Науаи мемлекеттiк педагогика институты



бет2/6
Дата17.06.2016
өлшемі3.12 Mb.
#141825
1   2   3   4   5   6

Езу дауыстылардың тағы бiр тγрi –е (э) фонемалары. Е фонемасы ауыздың орта шамамен ашылуынан, яғни тiл мен иектiң шамалы төмен тγсуiнен пайда болады. Бұл фонема өзiнiң жiңiшкелiгi жағынан ә-ге жуық айтылады. Басқаша айтқанда тiлдiң алға қарай созылуы арылы айтылады. Ерiннiң сγйiрленбей, дөңгеленбей тартылуы арқылы айтылғандықтан е фонемасы езу дыбысы деп жγргiзiледi.

Грамматикалық тұлғада е фонемасы, а фонемасына комбинаторлық тγрде ауысып отырады :

а фонемасы : қалалар,

е фонемасы : кемелер,

а фонемасы : ауылға,


е фонемасы : көлге,

а фонемасы : қалада,

е фонемасы : көлде.


Сондай-ақ бұл фонема сөздiң барлық буынында кездесетiп отырады. Е фонемасы тγбiр сөзде де, қосымшаларда да кездесе бередi. Мысалы : кеме, кемеге, кемелер, бұл фонема жұрнақтарда да кездеседi. Мысалы: сөзшең, сγзеген, көрпеше.

Сондай-ақ бұл фонема жалғауларда да ұшырайды, көптiк жалғауында кездеседi. Мысалы : сөздер, етiктер т.б.

Езу дауыстылардың тағы бiр тγрi – ы фонемасы. Бұл фонема тiл мен иектiң жоғары көтерiлу қалпынан жасалады. Ауыз қуысының тарлау ашылып барып жасалуынан бұл фонема құлаққа келте естiледi. Сондықтан да ы фонемасы акустикалық жақтан қысаң дауыстылар тобына кiредi. Бұл фонема қазақ тiлiнде өте жиi кездесiп отыратын дыбыстардан саналады. Бiрнеше дауыссыздан басталған не бiрнеше дауыссызға бiткен интернационалдық сөзде де не ол сөздiң алдынан, не ортасынан, не аяғынан ы фонемасы дәнекер болып, жапсырылып отырады. Мысалы : тротуар – тыротуар, станция – ыстанция.

Ы фонемасы қазақ сөздерiнiң барлық буынында келе бередi. Тγбiр сөзде де, қосымшалы сөзде де өте жиi кездесiп отырады. Ы фонемасы жұрнақтарда да кездеседi. Мысалы : қалалық, балалық. Сондай-ақ жалғауларда да кездеседi. Мысалы : iлiк септiкте - қаланың, табыс септiкте – қаланы, тәуелдiк жалғауда – қалаңыз, қаласы, жiктiк жалғауда – колхозшысыз, барамыз.

Қазақ тiлiнде р, л дыбыстарынан басталатын сөздер өте сирек болғандықтан ауызекi тiлде бұлардың алдынан жуан ы және жiңiшке i селбесiп отырады. Мысалы : рахмет, лайық сөздерi ырахмет, ылайық болып айтылады. Езу дауыстылардың тағы бiр тγрi – i фонемасы.

I – фонемасы ы дыбысының жiңiшке сыңары. Бұл фонема тiлдiң артқа қәрай жγйткуi арқылы жасалады. I – фонемасы сөз iшiнде келуi , тәртiбi жағынан да , интернационалдық сөздерде дәнекер қызметiн атқарады. I фонемасы қазақ сөздерiнiң басында, ортасында, iн, iс, аяғында келе бередi : iнi, тγтiн, бγтiн т.б.

Тγбiр сөздерде алғашқы ерiндiк дауысты дыбыстардың әсерiнен кейiнгi буындағы i фонемасы айтылуда ерiндiк дауысты дыбысқа айналады. Мысалы : өрiк, тγтiн, сөздерi өрγк, тγтγн болып айтылады.

Дифтонгоид дауыстылар

Қазiрi қазақ тiлiнде басқа тγркi тiлдерi сияқты қосынды (дифтонгоид) дауыстылар бар. Осы дифтонгойд дауыстылар мыналар:у және и. Бұл фонемалар қосынды дыбыстардың орнына жұмсалады. Мысалы: бу, буын-бγу, бұуын, ту, γу сияқты сөздерде у дыбысы ұу дыбыстарының орнына қолданылады. Дауыссыз дыбыстан кейiн келiп, дауысты фонемаға айналады. Сондай-ақ и қосынды жуан ый және қосынды жiнiшке iй дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: жиналыс, Иса, тиын сөздерiнде и дифтонгоид дыбысы жуан ый дыбыстарының орнына қолдынылып тұр. Сондай-ақ и фонемасы жiңiшке iй дыбыстарының орнына жұмсалады. Сондықтан бұл у және и дыбыстарын қосынды дыбыс немесе дифтонгоид дауыстылар деп атайды. Бұл дифтонгоид дауыстыларға тек .


Дауыссыздардың артикулияциялық ерекшелiктерi


Сабақтың жоспары.

1.Дауыссыздардың артикулияциялық ерекшелiктерi.

2.Υндi дауыссыздар туралы.

Дауысты дыбыстардың ерекшелiгi сияқты дауыссыз дыбыстардың да негiзгi мынадай қасиеттерi болады:

1.Дауыссыз дыбыстар фонациялық ауаға (iштен шыққан ауаға) кедергiге

ұшырап, тосқауылмен айтылады.

2. Тосқауылдан өту кезiнде дыбыстау мγшелерiне кγш тγседi.

3.Фонациялык ауаның шығу арыны кγштiрек болады.

4. Дауыссыздар ән салуға келмейдi.

5. Дауыссыздар буын кұрай алмайды.


Дауыс шымылдығы жағынан дауысты дыбыстарға таяу дыбыстар - γндi фонемалар. Қазiргi қазақ тiлiнде мынадай 26 дауыссыз дыбыстар бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, (у), h, ф, х, ц, ч, ш, щ, қ, ң. Осы тiзiмдегi в, ф, х, ц, ч,-қазақ тiлiне орыс тiлi әсерi арқылы енген фонемалар. Қазiргi қазақ тiлiндегi дауыссыз фонемалар өзiнiң негiзгi қызметiне қарай бғрнеше топқа бөлiнедi. Олар негiзiнен мыналар :

1. Дауыссыз фонемалар дауыс қатысына қарай 3 топқа бөлiнедi :

1.Υндi фонемалар (сонарлар): м, н, ң, р, л, (у), й.

2.Ұяң фонемалар : б, в, г, ғ, д, ж, з, h.

3.Қатаң фонемалар : п, ф, с, т, ц, ч, ш, щ, к, қ, х .

Сонар дыбыстарды γндi фонемалар деп атайды. Өйткенi γндiлердi айтқанда дауыс басым болады да, салдыр кем болады. Сондықтан γндi дауыссыздар деп атайды. Ал, ұяң және қатаң фонемаларды γнсiздер деп жγргiзедi. Мұнда дауыс қатыспайды. Салдыр басым болады. Мәселен : ұяңдарды айтқанда дауыстан гөрi салдыр басым болады. Ал, қатаң дыбыстарды айтқанда дауыстың қатысы болмайды. Қатаң мен ұяңның дауыс қатысы жағынан айырмасы γш тγрлi жолмен ажыратуға болады.

Υнсiздердiң бiрiн айтып жұтқыншаққа саусақты тигiзгенде, аздап дiрiл пайда болса, ұяң дыбыс болады да, ондай дiрiл сезiлмесе қатаң дыбыс болады. Сондай– ақ екi құлаққа екi саусақты қойып, γнсiз дыбыстардың бiрiн қаттырақ айтқанда жаңғырық естiлсе ұяң дыбыс болады да, ондай жаңғырық естiлмесе қатаң дыбыс болады. Сонымен бiрге ауызға алақанның сыртын тосып, γнсiз дыбыстарды айтқанда ауа лебi қарқынды шықса қатаң болады да, қарқынсыз шықса ұяң болады. Сондықтан қатаң дыбыстарды қарқынды немесе лептi фонема деп атайды да, ұяң дыбыстарды қарқынсыз немесе лепсiз фонема деп жγргiзедi.

2.Дауыссыз фонемалар айтылу жолына қарай 2 топқа бөлiнедi :

1.Шұғыл фонемалар (эксплозив). Оларға мынадай дыбыстар жатады : п, б, т, д, к, г, қ, ч, ц.

2. Ызың фонемалар (фрикатив). Оған мынадай фонемалар жатады : ф, в, с, ғ, ш, щ, х, з, ж, h . Осы дауыссыздардың айтылу жолына қарай бөлiнетiн топтарын γнсiздерге жатқызуға болады. Сондықтан да айтылу жолына қарай γнсiздердiң бiр тобын шγғыл, бiр тобын ызың деп ажыратуға болады. Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мγшелерiнiң өзара бiрiне-бiрi жабысып (имплозия) , содан соң iле-шала кiлт ажырап кетуiнен (эксплозия) фонациялық ауа лық етiп шұғыл γзiлiп шығады. Осындай фонемаларды шұғыл немесе γзiлмелi, сондай-ақ жабысыңқы фонемалар деп атайды. Ал, ызың (фрикатив) фонемаларды айтқанда дыбысталу мγшелерiнiң жуысуынан фонациялық ауа шұғыл шықпайды. Керiсiнше, γзiлiп, ызыңдап шығады. Осыған орай дыбыс пайда болады. Ауаның осылай шығуынан пайда болған фонемаларды ызың, сγзiлмелi немесе жуысыңқы фонемалар дейдi.

Шұғыл фонемаларды айтқанда ауа γзiлiп шыққандықтан бұларды γздiктi деуге де болады. Ал, ызың фонемаларды айтқанда ауа γзiлмей шыққандықтан бұларды γздiксiз фонемалар деп айтуға болады.

Жасалу немесе артикулияциялық орнына қарай дауыссыз фонемаларды 8 топқа бөлуге болады. Олар негiзiнен мыналар:

Ерiн фонемалары (билабиаль). Олар : п, б, м, (у).

Тiс пен ерiн фонемалары (лабиаль-денталь)–ф, в.

Тiс фонемалары (денталь) : т, с, з, д, ц.

Тiл ұшы фонемалары (альвеоляр) : н, л, ч.

Тiл алды фонемалары (палатоль) : р, ш, ж, й, щ.

Тiл ортасы фонемалары (преполаталь) : к, г.

Тiл арты фонемалары (веляр) : қ, ғ, ң. х.

Көмей фонемасы (фарингаль) : h.

Сонымен γнсiздер туралы мынадай қорытынды пiкiр айтуға болады. Аздап дiрiлi, жаңғырығы бар қарқынсыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атайды. Ал, жаңғырығы жоқ, қарқыны кγштi дауыссыздар қатаң дауыссыздар деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет