Құнанбаева Д.Ə


Жанама (жалпышаруашылық жəне жалпыөндірістік) шығындарды бөлу



бет45/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69
шб кытап ()

Жанама (жалпышаруашылық жəне жалпыөндірістік) шығындарды бөлу


Өндірістік шығындарды есептеу жəне калькуляциялаудағы өте маңызды мəселе жанама шығындарды бөлу əдістемесі бо-


лып табылады, өйткені өнімнің өзіндік құны шығындарды бөлу- дің ең адекватты негізін таңдауға байланысты. Бөлу базасы не- гізі ретінде əр өндірістік бөлімшенің үстеме шығындарына сəй- кес келетін көрсеткіш таңдалуы тиіс. Бөлу əдістері ұйымның өзі- мен таңдалады жəне ұзақ мерзімге сақталады, өйткені есептік саясатта келісімді түрде қабылданады. Тəжірибе жүзінде жанама шығындарды бөлу үшін төменде көрсетілген базалары қолданы- луы мүмкін.

      1. Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы. Жанама жəне басқа шығындардың сомасында еңбекақының салмақты үлесі болса ғана бұл көрсеткішті қолданған орынды.

      2. Натуралды немесе құндық өлшемдегі өндірілген өнім кө- лемі. Бұл əдіс өндірістік бөлімше тек өнімнің бір түрін өндірген кезде қолданылады.

      3. Өндірістік жұмысшылардың жұмыс уақыты (адам-сағат). Нақты өнімді өндіру жұмыстардың еңбек сыйымдылығы туралы ақпарат нарядта жəне жұмыс карталарында болып тікелей еңбек шығындарын көрсететініне байланысты бұл базаның түрі кең таралған. Бөлу коэффициенті үстеме шығындардың жалпы со- масын жалпы шығындалған адам-сағатына бөлу арқылы анық- талады.

      4. Жұмыс істелген машина-сағат саны. Бұрында бұл əдіс кей уақыттарда қолданылды, өйткені нақты өнімді шығаруға жұмсалатын құрал-жабдықтың жұмыс уақыты туралы ақпарат болмады. Бірақ компьютерлік технологияның дамуына байла- нысты бұл мəселе оңай шешіледі.

      5. Тікелей шығындар сомасы. Бөлу өнімді өндіруге тұты- нылған негізгі материалдар құны мен өндірістік жұмысшылар- дың негізгі еңбекақысына пропорционалды жасалады.

      6. Материалды шығындар сомасы. Үстеме шығындары бөлу ставкалары қолданылған негізгі материалдар құнына пайыздық қатынасымен анықталады.

      7. Сметалық (нормативтік) ставкаларға пропорционалды бө- лу. Ставка жалпы кəсіпорын бойынша (егер əр бөлімшенің уа- қыт шығыны бірдей болса) немесе əр бөлімше бойынша есеп- теледі.

Аталған шығындарды бөлу базаларынан басқа кейбір жағ- дайларда келесілер қолданылуы мүмкін: ғимараттардың ауданы
немесе көлемі (мысалы, ғимаратты ұстау шығынын бөлу үшін), техникалық көрсеткіштер (тонна-километр, киловат-сағат), сал- мақ мөлшерлері, коэффициенттер арқылы бөлу.
Үстеме шығындарын бөлу əдісін таңдағанда маңызды қағида бұл берілген өнімнің нақты шығындарына нəтижелердің максималды жақын болуы, өйткені бұл өнімнің өзіндік құнын анық табуға жəне соңында ұйымның пайдасына əсер етеді. Со- нымен қатар таңдалған əдіс өндірістік жəне технологиялық үде- рістерге, есеп жəне калькуляция қағидаларына сəйкес келуі тиіс жəне көп еңбексыйымды емес жəне түсінуге қарапайым болуы тиіс. Үстеме шығындарды бөлу əдісі салалық нұсқаулармен ұсынылады, ал нұсқаулықтар жоқ жағдайда кəсіпорынның өнді- рістік жəне коммерциялық қызметінің экономикалық мəні мен ерекшеліктерін басшылыққа алу керек.
Шығындарды тарату мен қайта бөлу мақсаттары əрбір есеп- ке алу жүйе үшін əртүрлі болып келетінін ескеру керек. Қаржы- лық есепке алуда шығындарды бөлудің негізгі мақсаты пайданы жəне активтер құнын есептеу; салықтық есепте – пайдаға салынатын салық бойынша салық салынатын базаны есептеу; басқару есебінде – басқару шешімдері, мотивация, нормативтер- ді нақтылау үшін релеванттық ақпарат дайындау жəне т.б.
Шығындарды бөлудің нақты əдісін таңдау барысында екі негізгі критерийлерді ескеру қажет:

  1. себеп-салдарлы критерий, яғни нысан мен оған қарасты шығындар арасында айқын байланыс болуы тиіс (мысалы, кө- ліктік-дайындау шығындары бөлімшелер жəне калькуляциялау нысаны бойынша сол бағытта жөнелтілген материалдардың жоспарлы бағасына пропорционалды түрде бөлінеді);

  2. қызмет нəтижесі əділ əсер етуі бойынша (мысалы, бренд- ті жылжытумен байланысты шығында сату көлемі ірі өнімдер түрлеріне жатуы тиіс).

Отандық тəжірибесі бойынша шығындарды жанама жəне қайта бөлудің негізгі бағыттары келесілер:

  • жалпы өндірістік жəне жалпы шаруашылық шығындарды калькуляциялау нысандары бойынша бөлу;

  • жалпы шаруашылық шығындарды өнім шығындары мен кезең шығындары арасында бөлу;

  • көмекші өндіріс қызметтерін бөлу;

  • аяқталмаған өндіріс жəне дайын өнімнің өзіндік құны арасындағы шығындарды бөлу;

  • дайын өнімнің өзіндік құны мен сатылған өнімнің өзіндік құны арасында шығындарды бөлу;

  • кешендік өндірісте шығындарды бөлу;

  • жауапкершілік орталығы жəне шығындар орталығы бойынша шығындарды бақыланатын жəне бақыланбайтынға бөлу.

Басқарушылық есебі жүйесі бұрыннан бар жəне шығындар- ды дəстүрлі емес бөлу əдістемесі бар елдердің тəжірибесі өте қызық. Отандық тəжірибеде аналогы жоқ біркелкі секция əдісіне ерекше жəне толығырақ тоқтала кеткен жөн. Заманауи жанама шығындарды бөлу əдісі арқылы келесілерге қол жеткізуге бо- лады:

  • басқа əдістерге қарағанда калькуляциялаудың анық бо- луына қол жеткізу;

  • кəсіпорын қызметінің шарттарына байланысты жанама шығындарды бөлу базасының көп түрін пайдалануға;

  • басқарушылық есебі жүйесінде жауапкершілік орталығы қызметінің нəтижелерін талдау.

Біртекті секция – бұл тиісті өнімге тікелей жатқыза алмаған жағдайда шығындар алдын ала топтастырылатын бухгалтерлік есепте бөлінетін кəсіпорынның бөлімшесі.
Біртекті секциялардың келесі түрлері бар:

  • қаржыландыру, əкімшілік, еңбек қауіпсіздігі жəне т.б. функцияларына байланысты бөлінетін кəсіпорынның шартты бөлімшелері (секциялары);

  • кəсіпорынның құрылымдық бөлімшелері (секциялары): бөлімдері, цехтары, жауапкершілік орталығының (ЖО) бөлімі.

Біртекті секциялар келесі түрде бөлінеді:

  • негізгі – бұл секциялар бойынша шығындар тікелей анық- талуы мүмкін, өйткені мұнда қабылданған жұмыс бірлігінде са- тып алынған, өндірілген сатылған өнім көлемі;

  • қосымша – мұнда көліктік, энергетикалық, жөндеу, соны- мен қатар əкімшілік жəне қаржылық қызмет жатады: басқару аппараты, бухгалтерия, қаржы бөлімі.

Біртекті секция əдісі бойынша шығындарды бөлудің 3 саты- сын ажыратады:

  • өнімнің шығындарына тікелей шығындарды жатқызады;

  • шығындарға жанама шығындарды жатқызады;

  • жанама жəне негізгі секциялары арасында шығындардың бөлінуі.

Үшінші сатының ерекшелігі жанама секция шығындары тиісті бөлу базасы арқылы негізгілер арасында бөлінеді (уақыт, салмақ жəне т.б.).
Сонымен, біртекті секция əдісі бойынша өзіндік құнды, əр секция бойынша жұмыс бірлігін анықтау арқылы біртекті сек- циялар арасында жанама шығындарды алдын ала бөлуді жəне осы шығындарды өнімнің өзіндік құнына жұмыс бірлігінің тұ- тыну көлеміне тиісті қосуды қарастырады.
Біртекті секция əдісін қолданғанда кездесетін мəселелер:

  • жұмыстың үлкен көлемі, əсіресе нормативтік өзіндік құн- ды есептегенде жəне ауытқуларын есепке алуда;

  • кейбір кезде біртекті секциялардың жауапкершілік орта- лығымен сəйкес келмеуі;

  • біртекті секциялардың шарттылығы жəне жұмыс бірлікте- рін абсолютті дəл белгілеу мүмкінсіздігі;

  • жанама шығындарды бөлудің 30-ға дейін түрлі əдістерін қолдану, нəтижесінде өзіндік құнның əртүрлі деңгейі алынады.

Тəжірибеде біртекті секциялар əдісін қолдану жауапкерші- лік орталығы (ЖО) бойынша шығындарды есепке алу мен тал- дауға алып келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет