осы ретте білім философиясы мен әдіснамасының жаңа бағытта 
қарастырылуы, пәндер бойынша берілетін білім мазмұнының құрылымдық 



өзгеруі жоғары оқу орындарында гуманитарлық пәндерді, атап айтқанда қазақ 
әдебиетін жаңаша оқытуды қажет етеді.
Болашақ қазақ әдебиеті мамандарының ой-өрісін, зияткерлік қабілет-
тіліктерін, шығармашылық мүмкіндіктерін, тұлғалық әлеуетін дамытуда қазақ 
халқының ұлттық коды болып табылатын көркем әдебиеттің, соның ішінде
қазіргі қазақ повестерінің алар орны ерекше. 
Сондықтан да ел егемендігі тұсында дәстүрлі этнография мен фоль-
клорлық сарындарға әдебиеттің қайта оралып, оқырманның танымдық 
көкжиегін кеңейтудің амал-тәсілдеріне айналғанын ғылыми дәлелмен жүйелей 
отырып ашып көрсету – заман мұраттарымен үндесіп жатқан міндеттердің бірі. 
Сол арқылы ғана қазақ әдебиетінің, соның ішінде қазақ повестеріндегі көне 
архаи-калық ұжымдық ойдан фольклорлық поэтикалық ойлауға, одан жеке 
автордың даралық ой-сезіміне дейінгі даму сатыларын айқындауға болады. 
Алаш зиялыларынан бастау алған бұл көркемдік үрдістің әртүрлі қоғамдық 
өзгерістерге сай даму ерекшелігін ашу бүгінгі жаһандану үрдісіндегі әде-
биеттану үшін ең өзекті мәселе болып табылады. Себебі, көркем әдебиеттің 
ұлттық руханияттың аса маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі мән-маңызын 
саралау – заман талабынан туған қажеттілік.
Ал, жоғары әдеби білім беруде қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды 
меңгеруге 
деген 
кәсіби 
құзыреттілікті 
қалыптастыру 
жолдарының 
нақтыланбауы, қазіргі заман әдебиетінің бағдарламалық деңгейде жеткілікті 
дәрежеде 
қамтылмауы, 
ғылымда 
қазіргі 
қазақ 
повестеріндегі 
эксперименттердің, әдеби туындыларды талдаудың әдіснамалық және 
оқытудың әдістемелік жүйесінің қалыптаспауынан туындаған мәселелердің әлі 
де шешімін толық таппай отырғандығы зерттеудің қарама-қайшылықты 
тұстарын көрсетеді. Атап айтқанда: қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды 
оқыту жоғары мектептің әдеби білім мазмұнында ғылыми әдістемелік тұрғыда 
жүйелі және монографиялық дәрежеде толық қамтамасыз етілмеуі; жоғары 
білімді филология, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары түлектерінің қазіргі 
қазақ повестерін интерпретациялау, жинақтау, талдау, сараптау дағдыларын 
әдістемелік тұрғыда толық меңгере алмауы арасындағы қарама-қайшылықтар 
зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Жоғары мектепте қазіргі қазақ 
повестеріндегі мифтік сарындарды оқыту әдістемесі» деп таңдауымызға негіз 
болды. Сондықтан да ұлттық әдебиеттің ежелгі нұсқаларын, олардың 
повестердегі көріністерін ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан талдап, зерттеу, 
жүйелеу – тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдістеме ғылымында қарастыру 
тақырыптың өзектілігін айғақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет