Құнанбаева Д.Ə


Өнімді өндіру жəне өткізу шығындарының негізгі белгілері бойынша жіктелуі



бет9/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69
шб кытап ()

Өнімді өндіру жəне өткізу шығындарының негізгі белгілері бойынша жіктелуі


Шаруашылық субъекті ретінде кəсіпорынның тиімді жұмыс атқаруы шығындарды басқарумен байланысты. Шығындарды басқару шығындардың экономикалық жіктемесіне негізделеді, бұл жіктеме объективті шығын түрлерін, олардың қалыптасу жəне жеке бөлімдерінің өзара қарым-қатынасын анықтауға, со- нымен қатар өндірістік үдерісті тиімді басқаруға мүмкіндік бе- реді.


Өнімді өндіру жəне өткізу шығындарының негізгі белгілері бойынша жіктелуі 2.1-кестеде көрсетілген.
2.1-кесте
Өнімді өндіру жəне өткізу шығындарының жіктелуі


Жіктеменің белгісі

Шығын түрі

Өндіріс үдерісінде атқаратын рөлі
бойынша

  • негізгі

  • үстеме

Өзіндік құнға кіру тəсілі бойынша

  • тікелей

  • жанама

Өнімді өндіру көлемінің өзгеруіне
байланысты

  • тұрақты

  • айнымалы

Шығындарды есепке алу жəне
топтастыру бойынша

  • қарапайым

  • күрделі

Өндірісте пайдалану мерзіміне
байланысты

  • күнделікті (ағымдағы)

  • бір реттік

Жоспарлау, есептеу жəне бөлу əдістеріне байланысты

  • экономикалық элементтері бойынша

  • калькуляциялық баптары

бойынша

2.1-кестеге сəйкес өнімді өндіру жəне өткізу шығындары ке- лесі негізгі белгілері бойынша жіктеледі:



  • өндіріс үдерісінде атқаратын рөлі бойынша негізгі жəне үстеме болып бөлінеді. Негізгі шығын тікелей шығарылатын өнімді қалыптастырады, оның физикалық негізін құрайды: ши- кізат, материал, жартылай фабрикаттар, жалақы т.б. жатады. Үс- теме шығындары өндіріс үдерісінде қызмет көрсетумен байла- нысты: жабдықтарды қолдану, цех жəне жалпы зауыт қызмет- керлеріне жəне т.б. жұмсалған шығындары;

  • өзіндік құнға кіру тəсілі бойынша тікелей жəне жанама бо- лып бөлінеді. Тікелей шығындарды өнімнің əрбір түрінің бірлігі өзіндік құнына тікелей жатқызуға болады: шикізат, негізгі мате- риалдар, технологиялық мақсатқа жіберілген энергия, машинис- тер жалақысы жəне т.б. Жанама шығындары, ең бірінші, арнайы белгілері бойынша біріктіріледі (мысалы, функционалдық белгі

  • жабдықты жұмыс күйінде ұстау жəне қолдану шығындары не- месе шығындарды іске асыру орны бойынша – цехтық шығын- дары жəне т.б.). Екіншіден, жанама шығындары таңдаған база- сына қарай өнімнің түрлеріне пропорционалды бөлінеді: база ретінде тікелей шығындары немесе негізгі өндірістік жұмыс- шылардың жалақысы болуы мүмкін;

    • өнімді шығару көлемінің өзгеруіне байланысты тұрақты жəне айнымалы болып бөлінеді. Тұрақты шығындары өнімнің өндірілген көлеміне қарамастан бірқалыпты қалады (амортиза- ция, жалға алу төлемі жəне т.б.). Айнымалы шығындар, керісін- ше өнім көлеміне байланысты көтеріледі немесе төмендейді (шикізат жəне негізгі материалдары, технологиялық мақсатқа жұмсалатын энергия, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек- ақысы жəне т.б.);

    • шығындарды есепке алу жəне топтастыру бойынша олар қарапайым жəне күрделі бөлып бөлінеді. Қарапайым шығын: шикізат, айлық, энергия шығындары жəне т.б. Күрделі шығын: цех шығындары, жалпы зауыттық шығындары;

    • өндірісте пайдалану мерзіміне байланысты күнделікті не- месе ағымдағы шығындар (шикізат пен материалдарға жұм- салған шығындары, еңбекақы төлемі, т.б.) жəне айына бір рет- тен жиі жүзеге асырылмайтын бір реттік шығындар (негізгі қор- ларды сатып алу немесе модернизациялау, жаңа өнімді шығару бойынша шығындары, т.б.);

    • жоспарлау, есептеу жəне бөлу əдістеріне байланысты шы- ғындар экономикалық элементтері бойынша жəне жүзеге асыру орнына сəйкес калькуляциялық баптары бойынша топтасты- рылады. Экономикалық элементтері бойынша шығындарды топ- тастыру шығындар сметасы деп аталады. Мысалы, еңбекақы тө- лемдері сметада «барлық қызметкерлердің негізгі жəне қо- сымша еңбекақысы» деп аталатын болса, калькуляциялық бапта

«өндірістік жұмысшылардың негізгі жəне қосымша еңбекақы- сы» деп көрсетіледі (толығырақ келесі бөлімдерде).
Шығындардың соңғы жіктелуі теориялық жəне тəжірибелік маңыздылыққа ие, өйткені оның шарттарына сəйкес кəсіпорын- ның экономикалық қызметі ұйымдастырылады. Сондықтан бұл өнімді өндіру мен өткізу шығындарының жіктелуіне толығырақ жеке тоқталу қажет.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет