Шығындарды басқару өздігінен мақсат болып табылмайды, бірақ кəсіпорын белгілі экономикалық нəтижеге қол жеткізу үшін жұмыстың тиімділігін арттыруға өте қажет. Шығындарды басқару кəсіпорындағы өндірістік ресурстарды тиімді пайдала- нуға бағытталған басқарушылық циклдің барлық қызмет кеше- нін орындауды білдіреді.
Кез келген өндірістік, экономикалық, техникалық немесе с.с. басқа нəтижеге жету үшін қажетті деңгейде шығын жасалуы тиіс. Сондықтан шығындарды басқару функциялары өндіріске қарағанда бастапқы болып табылады.
Шығындарды басқару жүйесінің негізгі функциялары:
болжау жəне жоспарлау (бюджеттеу);
есеп;
бақылау (мониторинг);
ұйымдастыру;
координация жəне реттеу;
талдау.
Кəсіпорында бұл функциялардың өзара байланысы 1.1-cу-
ретте көрсетілген.
Жоспарлау кəсіпорынның белгілі бір кезеңде жетуі тиіс іс- əрекеттің сандық жəне сапалық көрсеткіштер түріндегі мақсат- тардың белгіленуі болып табылады.
Жоспардың ауқымына байланысты шығындарды жоспар- лаудың келесі түрлері ажыратылады:
оперативті (ағымдағы) – мерзімі бір жылға дейін;
тактикалық (орташа мерзімді) – мерзімі бір жылдан үш жылға дейін;
стратегиялық (ұзақ мерзімді) – мерзімі үш жылдан жоғары.
Бюджеттеу кəсіпорынның бір жылға дейінгі дайындалған сметалар мен бюджеттер негізінде шығындарды жоспарлау жə- не бақылау ерекше əдістемесі болып табылады.
Ұйымдастыру шығындарды тиімді басқарудың маңызды элементі болып табылады. Ол кəсіпкерлік құрылымда кім жəне қандай мерзімде, қандай ақпаратты жəне құжатты пайдалану арқылы шығындарды басқарудың қандай əдістерін пайдалана- тынын белгілейді. Шығындардың пайда болу орталықтары жəне жауапкешілік орталықтары (ЖО) құрылады. Шығындарды бас- қарумен байланысты менеджерлер мен мамандардың иерархия- лық құрылымы жасалады. Бұл сызба кəсіпорынның ұйымдасты- рушылық-өндірістік құрылымымен үйлесуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |