Қазақ тiл бiлiмi қаз-қаз баса бастаған 30-жылдарда Қ.Жұбанов жоқарыдағыдай пiкiр айтқан едi. А.Байтұрсыновтың 1912 жылға «Оқу құралында дауыссыз әрiптiң мәнi мен айтылуы» болып келедi. бы,гi,ғы,ды,жы,зы,кi,қы т.б. Қысқасы дауыссыздардың алды, артынан қысай ы,i дыбыстарын қосып айту тiлдiң өзiндiк үйлесiнен, жарасымынан туындаса, әр сөйлеуде буыннан кем элемент болмайтынын аңғартады. Алайда орыс алфавитiне көшу кезiнде тiлiмiздiң өзiндiк ерекшелiгi ескерiлмей, дауыссыз әрiптердiң аты да, орыс тiлiндегiдей немесе оған жуық айтылатын болды. Орыс тiлiндегiдей айтылатындар: қа, ел, ғым, эм, эн, эр, эф, ха, ва, ща соған жуықтар: бе, ве, де, же, зе, пе, це, че- бұларда э,е -мен алмастырылған. Ал қазақтың өзiндiк дауыссыз әрiптерi ғана қа, эң, ха, да деп орыс тiлiндегiдей қылып айтамыз. Егер осы дауыссыздарды с,р,ф,н,д,т,л,ң,б,з,м,г,к,ш,ж,қ,х,ҳ түрде шашып жiберiп әлгi заңды аттарымен атай бастасақ: эс-эр, эф-эн-де, те-эл-эң-бе-зе, эм-ге ка-ша же деген сияқты келемежге кенелер едiк. Әрiптерiмiздiң бұлайша орысша аталуынан сол орыс тiлiне деген «құштарлықты», саясаттың ызғарын сезу қиын емес.
Қазақ тiлiнiң орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пiкiр айтушылардың бiрi-М.Балақаев. Ол өзiнiң «Қазақ тiлi мәдениетiнiң мәселелерi» деп аталған еңбегiнiң алғы сөзiнде былай дейдi: «Бiрақ сөздердiң айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесi ескерiлмей, елеусiз қалып келдi. Сондықтан да бiзде бұл мәселе жөнiнде күнi бүгiнге дейiн ала-құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынаны дұрыс, мынасы терiс дегендi көп есiтпеймiз. Кiм қай сөздi қалай айтады, қалай естидi-бәрiбiр әйтеуiр нобайы келсе болғаны. Бұл кемшiлiктерден арылу үшiн әрбiр сөздiң дұрыс айтылуы нормасын сақтап сөйлеудi тiл мәдениетiнiң басты талаптарының бiрi етiп қою керек». Кiтапта «Орфоэпиялық және орфографиялық норма» деп аталатын тақырып бар. Көлемi шағын болғанмен осы мәселелерге қатысты бiрсыпыра құнды мағлұмат айтылған. Рас, автор алғаш: «Қазақ сөздерiнiң айтылуы мен жазылуы арасында үлкен айырмашылық жоқ» деген де пiкiр айтады. Алайда келесi бетте-ақ: «Cөйтiп қазақ тiлi сөздерiнiң айтылуы мен жазылуы әр уақытта бiрдей бола бермейдi. Сөздердiң айтылуы мен жазылуында бiрлестiк болу мүмкiн емес», - екенiн нақты фактiлермен дәлелдейдi. Соңы ы,i дыбыстарға бiткен етiстiктерге у қосымшасы жалғанғанда, олардың ұ, ү-ге айналып кететiнi де айтылады. Автор орфоэпиялық норманы айқындауға байланысты өз пiкiрiн ұсынады: «Сонда жалпылама долбармен айтқанда, сөздердiң айтылу нормасы былай болуы керек: құлаққа жағымды, көңiлге қонымды айтылғанның бәрi-норма, бәрi дұрыс. Құлаққа жат не тосаң естiлетiн, көңiлге қонбайтын бұлдыр, оғаш түсiнiксiз, дөрекi айтылғанның нормаға жатпайды, дұрыс емес. Тiлдiк нормалар қоғам мүддесiне негiзделгендiктен олар жалпы халыққа бiрдей түсiнiктi, тiлге жатық, айтуға ыңғайлы болуға тиiс». Қысқасы, бұл еңбекте қазақ орфографиясына қатысты алғашқы пiкiрлер айтылған деуге болады.
М.Дүйсенбаевтың «Қазақ әдеби тiлi орфоэпияның негiзгi мәселелерi» аты айтып тұрғандай, осы мәселеге арналған арнайы зерттеу.
Автор дұрыс сөйлеудiң нормасы тiлiмiздегi белгiлi бiр заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескерiп, тiлiмiздегi дыбыстардың әрқайсысының айтылуындағы ерекшелiктерге жеке-жеке тоқтайды. Автор қазақ әдеби тiлiнiң сөйлеу мәдениетiнiң қалыптасуына әсер еткен негiзгi жағдайлар ретiнде мыналарды атап көрсетедi. Халықтың дәстүрлi сөйлеу тiлi белгiлi бiр мәдени орталық, баспа орындары мен мәдени мекемелер, жазба әдеби тiл мен көркем әдебиет. Автордың мына пiкiрiне жүйелi түрде көңiл аудару керек болады: Қазiргi Алматы қаласындағы қазақ интеллигенциясының сөйлеу тiлi дұрыс сөйлеу мәдениетiнiң үлгiсi болады деймiз»
Х.Қожақметованың мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне маман даярлайтын педагогикалық оқу орындарының студенттерi мен оқушыларына арналған «Мәнерлеп оқу» деп аталатын оқу құралында» орфоэпияға да орын берiлген. Тiптi «Орфоэпияның басты ережелерiн» анықтауға да тырысқан. Алайда ол тек ниет түрiнде қалған.
Қазақ тiлi орфоэпиялық нормаларын жүйелi түрде бiршама дұрыс баяндаған, осы саладағы iзденiстерге үлгi-өнеге боларлық еңбек- Р.Сыздықованың «Сөз сазы» cөздi дұрыс айту нормалары, 1983 жылы жарық көрген бұл кiтапшада қазақ тiлiнде тұңғыш «Орфоэпия қағидалары» жүйеге түсiрiлiп, 36 параграфқа топтастырылған. Және мұның өзi құрғақ, жай қағида болып қалмаған; мысалдар берiлген, жаттығуы және бар. Еңбектiң және бiр артықшылығы сөйлеу үстiнде сөздердiң ритмикалық топ құрап айтылатынын және ондай топтардың түрлерiн анықтайды. Бұл еңбек жетiлдiрiп, 1995 жылы қайта жарық көрдi.
Ә.Жүнiсбековтың еңбектерi тiлiмiздегi дыбыстардың акустика-артикуляциялық қасиеттерiн дұрыс танытып қоймай, орфоэпияға қатысты мәселелердi бередi. Сөйтiп алғаш елеусiз қалған тiл мәдениетiмiздiң үлкен бiр көрсеткiшi -орфоэпия саласыда соңғы 20-жылдардың iшiнде елеулi жұмыстар iстелдi. Әрине, бұл мәселе өз шешiмiн жан-жақты деуге болмайды, әсiресе тiлдi тұтынушы көпшiлiктiң игiлiгiне айнала қойған жоқ. Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаған А.Байтұрсынов сингорманизм туралы сындарлы еңбек жазған Х.Досмағанбетов тiлдi бесiктен бойға сiңiргендер.
Сонымен орфоэпия ережелерi тiлдегi сөздер мен бунақтарды әдеби тiл нормасына сай неғұрлым бiрiздi, дұрыс айтуды қамтиды. Мұның өзi айналып келгенде жеке дыбыстардың, дыбыстар тiркесiнiң айтылу ерекшелiктерiмен, дыбыстың үндестiгiмен тiкелей байланысты. Қысқасы орфоэпиялық норманы дұрыс меңгеру үшiн тiлдегi әрбiр дыбыстық акустика-артикуляциялық белгiлердiң қолданылуындағы ерекшелiктердi, яғни фонетика ғылымын жақсы бiлуге болады.
«Қазақ жазуы күнi бүгiнге дейiн 1957 жылы қабылданған емле ережелерiн» пайдаланып келедi. Сөздiк жазылу жағдайының бәрiн графика тұрғысынан түсiндiруге болмайды. Графика бойынша: өлең, құлұн, жасса, жұмышшы, түрде жазуға әбден болады және бұл сөздiң айтылуына дәл келедi. Алайда қәзiргi жазба тiлдiң дыбыстық жағын ғана қамтып қоймайды. Сонымен бiрге морфология, сөз жасам, лексикология және фонетикалық құрамының тарихи дамуымен де тығыз байланысты.
Орфография сөздiң графикалық бейнесiнiң қалай жазылу керектiгiн жалпы ережелерiн жасайды. Қысқасы, графика және дыбысты, әйтеуiр жазуды қарастырса, орфография сөздiң қалай жазылуын яғни графикалық бейнесiн қарастырады.
Әлемдегi жазу жүйелерiнiң көбi бiрнеше ғасырлық даму жолынан өттi. Мысалы, орыс жазуының тарихы екi ғасырдан асады. Осы орыс жазуына негiзделген қазақ жазуы жарты ғасырдан асты. Алайда осындай ұзақ жазудан өтiп, жетiлген деген жазулардың өзi де дыбыс жүйесiмен алфавиттiң арасында толық сәйкестiкке жете қойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |