9 Өндірістік экскурсиялар
«Hill Corporation» ЖШС өндірістік экскурсия барысында негізі майлауға пайдаланылатын материалдар өндіретін өндірістік жабдықтар мен озық технологиялар жұмысымен таныстық. Онда мұнай резервуарлар қоймасында орналасқан танктермен, негізгі өндірістік корпуста орнатылған араластыру жабдығымен, дайын өнімді цистерналарға құю қондырғымен, буып-түйілген және буып-түйілген өнімдерді, базалық майларды бөшкелерде және контейнерлерде дайын өнім қоймасында сақтау жолдарымен, онымен қатар резервуарлардағы компоненттердің сапасын бақылайтын Орталық зертхана жұмыстарымен таныстық.
Қоспаларды мөлшерлеу арнайы электронды таразыларда, автоматты араластырғышта (АВВ) орнатылған партиялармен, қоспаларды құю жүйесінің электрондық таразыларында (АВВ) өлшеу жолымен жүргізілетіндігін және базалық майларды мөлшерлеу автоматты араластырғыштың электронды таразылары бойынша (АВВ) және ағынды араластыруға арналған құрылғыда орнатылған есептеуіштермен (SMB) майларды өндірудің белгіленген технологияларындағы мөлшерде жүзеге асырылатындығын білдік.
Қорытынды
«Hill Corporation» ЖШС өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында майлауға пайдаланылатын материалдардың қызметтік тағайындалуы, технологиялық процесі, сапа көрсеткіштері мен оларды бағалау әдістері және де өнімдердің сапасын бақылау жолдары, майлауға пайдаланылатын материалдарды өндіруде қолданылатын негізгі нормативтік құжаттар, Кеден одағының техникалық регламенттері, ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар және т.б туралы мәліметтермен танытым.
Сонымен қатар СОӨЖ бойынша өнім сапасын басқарудың негіздері мәселесін қарастырдым.
Жалпы өндірістік іс тәжірибеде мамандық бойынша, майлауға пайдаланылатын материалдар сапасын бақылайтын Орталық зертхана жұмыстары туралы көптеген мәліменттер алдым.
Достарыңызбен бөлісу: |