Құнанбаева Д.Ə



бет3/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
шб кытап ()

КІРІСПЕ


Заманауи жағдайында кəсіпорынның тиімді қызметін қамта- масыз ету үшін өндірістің шығындары мен нəтижелерін салыс- тыру қажет. Максималды пайданы көздеу кəсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады. Осы басты мақсатқа кəсіпорынның басқа мақсаттары тəуелді, өйткені пайда басқа көрсеткіштердің одан əрі өсуі үшін негіз болып табылады.
Жалпылай түрде өндірістің экономикалық нəтижесі өнімнің (немесе қызмет көрсетудің) жəне оны өндіру мен өткізу шығын- дарының айырымымен анықталады. Сондықтан кəсіпорында шығындарды талдау мен басқару маңызды рөл атқарады.
Кəсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі шығындар- ды басқару мүмкіндігімен анықталатыны жалпыға танымды.
Шығындарды басқару – олардың қалыптасуының барлық негізгі аспектілері бойынша басқару шешімді құру мен қабыл- дау үдерісі. Кəсіпорында шығындарды басқарудың негізгі мақ- саты операциялық қызметтің жоғары өсу қарқынын жəне жос- парланған пайда көлеміне жетуді қамтамасыз ететін шығындар- дың сомасы мен деңгейін оңтайландыру болып табылады.
Шығындарды басқару мəніне қарай оның функцияларына болжау жəне жоспарлау (бюджеттеу), есеп, бақылау (мониторинг), ұйымдастыру, координация жəне реттеу, талдау кіреді. Осы функ- циялардың барлығы басқару қызметінің циклінде біріккен.
Шығындарды басқару шығындардың экономикалық жікте- месіне негізделеді, бұл жіктеме объективті шығын түрлерін, олардың қалыптасу жəне жеке бөлімдерінің өзара қарым-қаты- насын анықтауға, сонымен қатар өндірістік процесті тиімді бас- қаруға мүмкіндік береді.
Кəсіпорында шығындарды басқару негізі оларды жоспарлау болып табылады. Жоспарланатын мерзімде өндірістік қызмет, əрбір өнім, жауапкершілік орталығы бойынша кəсіпорынның шығындарының құрамын жəне олардың экономикалық негіздел- ген сомасын анықтау шығындарды жоспарлаудың басты мақса-
ты. Жоспарлаудың негізі бюджеттеу болғандықтан, бюджетті құру ерекшелігіне басты назар аудару керек.
Кəсіпорынның шығындарына өнімнің өмірлік циклінің құ- рылымы мен ұзақтығы əсер етеді. Мысалы, ҒЗТКЖ көлемін қысқарту немесе жою, жаңадан жасалып жатқан өнім өзінің са- пасы мен эксплуатациялық параметрлері бойынша бəсекелес үл- гілерден төмен болуына əкеледі. Өнімнің өндірістік дайындығы- ның бір түрінен бас тарту өнімді өндірудің қымбаттауына алып келеді. Уақыт жəне шығын параметрлері арасындағы байланыс бір мағыналы емес. Егер кейбір жағдайда циклді созу жалпы шығындардың өсуіне алып келетін болса, басқа жағдайларда, мысалы, өнімнің ҒЗТКЖ мұқият жүргізу өнімді өндіру мен экс- плуатациялау сатыларында едəуір үнемге жəне өмірлік циклдің жалпы шығындарының төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Нарықтық экономикада кəсіпорынның маркетингтік қызметі оның аса маңызды функционалдық қызметі болып табылады жə- не оны жүргізу шығындары кəсіпорынның сəтті қызмет етуі мен дамуының негізі болып табылады. Маркетинг қызметі – қолдан- балы ғылыми зерттеулері мен жобалық жасалымдардан бастап өнімді өткізу жəне сатудан кейінгі сервиске дейін – басты мақ- сатқа бағынулы: өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің тұтыну- шыларының үнемі даму үстінде болатын қажеттіліктерін анық- тау жəне қанағаттандыру. Осыған байланысты маркетинг қыз- меті кəсіпорынның барлық қызметіне əсер етеді жəне оның шы- ғындарына алып келеді.
Шығындарды басқару үдерісі кəсіпорынның қызметін тиім- ді жүргізуге қажет шығындар туралы ақпаратпен барлық дең- гейдегі менеджерлерді қамтамасыз етуді көздейді. Сондықтан кəсіпорынның ақпараттық жүйесінде шығындарды есепке алу жүйесі елеулі орын алады.
Кəсіпорындардың жұмыс тəжірибесі нақты өзіндік құнды дұрыс бағалаусыз өндіріс тиімділігін оңтайлы басқаруға мүмкін емес екенін көрсетеді. Сондықтан басқару шешімдерін қабылдау өнімді өндіруге жəне оны өткізуге кеткен шығындарды эконо- микалық талдау арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге шығындар- ды бақылау функциясы арқылы дер кезінде ауытқуларды анықтау шығындардың негізсіз өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.
Сонымен, шығындарды басқару – кəсіпорынның жоғары экономикалық нəтижеге жету құралы. Ол тек қана шығындарды төмендету емес, сонымен қатар оларды басқарудың барлық эле- менттеріне қатысты. «Шығындарды басқару» курсы кəсіпорын- да шығындарды басқару үдерісі тиімді болуы үшін шығындарды төмендету мақсатында тек қана не істеу керек екенін емес, со- нымен қатар қандай əдіс қолдану керек екенін зерттеуге бағыт- талған.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет