Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінің пайдалылық деңгейіне талдау


Жер қорын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары



бет5/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#141548
1   2   3   4   5

3.3 Жер қорын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары
Нарықтық экономика жағдайында жер негізгі капитал болып табылады., өйткені жер өндірілген өніммен және өндірістік ресурстармен қатар тауарлы ақшалай қатынастарға, нарықтық айналымға тартылады.

Жер – құнарлылығы жоғары болса, соғұрлым ауылшаруашылығы дақылдарының түсімі жоғары болады. Құнарлылық түрлері – табиғи, жасанды, экономикалық.

Табиғи құнарлылық – жердің табиғи қасиеті, ұзақ уақыттағы топырақ түзілу үдерісінің нәтижесі, ол топырақты қоректік заттың болуымен, олардың сіңімділігімен анықталады.

Жасанды құнарлылық – егін шаруашылығы мәдениетін жақсарту жолымен, қосымша қаржы жұмсаумен Адам еңбегінің нәтижесі.

Экономикалық (тиімді) құнарлылығы адам еңбегінің әсерімен жасалған табиғи және жасанды құнарлылықтың тұтастығын көрсетеді. Ол елдегі ҒТП, ҒТР қол жеткен деңгейіне байланысты.

Өндірісті интенсивтендірудің және топырақтың құнарлылығын арттырудың аса маңызды бағыты минералдарды және органикалық тыңайтқыштарды кеңінен қолдану болып табылады.

Қазіргі кезде топырақтан кететін қоректік заттарды тыңайтқыш енгізу арқылы орнын толтырудың интенсивті 30%-дан аспайды, ал тыңайтқышты ғылыми негізделген норма бойынша енгізген кезде бұл көрсеткіш 75-80 %-ға жетуі тиіс.

Республикада топыраққа минералды тыңайтқыште енгізудің жылдан жылға төмендеуі тікелей шаруашылықтарда оны сатып алатын ақша қаражатының жоқ болуы себебінен болып отыр. Тікелей шаруашылықтарда минералды тыңайтқыштарды және химиялық құралдардың басқа да түрлерін сатып алуға инвестициялық қаражат көздерін қалыптастыру агросектордың дамуының ең өткір мәселесі болып табылады.



ҚОРЫТЫНДЫ
Кәсіпорынның қаржылық нәтижесі меншік капиталының сомасының өсуімен сипатталады; ең алдымен негізгі қалыптасу көзі ретінде негізгі, инвестициялық қаржылық, төтенше жағдайдан болатын пайда табылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорынға қарағанда ауылшаруашылық кәсіпорыны алынған өнімнің барлығын өткізбейді. Оның бір бөлігі (тұқым, фураж, өңдеуге арналған шикізат) өндірілген мақсаттарда қолданылады.

Меншікті өндірістегі өнімдерді тиімді пайдалануға бір жағынан, өсімдік және малшаруашылығы саласының кеңеюуіне, 2-ші жағынан өндірістің тауарлығының өсуі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығы байланысты.

Кәсіпорынның пайдалылығы кәсіпорын жұмысының тиімділігін, әртүрлі бағыттағы қызметтің табыстылығын көрсетеді.

Өнімді өндіру көлеміне сондай-ақ оның өзіндік құны, пайда сомасы, пайдалылық деңгейі, кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның төлемділігі және басқа да экономикалық көрсеткіштер байланысты. Сондықтан кәсіпорын қызметінің нәтижелерін талдауда ең алдымен ауылшаруашылық өнімін өндіру көлемін зерттеуден бастау қажет.

2004 ж. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің астық өнімдерін өткізу көлемі сәйкесінше 6810 центнерге (30362-23552), сәйкесінше өнімді өткізуден түскен түсім 3109 мың тенге кеміген. Нәтижесінде жалпы табыс 9867,5 мың тенгеге азайған.

Өндірістік кооперативтің 2004 ж. мал шаруашылығы өнімдерін өткізу көлемі 2053 ц-ге кеміген, яғни ірі қара және ұсақ мал есепті жылы өткізілмеген. 2004 ж. өткізілген өнімнен түскен түсім де сәйкесінше, 4779 мың тенгеге, жалпы табыс 5019 мың тенгеге төмендеген.

2003-2004 жж. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК өндірілген көлемінен өткізілген астық өнімдерінің көлемі аз. 2004 ж. өнім өндіру 58739 ц-ге, ал өткізілген өнім көлемі 7573 ц-ге азайған.

Кәсіпорынның таза табысы 2003 жылы 666 м. тг-ні құраса, 2004 жылы 729 м.тг, яғни 63 м.тг, немесе 9,5 %-ға артқан. Өнімнің өзіндік құнының төмендеуінен, осыған сәйкес жалпы осыған сәйкес жалпы табыстың табыстың 2003 жылмен салыстырғанда 8850 м. тг болуымен түсіндіріледі. Бұл кезең шығындарының, яғни жалпы және әкімшілік шығындарының, өткізу бойынша шығындардың сәйкесінше өткен жылғымен салыстырғанда артқы есебінен болып отыр.

Будан кәсіпорынның қаржылық жағдайының жақсаруын, қаржының тұрақтылығын көруге болады.

Өндірістік кооперативтің табысының өзгерісіне ең қолайлы әсерін тигізген фактор кәсіпорынның шығындары көлемінің өзгерісі (1766 мың тг) және өімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер есебінен өнімнің өзіндік құнының өзгерісі (1805 мың тенге) қолайлы әсерін тигізген.

Өндірістік қызметтің табыстылық (рентабельділік) деңгейі немесе шығындардың орнын толтыру деңгейі жалпы кәсіпорын бойынша 3 бірінші ретті негізгі факторларға байланысты: өткізілген өнімнің құрылымдық өзгерісіне оның өзіндік құны мен өнімді өткізудің орташа бағасының өзгерісі.

«Қ. Әбдіғұлов» атындағы ӨК-ның 2004-2005 ж.ж. пайдалылық деңгейін талдау нәтижесін қорытындылай келсек, кәсіпорын мүлкінің пайдалылығы (пайдалылығы) 2004 ж. 9,19% болса, 2005 ж. 6,12 %, яғни 2005 жылы 3,07 %-ға кеміген; меншік құралдарының пайдалылығы 2004 ж. 2249,7 %-ды құраса, 2005 ж. меншік құрамының шығындылығы 2405,2 %-ды құраған. 2005 жылы кәсіпорынның меншік капиталы -422,8 м.тг-ге кері көрсеткішіне ие. Бұл жылы қарыз капиталы есебінен активтеріне (мүліктерін) қаржыландырып отырғанын байқаймыз. 2004 жылы таза табыс мөлшері 2,3 % болса, 2005 жылы зиян мөлшері 1,3 %-ды құраған. Ал, өндірістің пайдалылығы, яғни өнімді өндіру және оны өткізуге кеткен шығындардың орнын толтыру (жабу) деңгейі бойынша таза табыспен есептегенде 2004 жылы 2,59 % немесе жалпы табыс бойынша 141,0 % болса, 2005 жылы өндірістің зияндылығы 1,4 %, ал өндірістің пайдалылығы жалпы табыс бойынша есептегенде 79,4 %-ды құраған.

Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіші өнімді өткізуден түскен табыс сомасы болып табылады. Ол ауыл шаруашылық өнімін сатудан түскен түсім мөлшері мен өнімді өндіру және оны өткізумен байланысты шығындарға байланысты. Кәсіпорын табысына өнімнің бағасы мен тауарлы өнімнің көлемі әсерін тигізеді. Өз алдына нақты ауыл шарушылық өнімінің сатылу бағасы сұраныс пен ұсынысқа, көбінесе өнімді өткізу жолдары мен каналдарына тәуелді болып келеді. Өнімді өткізуден түсетін түсім көлемінің артуына әсер ететін аса маңызды фактор - бұл өнім сапасының артуы. Нарыққа шығарылған өнімнің сапасына оның саны байланысты, себебі стандартқа сай келмейтін және сапасыз өнім өте төмен бағамен өткізіледі және жалпы сатылған өнім көлемінен алынып тасталады. Әсіресе астық сапасына, қант қызылшасы, көкөніс, сүт және басқа ауыл шаруашылық өнімінің сапсына көп көңіл бөлінеді. Мысалы, астық құрамындағы белоктың төмендігі, қант қызылшасындағы қанттылықтың, томатта құрғақ заттарының төмендігі өнімді өткізу бағасының төмендеуіне және жалпы шаруашылықтағы жоғалуларға әкеп соқтырады.

Өндіріс көлемін арттыру, өнімнің сапасын жақсарту және шығындарды азайту жол – көлік шаруашылығының дамуы, өндіріске өнімді қораптаудың жаңа формаларымен әдістерін енгізу, өндірістің барлық қорларын үнемді жұмсау есебінен жетуге болады.

Өндірістік кооперативтік негізгі қорлар құрамы бойынша негізгі қызмет бойынша негізгі қорлар 2003 ж. 59610 м.тг., ал 2004 ж. бойынша 57119 м.тг., яғни сомасы 2491 м.тг-ге кеміген, негізгі емес қызмет бойынша негізгі қорлар 2003 ж. 7605 м.тг. болса, 2004 ж. 7425 м.тг., яғни 180 м.тг. сомасында кеміген. Барлық негізгі қорлар 2003 ж. 67215 м.тг., ал 2004 ж. 64544 м.тг., яғни 2671 м.тг., немесе 3,97%-ға кеміген. Негізгі қор құрылымы бойынша, негізгі қызмет түрі бойынша машиналар мен құрамдардың үлес салмағы басым, 2003 ж. 34,3 %, 2004 ж. – 35,5 %.

Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі олардың техникалық жағдайына, жаңару дәрежесі мен тозуына байланысты болады. Тозудың жоғары дәрежесі, нашар техникалық жағдай қор қайтарымының төмендеуіне әкеледі. Керісінше, негізгі қор өз уақытылы жаңарту (жаңасын сатып алу, құру, ескісін қайта құрастыру және жөндеу жолымен) оларды өнімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Негізгі қор пайдалануды жақсартуға жерді өңдеу және мал шаруашылығында еңбекті тиімді ұйымдастыру; жұмысшылардың қор қайтарымды арттыруға материалды және моральды ынталандыру мүмкіншілігін береді. Сондықтан негізгі қор тиімділік және қарқындылық деңгейі жер, еңбек, материалды, қаржылық ресурстарды пайдаланумен тығыз байланысты және осы факторлардың тиімді үйлестіруінде оң нәтижеге жетуге болады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ


  1. Стратегия индустриально-инновационного развития Казахстана на 2003 – 2015 годы. – Астана, 2003 г.

  2. Сергеев М.В. Экономика предприятия – 2- издание переработана и дополнена М.: 2000г.

  3. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 4-е изд., перераб. и доп. – Минск: ООО «Новое знание»,2002. –688с.

  4. Қазақстан ауыл, орман, балық шаруашылығы ҚР статистика жөніндегі агенттігі, Алматы қ., 2004 ж.

  5. Ауыл (село) дамуының мониторингі. Тоқсан сайынғы статистикалық анықтамалық. 2005 ж. қаңтар-желтоқсан / Под ред. Ю.Шоқаманов.-А. (б.и.), 2006 ж.

  6. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің жарғысы

  7. Аудит и анализ финансовой отчетности, под редакцией Дюсембаева К.Ш., А. 1999г.

  8. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің қаржылық есеп формалары

  9. Контроль качества продукции: Учебное пособие. – М.: Издательство стандартов, 2001г.

  10. Управление издержками организации. / учебник под ред. Кибанова А.Я. М.: «Инфра-М», 1997г.

  11. Издержки промышленной продукции по двум категориям качества: Методические документы. – М. Издательства стандартов, 2001г.

  12. Котляров С.А. Управление затратами. – СПб: Питер, 2001г.

  13. Экономика предприятия // под. ред. проф. Сафронова – М.: Юрист, 2002г.

  14. Менеджмент организации. //учеб. пособие под. ред. Румянцевой З.П., Саломатина А.Н., М.: 1999г.

  15. Друри К. Ведение в управленческий и производственный учет // пер. с англ. – М.: аудит, Юнити, 1998г.

  16. Сергеев М.В. Экономика предприятия – 2- издание переработана и дополнена М.: 2000г.

  17. Алдағы шығыстар мен төлемдерге арналған резервтерді есептеу – Тояпаков Ж.С. - Бухгалтер бюллетені, 1998ж. №50


Қ О С Ы М Ш А Л А Р






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет