Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінің пайдалылық деңгейіне талдау


«Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің қызметінің нәтижелеріне талдау



бет2/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#141548
1   2   3   4   5

2 «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің қызметінің нәтижелеріне талдау

2.1 «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау
«Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК қызметін Мичурин атындағы ұжымшарының мүшелерінің инициативасы негізінде олардың пайларын біріктіру нәтижесінде құрылған.Кооператив заңды тұлға болып табылады және өз қызметін жарғы және 05.10.1995ж.Өндірістік кооперативтер туралы заң күші бар ҚРпрезидентінің жарлығы азаматтық кодекс негізінде жүргізеді.

Кооперативтің қызмет етуінің мақсаты өндірістің табыс табу және оны даму үшін,кооперативтің әлеуметтік мәселелерін шешу үшін оның мүшелерін ің иелігіне негізінде пайдалану.

Кооперативтің қызметі:

- ауылшаруашылық өнімдерінің және т.б. өнім өндіру;

- кәсіпорындар,ұйымдар мен азаматтарға қызмет көрсету;

- өз бетінше сыртқы экономикалық қызмет көрсету;

-ҚР заңында рұқсат етілген коммерциялық,делдалдық және т.б. қызметтер жүргізу.

Кооператив мүшелері:

- құрылу негізінен жұмыс істеп кележатқан Мичурин атындағы ұжымшардың барлық тұрақты мүшелері;

- шаруашылықта алдында жұмыс істеген зейнеткерлер;

-ұжымшардағы уақытша кеткен(әскерге қызмет ету,оқуға кету)мүшелері.

Мұліктік жарналары келесі түрде болуы мүмкін:

- ақшалай;

- бағалы қағаздар түрінде;

- мұліктік құқықтар,соның ішінде жерді пайдалану.

Кооператив мүшелерінің құқықтары:

- кооператив жұмысын басқаруға қатысу;

-кооперативтің басқару органдарына сайлауғақатысуға,кәсіпорын қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар беруіне және кемшіліктерді жою бойынша өз пікірлерін айтуға;

- кооператив қызметі жөнінде толық ақпарат алуға;

- таза табыстың бөлінуіне қатысуға,өз ұлесін алуға;

- кооперативтегі өз еңбегі үшін еңбекақы алуға,жеңілдіктерді пайдалануға;

-демалуға;

- әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік сақтандыруға;

- кооперативтен белгіленген тәртіпте шығуына құқылы.

Кооператив мүшелерінің міндеттері:

- кооперативтің құрылтайшы құжаттарында қарастырылған талаптарды сақтауға;

- кооперативтің сайланған басқару органдарының жалпы жиналысынын,шешімін орындау;

- кооператив қызметіндегі еңбекке жеке қатысуды жүзеге асыру;

- өндірістік және еңбек тәртібін сақтауға міндетті.

2. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК -ның қызметін басқару

Кооперативті басқару органдыру болып табылады.:

-өндірістік кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы,немесе өкіметті тұлғалардың жиналасы;

- ревизиялық комиссия;

- бақылау кеңесі.

Кооперативтің атқарушы органы болып басқарма табылады.

Қаржылық кызметті бақылауды жүзеге асыру үшін кооперативтің мүшелеренің 5 адамнан құралған 5 жылға арналған Ревизиялық комиссия құрылған.

Кооперативтің мүшелерінің құрылу көздері болып келесілер табылады:

- кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары;

- оның қның қызметінен алынған табыстар;

- заңмен рұқсат етілген басқа да табыс көздері.

Кооперативтің жарғылық капиталдың мөлшері (арнайы қорлар есебінен)111918м.тг. құрайды.

Резервтік қор 5% мөлшерінде -3300м.тг. құрылған және таза табыстан жыл сайынғы аударымдар 10%мөлшерінде.

Резервтік қор өндірістік-шаруашылық қызметінен болатын зиянның орнын толтыруға бағытталады .
3 кесте - «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК -ның техника–экономикалық көрсеткіштері



Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі


Жылдары

Ауытқулар

2004

2005

+/-

%

1

Өндірілген өнім көлемі

мың. тг.

65082

57296

-7786

-11,9

2

Өнімді өткізуден түскен түсім

мың. тг.

544463

49444

-5019

-9,2

3

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың. тг.

52243

46480

-5763

-11,0

4

Жиынтық табыс

мыңтг.

2220

2964

744

33,5

5

Кезең шығындары

м. тг.

1480

2154

674

45,5

6

Таза табыс

м. тг.

666

729

63

9,5

7

Өндіріс пайдалылығы

%

1,02

1,27

0,25

24,7

8

Жұмысшылардың еңбек өнімділігі

%

193,69

171,54

-22,15

-11,43

9

Жұмысшылырдың саны

адам

336

334

-2

-0,5

10

Өндірістегі негізгі құралдардың орт. жылдық құны

тг

97,75

78,25

-19,5

19,9

11

Еңбекақы қоры жұмыс істеген




17266

17653

387

2,24

12

Адам -күн саны



74928

72344

-2584

-3,45

Ескертпе – «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің мәліметтері негізінде талданған.
Өнімді өткізуден өткізуден түскен түсім: әрине өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болады және ол кәсіпорын үшін өте мағызды. Бұл өнімді өткізу жұмсының эффектісі оның цехтерінен, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде байқалады, яғни өнімді өткізіуден түскен табыс 2003 жылға қарағанда, 2004 жылы 42444 теңге болып,5019–теңгеге кеміді немесе 9,2%.

Өткізілген өнімнің өзіндік құны. Бұл кәсіпорын жұмысшының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысы, өндіріс жұмысының кеңдігі, шаруашылық субъектілерінің қаржылық денгейін көруге болады. Жалпы алғанда өнімнің өзіндік құны 2003 жылы, 2004 жылға қарағанда 5763 тгеңгеге кеміді немесе 11% деп айтсақ болады.

Жиынтық табыс. Жиынтық табыстың соммасы 2003 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 744 теңгеге өсті яғни 33,5 %.

Кезең шығындары. Бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және мұны 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 674 теңгеге өсті немесе 45,5 пайызды құрады.

Таза табыс. Бұл көрсеткішті есептеу үшін: таза табыс соммасына, жиынтық табыс, салық, табыс салығы кіреді. Осы 2004 жылы таза табыс -9,5 пайызға өскен немесе -63м, теңге деп айтсақ болады.

Өндіріс пайдалылығы. Осы көрсеткіш кәсіпорын өндірісіннің эффектілігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 тенгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс пайдалылығы 24,7 пайызға өскен.

Жұмысшылардың еңбек өнімділігі. Өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2004 жылы -22,15 тенгеге кеміген.

Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты, машаналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке – жеке (2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 78,25м, тенгені құрап, 19,5 тенгеге қысқарды.

Кәсіпорынның кадрлық саясаты.

Кәсіпорында 2002 ж. барлық қызметкерлердің тізімдік саны 336 адам, оның ішінде 125-і әйелдер. Қызметкерлердің нақты саны 248 адам, соның ішінде әйелдер – 125 адам, 2003 ж. барлық қызметкерлердің тізімдік саны 336 адам, оның ішінде 125-і әйелдер, нақты саны 205 адам, соның ішінде 98-і әйелдер, яғни 2003 ж. 43 адамға, соның ішінде әйелдер 27 адамға қысқарған. (2 - кесте)

Қызметкерлердің жалақы қоры 2002 ж. барлығы 16624 мың тенге, соның ішінде әйелдердікі-6577 мың тг., ал 2003 ж. 17746 мың тг., соның ішінде әйелдердікі -7539 мың тг., орташа айлық жалақы 2002 ж. балығы 5586 тг., соның ішінде әйелдердікі -4384 тг., 2003 ж. 7213 тг, с.і. әйелдердікі-6410 тг., яғни 2003 ж. 1627 тг-ге, ал әйелдердікі – 2026 тг-ге өскен. (3-кесте)

Кәсіпорында білісксіз жұмысшылар саны 2002 ж. 143 , с.і. әйелдер бойынша 106 адам, ал 2003 ж. барлығы 111 адам, соның ішінде әйелдер – 80 адам, яғни 2003 ж. барлығы 37 адамға азайса, әйелдер – 26 адамға қысқарған.

Барлық деңгейдегі басшылардың нақты саны 2002 ж. 16 адам болса, 2003 ж. 18 адам, яғни 2 адамға өскен. Олардың жалақы қоры 2002 ж. -1716 мың тенге болса, 2003 ж. – 2476 мың тенге, яғни 760 мың тенгеге артқан.

Жалпы өндірістік кооперативте жұмысшыларды саны 2002 ж. 205 адам болса, 2003 ж. – 160 адам болған, ал қызметшілер 2002 ж. – 43 адам болса, 2003 ж. – 45 адам болған.

«Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК -ның 2003-2004 жж.бухгалтерлік балансын, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есебін және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің мәліметтерін (қосымша 1-6) негізге ала отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргіземіз .

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың тиімді таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды .

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың тоқтатылуына талдау жасау үшін келесі 4-аналитикалық кестені құрамыз.

4-кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы -11394 теңгеге немесе 12 %-ке кемігенін көруге болады. Бұл «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК мемлекеттік коммуналды кәсіпорнының әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

«Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК -да өндірістік потенциал құны 2003 жыл басында 87894 мың теңгені, 2004 жыл соңында - 72861 мың теңгені құрады, яғни 15033 мың теңгеге немесе 17,1 %-ға өсті. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі 2003 жылы 5,3 пунктке кемігенімен 2004 жылы 50,13 % құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.

Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенттері. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

4 кесте - 2003-2004 ж «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК баланс активтерінің құрамы мен құрылуы




Көрсеткіштер



2003ж.

2004ж.

Жыл бойындағы өзгеріс (+;-)

Құрылымы

ның өзге-руі



Сома-сы, мың.

тг


Үлес сал-

мағы,%


Сома-сы, мың.

тг


Үлес сал-

мағы,%


Мың тг

(3б/

1б х


100)

(4б-2б)

А

Б.

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

1

Активтер құны, барлығы соның ішінде

94599

100

83205

100

-11394

-12,0

х




1.1. Ұзақ мерзімді активтер:

70082

74,1

55872

67,1

-14210

-20,3

-6,95




а) негізгі құралдар

67740

96,7

52530

94,0

-15210

-22,5

-2,7




ә) қаржылық салымдар

1718

2,5

2718

4,9

+1000

+58,2

+2,4




б) аяқталмаған өндіріс

624

0,89

624

1,12

-

-

+0,23




1.2. Ағымдағы активтер:

24517

25,9

27333

32,9

+2816

+11,5

+7,0




а)Тауарлы-материалдық қорлар

16960

69,2

17535

64,2

+575

+3,4

-5




ә)тауарлар

3104

13,0

2796

10,2

-398

-12,5

-2,8

2

Кәсіпорын-ның өндірістік потенциалы-ның құны

87894

92,9

72861

87,6

-15033

-17,1

-5,3


Ескертпе – «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің мәліметтері негізінде талданған.
Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш - бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коффициенті.

Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді.

Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып табылады.

Сапа дегеніміз - бұл осы қарызды толығымен қайтарып алу ықтималдығы, ол қарыздың қалыптасу мерзіміне байланысты болады. Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.

Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау. Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары , яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш әр түрлі атпен берілуі мүмкін,(тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті) бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады .

5 кесте - «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК 2003– 2004жж. жағдайы негізінде авансталған капиталының құрамы мен құрылымы






Көрсеткіштер

2003ж.

2004ж.

Жыл бойындағы өзгеріс (+;-)

Құрылымының өзге-руі

(4б-2б)


Сома-сы, мың.

Тг


Үлес сал-

мағы,%


Сома-сы, мың.

Тг


Үлес сал-

мағы,%


Мың тг

(3б-1б)


%

(5б/1б


х100)

А

Б.

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

1

Авансталған капитал, соның ішінде

94599

100

83205

100

-11394

-12,0

х




1.1.Меншіктік капитал

75727

80,05

66618

80,06

-9109

-12,0

+0,01




1.2.Қарыздық капитал, соның ішінде

18872

19,9

16587

19,9

-2285

-12,1

-

2

Тәуелсіздік коэффициенті (1.1. жол :1 жол)


х

0,80

х

0,80

х

х

-

3

Қаржыланды

ру коэффициенті (1 :1.2.жол)



х

4,01

х

4,02

х

х

+0,01

4

Қатыстырыл.

капиталдың меншіктік капиталға қа

тынас коэф-і


х

0,249

х

0,249

х

х

-


Ескертпе – «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің мәліметтері негізінде талданған.
Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

Ктс = Мкк ( 19)

мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;

Мк- меншікті капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екенін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеуді келесідей кесте- түрінде көрсетуге болады.

5-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 11394 мың теңгеге немесе 12 %- кемігені көрініп тұр. Бұл кему 2004 ж. 83205 мың теңге болған, яғни 2003жылдағы мөлшермен салыстырғанда 1,2 есе өскен, қатыстырылған капиталдың өсуінен болған бұл кезеңде тәуелсіздік коэффициенті 0,48-ден -0,89-ға дейін немесе -1,37 пунктке төмендеген. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) төмендегенін дәлелдемейді.

Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынғанкапиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формуламен аныталады:

Кт = Қк : Ак немесе Кт = 1 - Кт.с. (20)

мұндағы: Кт - тәуелділік коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);

Кт.с - тәуелсіздік коэффициенті.

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды.

Бұл көрсеткіш біршама өскенімен, талданып отырған кезде кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды. Жылдың басында және аяғында тәуелсіздік коэффициенті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары.

Кәсіпорындағы тауарлы-материалдық қорлардың оларды қалыптастыру көздерімен қамтамасыз етілуі келесі кестеде көрсетілген.

6 кесте - Тауарлы-материалдық қорлардың оларды қалыптастырудың қалыпты көздерімен қамтамасыз етілуі 2002 ж. басы мен соңындағы жағдай бойынша «Қ.Әбдіғұлов» ат-ғы ӨК (артықшылығы (+); жетіспеушілік (-))





Көрсеткіштер

Символдары

2003 жыл

2004 жыл

жыл бойғы өзгерістер

(+;-)


1.

Меншікті капитал

Мк

75727

66618

-9109

2.

Ұзақ мерзімді активтер

Ұза

70082

55872

-14210

3.

Меншікті айналым капиталының бар болуы (1жол-2жол)

Ма.к.

5655

10746

+5091

4.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

Ұз м

9251

7751

-1500

5.

Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің бар болуы (3 жол + 4 жол)

Мак/ұз

14906

18497

+6591

6.

Қысқа мерзімді несеиелер мен қарыздар

Қн

-

-

-

7.

Тауарлы - материалдық қорлардың қалыпты (негізгі) қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері (5жол+6 жол)

НК

14906

18497

+3591

8.

Тауарлы-материалдық қорлар

Қ

20154

20331

+177

9.

Өзіндік айналым капиталының артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (3жол-8жол)

Мак

-14499

-9585

-24084

10

Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (5 жол - 8 жол)

Мак/ұз

-5248

-1834

-7082

11

Тауарлы-материалдық қорлардың қалыпты негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (7 жол-8 жол)

НК

-5248

-1834

-7082


Ескертпе – «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің мәліметтері негізінде талданған.
Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша 4 типке бөлуге мүмкіндік береді:

  1. қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы (ҚШ< Мак > ҚШ);

  2. қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы (Мак < ҚШ < НК);

  3. тұрақсыз қаржылық жағдайы (ҚШ >НК немесе НК<ҚШ);

  4. дағдарысты (қауіпті қаржылық) жағдайы .





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет