Құнанбаева Д.Ə


Нақты жəне нормативтік өзіндік құнның шығындарын есепке алу əдістерінің сипаттамасы



бет49/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
шб кытап ()

Нақты жəне нормативтік өзіндік құнның шығындарын есепке алу əдістерінің сипаттамасы.


Стандарт-костинг жүйесі

Көптеген шығындарды есепке алудың объектілеріне байла- ныссыз шығындарды екі əдіспен есептеуге болады:



  1. нақты шығындар есебі əдісімен;

  2. нормативті əдіс.

Екі əдіс те нəтижесінде өнімнің нақты өзіндік құнын анық- тау мен көрсетуге бағытталған, бірақ бірінші – шығындарды ті- келей есепке алу арқылы, ал екінші – нормадан ауытқу арқылы.
Нормативті шығындарды есепке алу жəне өнімнің өзіндік құны калькуляциялау кəсіпорында əр өнім түрі бойынша мате- риалды жəне еңбек ресурстарының теникалық дəлелді шығын- дар нормасы негізінде алдын ала нормативті калкуляция құры- луымен сипатталады.
Норма – өндірістің үдемелі технологиясы мен ұйымдастыру жағдайында шаруашылық қызмет нəтижелерінің алдын ала бел- гіленген сандық көрінісі.
Нормативтік калькуляция мен есепке алу барлық ағымдағы шығындарды нормалар бойынша шығыстар жəне нормалардан болған ауытқуларға бөлінетіндей құрылады жəне ұйымдасты- рылады. Анықталған ауытқулар туралы мəліметтер өнімнің өзіндік құнын басқаруға жəне сонымен бірге нақты өзіндік құн- ды калькуляциялауға мүмкіндік береді. Шығындарды есептеу- дің нормативтік əдісі нақты өзіндік құнды анықтап қана қоймай, əрдайым ауытқу себептерін талдауға жəне оларға айыптыны анықтауға мүмкіндік береді.
Нормативтік əдістің кемшіліктері:

  • нақты шығындардың нормадан ауытқуын дұрыс есепте- меу себебі ретінде тауар топтары бойынша іріленген ауытқулар есебі, сондай-ақ ауытқулар анықталатын кезеңнің ұзақтығы бо- луы мүмкін;

  • нормативті базаның жетілмегендігі, өндірістің техникасы мен технологиясының өзгерістерін ескерілмеген ұзақ кезеңде нормаларды қолдану.

Нормативті анықтау əдісі – стандарт-кост – ХХ ғасырдың басында пайда болды. Бұл Ф. Эмерсон, Г. Тейлор жəне басқа да инженерлер ұсынған, оларға шығындарды нормативті есепке алу жүйесін дамыту үшін түрткі болған менеджменттің бір қағи- дасы болды. Ғылыми менеджменттің жақтаушылары еңбекті жə- не материалды ресурстарды пайдаланудың ең жақсы жалғыз жо- лын анықтау үшін нормативтерді қабылдады.
Нормативтер жұмыстардың жүрісін жоспарлауда материал- дар мен еңбекті тұтыну минималды болу үшін ақпараттармен
қамтамасыз етіп отырды. Сол уақытта Ч. Гаррисон шығындарды нормативті анықтаудың бірінші жүйесін жасады. Шығындарды нормативті анықтау жүйесі пайда болған уақытынан бастап сəт- ті дамыды жəне қазір АҚШ пен Батыс Еуропаның өнеркəсіптік кəсіпорындарында кең ауқымда қолданылады. 1989 ж. Англия- ның фирмаларында өткізілген сауалнама 78 % фирма-респонде- нттері шығындарды нормативті есепке алу жүйесін пайдала- натынын көрсетті.
Стандарт-кост жүйесі көбінесе қызметі бірдей немесе қай- талайтын операциялардан тұратын кəсіпорындарға көп келеді. Қазақстандық өнеркəсіпте қолданылатын нормативтік есеп əді- сінің стандарт-костан негізгі айырмашылығы: нормативтік əдіс- те нормалар (стандарттар) өнім түріне немесе тобына есептелсе, стандар-кост жүйесінде ЖО бойынша анықталады.
Стандарт-кост жүйесінде шығындарды бақылау жүйесінің маңызды бөлігі бөлек бөлімшелердің, жеке басшылардың неме- се жалпы ұйымның қызметін бағалау болып табылады. Өндіріс- тік учаскелердің менеджерлері əрдайым не болғанын (нақты шығындар), не болуы керекпен (тікелей немесе нормативті шы- ғындар) салыстырып отырады. Нақты жəне нормативті шы- ғындар арасында айырмашылық ауытқу деп аталады. Ауытқу- лардың көлемін анықтау үдерісі жəне олардың пайда болу се- бептерін анықтау ауытқуларды талдау деген атауға ие болды. Ауытқуларды анықтау барлық қызметтердегі немесе жеке бө- лімшелер мен ұйымның функцияларының тиімді емес салала- рындағы кемшіліктерді айқындауға мүмкіндіктер береді.
Ауытқу сомасын анықтаумен қатар ауытқудың себептерін анықтау маңызды. Егер себеп белгілі болса, басқарушы мəселе- лерді реттейтін тиісті іс-əрекеттерді жасай алады.
Нормативтік шығындар – шығындар қандай болу керек еке- нін көрсететін жоспарланған шығындар деңгейі. Егер нақты шы- ғындар нормативтіден жоғары болса, онда ауытқу қолайлы емес, ал кері жағдайда қолайлы болып саналады.
Өндірілген өнім бірлігіне келетін нормативті шығындар ке- лесі элементтерден тұрады:

  • тікелей материалдардың нормативтік бағасы (р);

  • тікелей материалдардың нормативті саны (g);

  • нормативтік жұмыс уақыты (t);

  • тікелей еңбекақының нормативті ставкасы (s);

  • өзгермелі негізгі өндірістік шығындардың нормативтік коэффициенті (Kөзг);

  • тұрақты негізгі өндірістік шығындардың нормативтік коэффициенті (Kтұр).

Ауытқу жоғарыда аталған элементтердің кез келгенінің өз- геруі нəтижесінде пайда болуы мүмкін. Ауытқуды талдау күн сайын немесе ай сайын шығындар элементтері бойынша жаса- лады.
Ауытқуларды талдаудың рөлі едəуір төмендейді, егер шы- ғындардың көбісі өндіріс көлеміндегі өзгерістерге байланысты болмағанда. Дəстүрлі өндірістік ортадан өндіріс шығындарының едəуір бөлігін тұрақты шығындар алған жоғары технологиялық ортаға өту кезінде шығындарды нормативті есепке алу əдісін қысқартылған өзіндік құн бойынша шығындарды есепке алу əді- сі ысырып шығады. Оған мысал ретінде директ-костинг жүйесін қарастыруға болады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет