Құнанбаева Д.Ə



бет48/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69
шб кытап ()

Функциялық əдіс (АВС əдісі)

«Дəл мерзімінде» əдісі

1

2

3

4

5

6

Қолдану
сферасы

Жеке жəне аз се-
риялы өндіріс

Жаппай өндіріс
типі

Сериялық жəне
ағымдық өндіріс

Қызмет көрсету жəне
білім беру сферасы

Ағымдық өндіріс

Əдістің мəні

Барлық тікелей шығындар алдын ала өнімнің нақты түрінің белгілі санына берілген жеке өндірістік тапсырыстар бо- йынша калькуля- ция баптарында көрсетіледі.
Қалған шығындар жеке тапсы-
рыстардың өзіндік құнында алдын ала белгіленген шығындарды бөлу базасына тиісті есептеледі.

Өндірістің тіке- лей жəне жанама шығындары
шығарылған өнімнің барлы- ғына калькуля- ция баптары бо- йынша есептеледі. Шы- ғындарды
жинақтау үдерісі өндіріс үдерісіне параллельді жү- реді. Əр үдеріске бақылау
шоттары қойылады жəне тікелей мен үс- теме шы-
ғындары
анықталады

Тікелей шығындар ағымдағы есептілік- те аралық өнімнің түрлері бойынша емес, қайта бөлісу немесе өндіріс үде- рісінің сатылары бо- йынша көрсетіледі, егер тіпті бір қайта бөлісуде өнімнің əр- түрін алуға болса
да.

Тұтынылатын ре- сурстарды есептеумен қатар қиын
операцияларды қарапайым құрамдастарға бөлу арқылы кəсіпорында жұмыстар тізімін жəне тізбектілігін анықтау

Келесі өндіріс сатына қажетті ма- териалдар, запастар, тауарлар тұтыну- шыларға нақты ке- рек уақытында ғана жеткізіледі


138




1

2

3

4

5

6

Шығындарды есепке алу
объектісі

Жеке өндірістік тапсырыс

Шығарылатын өнім

Жекелеген қайта бө- лісу

Қызметтің жекелеген түрі (функция, опера-
ция)

Өндірістік үдеріс

Калькуля- циялау объек- тісі

Əр қайта бөлісудің өнім түрі немесе то- бы

Операция жəне дағды- лы объект: өнім немесе өнім тобы, жасалған
жұмыс

Өндірістік үдерістің өнім түрі немесе то- бы

Əдістің артық- шылықтары

Жеке тапсырыстар бойынша салыс-
тыруға, ең рентабельді тапсырысты анықтауға мүмкін- дік береді. Өнді-
рістік шы-
ғындарды жəне болашақ тапсырыс бойынша сату
бағаны жоспарлау үшін базамен қамтиды. Ауытқу- ларды есептеу арқылы тапсырыс бойынша шы-
ғындарды бақылауға, үстеме шығындарын
нормативтік

Шығындарды жинау аз күшті қажет етеді,
үнемді. Шы- ғындар нақты тапсырыс бо- йынша емес мерзімге жиналады, сон- дықтан есепші қызметкерлерде бос уақыт
болады жəне олар аралық
базалар негізін- де шығындарды салыстырады.
Жауапкершілік анық бөлінеді.
Тапсырыс əдісі- не қарағанда,

Алдыңғы цехтардың немесе қайта бөлісу- дің шығындары жайлы қандай да бір шартты есептеудің болмауы. Əр қайта бөлісуден шығатын жартылай
фабрикаттардың
өзіндік құны туралы бухгалтерлік ақпараттың болуы. Нақты орындарда аяқталмаған өндіріс қалдығы есепке алынады, өз
жартылай фабрикат өндірісінің қозғалы- сы бақыланады

Өзіндік құнды жəне рентабельділікті нақтырақ бағалауға мүмкіндік береді, өнім- нің бəсекеге қабілетті- лігін жоғарылатады, еңбекақы шығындары үнемделеді. Шы- ғындарды басқару, стратегиялық жоспарлау бойынша
дəлелді шешім қабылдау үшін көбірек ақпарат алуға мүмкін- дік береді

Шикі зат пен мате- риалға аз шығын ке- теді, себебі қойма запастарының көле- мі 75 % қысқарылады. МӨЗ ішкі қозғалысының шығындары, жабдықтар саны, еңбекақы шы-
ғындары қысқарылады.
Құрал-жабдықтарды қайта реттеу шы-
ғындары 20 % тө- мендейді


139



1

2

3

4

5

6




тарату ставкалар бойынша тапсы- рыстар арасында бөлуге мүмкіндік
береді.

үстеме шы- ғындар нақты базамен цехқа немесе үдеріс-
терге жазылады.










Əдістің кемші- ліктері

Есеп жұмысының көптігі, үнемділік қағидасын
ұстанбауы мүмкін, бақылау жасау қиындығы.
Əртүрлі тапсы- рыстарды салыс- тыру бекер болуы мүмкін, егер ол тапсырыстарды
орындау аралы- ғында жəне əртүрлі тапсырыс бойынша
шығарылатын əртүрлі өнім қөле- мі үшін жүргізілсе

Шығындарды
орташаландыру есептің дəл
болмауына əке- леді, жеке өнім- дерге шы-
ғындарды про- порционалды бөлу киындығы, алдын ала алынған шы-
ғындарды қолдану нақты мəліметтер
түралы мерзім- дік есеп беруді кешіктіреді, сон- дықтан шы-
ғындарды бақылау төмен-
дейді

Жартылай фабрикаттық əдісі еңбек сыйымдығын жоғарылатады, се- бебі калькуляцияда
«Өз өндірісінің жартылай
фабрикаттары» ке- шенді бап болады, ол кейіннен айырып оқылады жəне нақтыланады

Персоналды оқытуға күш, уақыт шығыны, кəсіпорынды ақпаратық толықтыққа əкеледі. Дəстүрлі əдіс- терге қарағанда едəуір бюрократиялық режим қажет

МӨЗ жеткізу бойын- ша тапсырыстарды уақытылы
орындамау, толық емес жабдықтау, қажетті заттарды жеткізбеу, жоғары маманданған пер-
соналдың болмауы. Бір ғана жабдықтаушының болуы қаупі

Үдеріс бойынша калькуляциялау əдісі өнеркəсіптің өндіру- ші салаларында жəне энергетикада жиі қолданылады. Бұл са- лалар өндірістің жаппай түрімен, ұзақ емес өндірістік циклімен, шығарылатын өнімнің шектелген номенклатурасымен, өлшем мен калькуляциялаудың бірдей бірліктерімен, аяқталмаған өнді- рістің мүлдем болмауы немесе шамалы мөлшерімен сипатта- лады. Қорытындыда шығарылатын өнім бір уақытта шығындар- ды есепке алудың объектісі жəне калькуляциялаудың объектісі болып табылады.
Үдерістер бойынша əдісті ұйымдастырудың бірнеше түрін келесі шарттарды орындағанына байланысты ажыратады:

  • өнімнің бір түрі шығарылады;

  • жартылай фабрикаттардың запастары болмайды;

  • өнім запастары болмайды.

Егер барлық үш шарт орындалатын болса, қарапайым бір сатылы калькуляция əдісі қолданылады. Мұнда өнімнің бірлігі- нің өзіндік құнын есепті кезеңдегі шығындарын осы кезеңде өн- дірілген өнімнің санына бөлу арқылы анықтайды.
Егер тек бірінші жəне екінші шарт орындалатын болса, онда мұндай кəсіпорындарда қарапайым екі сатылы калькуляция əдісі қолданылады. Мұнда өнім бірлігінің өзіндік құны үш кезеңмен анықталады:

  1. өнім бірлігінің өндірістік өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды шығарылатын өнім санына бөлу арқылы анықта- лады;

  2. басқарушылық жəне коммерциялық шығындар сомасы есептік кезеңдегі сатылған өнім көлеміне бөлінеді;

  3. алғашқы екі кезеңдегі көрсеткіштер қосылады.

Егер өндірістік үдеріс бірнеше сатыдан тұрса, онда қара- пайым көп сатылы калькуляция əдісі қолданылады. Үдеріс бойынша əдістің осы түрі қайта бөлісу əдісіне ұқсас, сондықтан кейбір авторлар осы екі əдісті бірдей деп санайды.
Қайта бөлісу əдісі өнеркəсіптік жəне ауылшаруашылық ши- кізатты химиялық, физикалық, биологиялық үдерістер негізінде аяқталған дайын өнімге тізбекті қайта өңдеудің көптеген өнді- рістерінде қолданылады. Осы өндірістердің ерекшелігі қайта бөлісу аталған тізбекті сатылар болып табылады.
Қайта бөлісу – жартылай фабрикат немесе дайын өнімді шығарумен аяқтайтын технологиялық операциялардың жиынты- ғы. Мұндай өндірісте шығындар есепке алу объектісі дербес қайта бөлісу болып табылады.
Қайта бөлісу тізімі технологиялық үдеріс негізінде, соны- мен қатар жоспарлаудың, есепке алудың жəне қайта бөлісу өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы мен аяқталмаған өнді- рісті бағалау негізінде анықталады. Осы алғышарттардан қайта бөлісу əдісінің мəні туындайды: тікелей шығындар ағымдағы есептілікте өнімнің түрлері бойынша емес, қайта бөлісу бойын- ша көрсетіледі, егер тіпті бір қайта бөлісуде өнімнің əртүрін алуға болса да. Сондықтан шығындарды есепке алу объектісі қайта бөлісу болып табылады.
Қайта бөлістік шығындарды калькуляциялау келесі əдістер- мен жүзеге асырылады:

  • ФИФО əдісі, өнім бірлігінің өңделуі жаңа өнімдер өңдеуге түсумен байланысты, яғни алдымен өндіріске жіберілген еңбек заттары өңделмей, жаңа материалдар жаңа қайта бөлісуге түс- пейді;

  • орташалау əдісі, өнім бірліктерінің запасы кезең басында басталып, есептік кезең шеңберінде аяқталады деп қарастырады. Функция бойынша шығындар есебі (АBC əдісі – ағылш.

Аctivity Bаsed Costing ) бар шығындар есебі жүйелерінің кемші- ліктерінен арылған шығындар есебінің жаңа нұсқасын іздеу нə- тижесі ретінде пайда болды. АВС əдісі əртүрлі салалардың батыс компанияларында кең таралды, оны қолданғанда кəсіп- орын өзара байланысқан операциялар (функциялар) жиынтығы ретінде қарастырылады. Операциялар үдерісінде əртүрлі ресурс- тар (материалдар, еңбек, құрал-жабдықтар) тұтынылады. Қыз- мет түрі болып өнім сатып алушыға табыс етілуіне байланысты атқарылатын барлық функциялар түсініледі. Сəйкесінше, өнім жасалу мен сатып алушыға табысталуға қажетті барлық қызмет түрлері бойынша шығындарды өзіне алады.
Қарастырылатын шығындар есебі жүйенің дəстүрліден айырмашылығы жанама (үстеме) шығындарды бөлу тəртібінде болып табылады. Барлық өндірістік-шаруашылық қызмет функ- цияларға бөлінеді, мұнда қызмет күрделі болған сайын, функ- циялардың саны өседі. Алғашында жанама шығындар драйвер-
лерге (бөлу параметрлеріне) пропорционалды таңдалған ресурс- тарға көшіріледі, сондықтан əр функцияның орындалуына қа- жетті барлық ресурстар ажыратылады. Əр қызмет түріне шы- ғындар тасушы (шығындар өзгерісін тудыратын факторлар) таң- далады, ол сəйкес өлшем бірлігімен көрсетіледі (мысалы, ұйым- дық техникаға қызмет көрсету функциясы үшін шығындарды тасушы ретінде техника бірліктерінің саны, персоналды басқару функциясы үшін қызметкерлер саны болуы мүмкін). Шығындар тасушы жүйесі арқылы жанама шығындары нақты тауарларға (жұмыс, қызметтерге) бөлінеді.
Жүйенің негізгі артықшылықтары:

  • өндірістік шығындарды дəл анықтау, өндірістік емес шы- ғындарды жою мүмкіншілігі;

  • шығындар мен пайданы тиімді басқару механизмі, өйткені əр өнім түрінің, əр клиенттің, əр географиялық аймақтың қар- жылық нəтижелікке қосқан үлесін анықтауға мүмкіндік береді;

  • тек шығындар көлемін ғана емес, шығындардың пайда болу себептерін бақылау мүмкіндігі;

  • тиімді бағалық жəне маркетингтік саясатты жасау құралы ретінде қолдану мүмкіндігі.

Көрсетілген жүйе кəсіпорынның шығындарын көп төменде- туге, бөлек бөлімшелер арасындағы өзара байланысты жетілді- руге мүмкіндік береді, сондықтан қазақстандық кəсіпорындарға енгізудің үлкен перспективаларына ие. АВС-əдісін көпсалалы кəсіпорындарда, өзіндік құн құрылымында жанама шығындар үле- сі жоғары күрделі шаруашылық кешендерде қолдану өте тиімді.
АВС-əдісін енгізу жəне пайдаланумен байланысты негізгі кемшіліктері оның еңбек сыйымдылығы, қиындығы, сонымен қатар оның қойылымына көп қаржылық жəне материалды шы- ғындар болып табылады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет