Нақты өнімдерді таңбалау. Негізгі ережелер мен талаптар


Нақты өнімдерді таңбалау. Негізгі ережелер мен талаптар



бет8/13
Дата03.01.2022
өлшемі0.62 Mb.
#451995
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Зейнолла

5 Нақты өнімдерді таңбалау. Негізгі ережелер мен талаптар

Таңбалау – тұтынушыға арналған ақпаратты жеткізетін және өнімге, құжаттарға, жаднамаларға (қосымша парақтарға), затбелгілерге, зат таңбаларға, орауышқа (ыдысқа) түсірілген мәтін, тауарлық белгілер, шарттық белгі және суреттер.

Тауарлық белгі – заңнамаға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшімен тіркеусіз қорғалатын, бірыңғай заңды немесе жеке тұлғалардың өнімін басқа заңды немесе жеке тұлғалардың бір текті өнімінен ажырату үшін қызмет атқаратын белгі. Тауар белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады. Тіркелген тауар белгісіне куәлік беріледі. Тауар белгісі ретінде сөз, бейне, көлем және басқа таңбалар немесе олардың құрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын; ресми бақылау таңбаларын, кепілдікті және сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа да айырым белгілерін білдіретін таңбалар тауар белгісі ретінде тіркеуге алынбайды. Дегенмен, осы құзырлы органдардың немесе иелерінің келісімі болса, олардың тауар белгісіне қорғалмайтын нышандар ретінде енгізілуі мүмкін.

Тауар белгісі заңмен қорғалады және оны тауар үшін тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге Тауар белгісінің иесі тауар белгісін пайдалану құқығын лиценз. келісім бойынша басқа тұлғаға беруі мүмкін. Тауар белгісімен қатар белгілі бір фирманың бір тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ-белгі түріндегі сауда таңбасы мен шығарылатын өнімге емес, шығарушы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады. Заң жүзінде қорғалған тауар белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған латынша

R әрпімен – таңбаланады. Тауар таңбасын иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айрықша құқығы болады.

1 сурет. «Hill Cor­poration» ЖШС тауарлық белгісі


Тауар белгісі фирмалық тауарларға‚ орамаларға‚ сызбаларға‚ анықтамалықтарға‚ шоттарға‚ бланкілерге‚ затбелгілерге және тауарлармен‚ жұмыстармен‚ қызметтермен қоса жүретін басқа да құжаттамаларға соғылады. Тауар белгісі зияткерлік белгілерге жатады және негізгі құрал-жабдықты ақыға сатып алған жағдайда айналымнан тыс активтердің құрамында есептеледі. Егер тауар белгісін субъектінің өзі әзірлеген болса‚ онда мұның өзі оның өнімі‚ тауары деп саналады‚ оны өткізу сәтінде және тек оны сатып алған тарапта ғана оның бейматериалдық актив деп бағалануы мүмкін. Тауардың арналуы ‚ ал статистика мақсаты үшін – есеп айырысу сипаты заң жүзінде бөлшек сауданың басты белгісі болып табылады.

Тұтынушы ыдысының әр бір бірлігіне «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілінде (қажеттілігіне байланысты басқа тілдерде) мынадай мәліметтер көрсетілген таңбалау түсірілуі тиіс:

- майдың атауы және белгіленуі;

- өндіруші-кәсіпорынның атауы және орналасқан жері;

- өндіруші-кәсіпорынның тауар белгісі (бар болса);

- көлемі, л, немесе салмағы, кг;;

- өндірілген күні;

- сақтау мерзімі және шарттары;

- «ӨРТҚАУІПТІ» жазбасы;

- сақтандыру шаралары (қажеттілігіне байланысты);

- осы ұйым стандартының белгісі;

- майдың тағайындау және қолдануының қысқаша сипаттамасы;

- сызықтық коды (бар болса);

- сақтаудың кепілді мерзімі.

Көлік ыдысын таңбалау өнімді сипаттайтын ақпаратты және «Ылғалдан сақта», «ӨРТҚАУІПТІ», «ҮСТІ», «Осында ашу керек», «Қатарлап үйілу шектелген» айла-шарғылылық белгілерін түсіру арқылы ГОСТ 14192 бойынша.

Жазбалар анық және жеңіл оқылатын жағдайында таңбалау қалаған тәсілімен түсірілуі тиіс. Таңбалау көлемі 1, 4, 5, 20, 50 литр канистралардың алдынғы және артқы жағында орнатылуы тиіс. Металл күбілерге жапсырмалар үстінгі және бүйір жағына түсірілуі тиіс.



өнімді Қазақстан Республикасынан шет жерге шығарған кезде «Қазақстан Республикасында жасалған» немесе «Қазақстанда жасалған»деген жазу орындалуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет